Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Мәңгілік ел» пәнін қалай түсінеміз

Автор:   •  Октябрь 4, 2021  •  Эссе  •  329 Слов (2 Страниц)  •  862 Просмотры

Страница 1 из 2

                                                             Эссе

                                     «Мәңгілік ел» пәнін қалай түсінеміз

«Мәңгілік ел» пәні әр азаматты өз отанына деген патриоттық сезімін арттырып, еліне, жеріне деген көзқарасын өзгертеді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы немесе азаматшасы ұлттық мәдениеттің рухани құндылықтарын дамытып, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын сақтауға жауапты. Осы жауапкершілікті сезінсе ұлттық сана сезімнің артқанының белгісі. Жас азаматтар «бір ел – бір тағдыр» сөзін санасына сіңіріп өсуі керек. Ол үшін балабақшадан басталатын тәлім - тәрбиенің негізін осынау басты ұлттық мұраттың бағытына қарай батыл бетбұрыс жасатуымыз керек. Сонда ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәуелсіздік таңымен арайлап атқан азаттықтың қадір - қасиетін жете сезініп, өзін Мәңгілік елдің, Мәңгілік патриоты ретінде таныта алады. Әр ұлттың өзіндік құндылықтары бар мысалы: салт-дәстүр, ана тілі, ырым, наным-сенімі. Біз ана – тілімізді яғни қазақ тілінің дамуын және оны барлық салада белсенді пайдалана отырумыз қажет. Біздің ата – бабаларымыз батыр, дана болған. Оны мына Бауыржан Момышұлының сөзінен біле аламыз: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы, үлгісі санаған және  батырлық , ерлік деген ұрпақтан ұрпаққа ата дәстүр болып қалады. Жеті атасын білмеген жетесіз деп бекер айтпаған. Ғибрат алмаған халықтың ұрпағы — тұл, келешегі тұрлаусыз екені айдан анық. Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген алғашқы көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бұның дәлелі «EXPO-2017 көрмесі» Астана қазіргі Нұр-Сұлтан қаласында өткізілді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономиканы дамыту, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну, Мәңгілік Қазақстан жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап тек  алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз қажет. Ендігі міндет-бабалар аманатына адал болып,Ұлы Дала елінде тәуелсіздікті мәңгі ету. Келешекте елімді көркейтуге тер төгемін, адал қызмет етемін. Еліміздің тағдыры тек жас ұрпақтың қолында!

...

Скачать:   txt (4 Kb)   pdf (43.8 Kb)   docx (7.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club