Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ел есінде мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле

Автор:   •  Март 13, 2023  •  Эссе  •  757 Слов (4 Страниц)  •  244 Просмотры

Страница 1 из 4

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі

заманауи педагогтің рөлі

«Ел есінде мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле»

Халық даналығы

«Адам өмірінде екі жағдайда қателеспеуі қажет, соның бірі - мамандық таңдау» деген сөз бар халқымызда. Осыған орай, мен өз ойымды айтар болсам, мамандық таңдауда қателесе қойған жоқпын деп ойлаймын.  

Өйткені менің бала күнгі арманым – тәрбиеші болу. Қазіргі таңда сол арман қанатында тәрбиеші болып еңбек етіп келе жатырмын. Жол таңдауда жалтаңдауға болмайды» дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын таңдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті таңдау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін.

Әрине, ХХI ғасыр – саналы тәрбие мен сапалы білім  ғасыры. Балабақшадағы әрбір бүлдіршінге дұрыс тәрбие мен жан-жақты білім беру беру - заманауи педагогтің бірден-бір міндеті. Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіннің санасы таза, ақ парақ секілді даусыз. Не берсеңіз, соны қабылдайды. Не айтсаңыз, сол әрекетті бұлжытпай орындайды. Балалардың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тіл байлықтарының молаюына тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан зор. Тәрбиеші – балаға бағыт-бағдар, тәлім- тәрбие беретін отбасынан кейінгі - екінші анасы. Тәрбиеші болу айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп, тер төгіп  жүрген жандар ғана түсінеді. Бір мезетте  алдындағы жиырма –жиырма бес балаға қарау, көңіл бөлу, олармен тілдесу тек сырт көзге ғана оңай жұмыс. Топтағы әрбір бала - бір ашылмаған сыр, құпия. Әр баланың мінезі әр түрлі. Бір бала жылдам болса, екінші бала  баяу, ал үшінші  бала болса өзімен-өзі отырғанды жаны сүйетін болып келеді. Бір сөзбен айтқанда, өмірдің мәні адал әрі мағыналы, жемісті әрі нәтижелі еңбекте жатқандығын түбегейлі түйсіне алған әр адам биікке бастар жолдың қадірін салмақтай біледі. Қалаған ісіңе ғашықтық пейілмен қарай білсең, өмірден өз орныңды тапқандығың! Мұндай философиялық қағида бағзыдан қалыптасқан жоғары адагершіліктік ұғымдармен астасып жатыр.

                Абай дана айтқандай «Жас бала анасынан туғанда екі мінезбен туады, біріншісі- «ішсем, жесем, ұйықтасам, ойнасам» болса, ал екіншісі, «білсем, көрсем, қарасам, ұстасам ол немене? Ол кім екен?» деген қызығушылықтан тұрады. Сондықтан мұның бәрін білгісі келген балаға бағыт-бағдар беру, көмек  көрсету, тексеру, нұсқау тәрбиешінің тікелей міндеті болып саналады. Балаларға суық, ызалы, ашуланшақ тәрбиешілерге қарағанда, әзілді түсінетін, жайма-шуақ, шыншыл, өмірге шаттана қарайтын тәрбиешілер ұнайды. Сондықтан да бұл іс екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл – бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, бүлдіршіндерді жан-тәнәмен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін жұмыс. Ұлы педагог Г.Песталоцци: «Егер де сүйе білмесең, тәрбиелеу құқыған жоқ», деген екен.

...

Скачать:   txt (10.1 Kb)   pdf (67.3 Kb)   docx (10.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club