Мен жарқын болашақты жасаушы жас ұрпақпын
Автор: Ayaulym Ayankyzy • Октябрь 29, 2023 • Эссе • 309 Слов (2 Страниц) • 175 Просмотры
Мен жарқын болашақты жасаушы жас ұрпақпын
Меніңше, әр ата-ана , мемлекет жастардан зор үміт күтеді.Қазіргі жас ұрпақ көптеген іс- шараларға өз үлестерін қосып, өз елдерін таныта білуде.Бұрында далада асыр сала ойнап жүрген балалар қазіргі ұлт, ел болашағы.Біз өз еліміздің ертеңін гүлдендіретін болашағымыз.Біз-жастар,отанымызды қалай гүлдендіріп,дамыта аламыз?
Біріншіден, ең алдымен жас ұрпаққа тәрбие беру арқылы біз өз отанымызды жақсарта аламыз.Тек білім беру ғана емес, өз елінің тарихын да үйрете алуымыз қажет.Келешек ұрпақ өз отанының тарихын білмесе өз елін, жерін гүлдендіре алмайды.Сондықтан мен қолымнан келгенше өз тарихымды жетік білуге тырысамын.
Екіншіден,өз еліне,ұлтына әділ,мақсаты бар адам адал қызмет ете алады.Ата- бабаларымыз өз еліне адал қызмет етіп,жанын қиып бізге тәуелсіз елді алып берді.Осындай бейбітте тату,тәуелсіз елде тұрып жатқаныма мақтан етемін.Бүгінгі жастар бұрынғы ата- бабаларымыз сияқты туып өскен жерін қорғай білсе ғой.Нағыз патриот елін ғана қорғап қоймай,өзінің қоршаған ортасындағы адамдарды баули білуі қажет.
Үшіншіден, қазір мен оқушы ретінде арманым мектепті жақсы бітіріп, жаңа ортада жақсы достар табу.Өз арман- мақсатымды жүзеге асыру.Оқуды бітірген соң туған жеріме қайта оралып,өз ауылымды көркейткім келеді.Бірінші ауа ластануына, экологияға басты назар аудару қажет.Ауылдағы зауыттардың қалдықтары ауаға тарап экологияны ластауда,әрі көліктердің түтіндері де ластауда.Оны шешу үшін зауыттар мен көліктерге сүзгілер орнату қажет.Балаларды дамыту үшін үйірмелер ашу тиіс.Біздін ауылда тек бокс,күрес үйірмелері ғана бар.Басқада қызықты үйірмелер ашу арқылы біз баланың қызығушылығын арттырамыз.
...