Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өнеркәсіптік кәсіпорындарының құрылыс құрылымдары мен жабдығын құрастырудың ділдігін бақылаудың инновациялық тәсілдері мен құралдары

Автор:   •  Май 18, 2019  •  Курсовая работа  •  14,392 Слов (58 Страниц)  •  856 Просмотры

Страница 1 из 58

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диссертацияда тиісінше анықтамалармен келесі  терминдер қолданылады.

 Ұзындық өлшегіш (франц. roulette - тура – кішкентай доңғалақ),1) Сызықтық көлемдерді өлшеу үшін штрихтік икемді шәкілмен (таспамен) құрал-сайман. Шәкіл ұзындығы 100 м

Лазерлік ұзындық өлшегіш. Қолды   шағылдырғышсыз  ұзындық өлшегіштер (лазерлік ұзындық өлшегіштер) шағылдырғышты пайдаланусыз қашықтықты бір орындаушымен өлшеу үшін арналған. Қашықтықты өлшеу дәлдігі: аспап моделіне байланысты: ± 1,5 мм бастап ± 3 мм дейін. Қашықтықты өлшеу ұзақтығы 200 м дейін.

Лазерлік  ұзындық өлшегіштер — төңіректе кез келген затқа дейін ұзақтықты анықтау үшін пайдаланылатын заманауи электрондық-оптикалық аспаптар. Өлшемдер ағаттығы бір метрге жуық.

Тіктегіш —ең қарапайым, бірақ өлшемдеу кезінде пайдаланылатын барлық құрал-саймандардың ішіндегі ең қажеттісі, оны жұмыс орнында оңай жасауға болады: бауға байланған тас жеткіліктідей жақсы тіктегіш бола алады.

Нивелир (франц. niveler — түзету, niveau — деңгей) жер бетінің артуын өлшеу – нивелирлеу, сондай-ақ құрастыру және т.б. жұмыстарда, көлденең бағыттарды беру  үшін геодезиялық құрал-сайман.

Тахеометр — қашықтықты, көлденең және тік бұрыштарды өлшеу  үшін геодезиялық құрал-сайман. Төңіректің топографиялық түсірілімі кезінде, координаттарды және төңіректің биіктік нүктелерін анықтау үшін, бөлу жұмыстары кезінде, төңірекке жобалау нүктелерінің биіктіктері мен координаттарын шығарғанда,  қолданылады.  

Теодолит - төңіректе көлденең және тік бұрыштарды өлшеу үшін негізгі геодезиялық құрал-сайман.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ГББ - геодезиялық бақылау базасы;

БАҚ- бақылаудың арнайы құралдары;

ТТ – техникалық тексеру;

ТҚС - техникалық құрылыс сараптамасы;

ГБ - геодезиялық бақылау;

БӨА - бақылау -өлшегіш аппаратурасы;

ША - шаршылық ағаттықтар;

ЭОЖ - электронды-оптикалық жүйелер;

ИГИ - инженерлік-геодезиялық іздестірулер;

ЖГЖ - жергілікті геодезиялық желі;

ГС – геометриялық сипаттамалар;

ОГБ - осьтардің геодезиялық бөлінуі;

ТК – технологиялық бақылау;

СП – мамандандырылған аспаптар;

ТО – технологиялық жабдық

КІРІСПЕ

Магистерлік жұмыстың тақырыбы «Құрылыс-құрастыру жұмыстары кезінде құрылыс құрылымдары мен жабдықтарын дұрыстауының заманауи тәсілдері» құрылыс-құрастыру жұмыстары кезінде құрылыс құрылымдары мен жабдықтарын дұрыстауының қолданыстағы тәсілдері мен әдістерінің талдауы жүргізілгендіктен таңдалып алынған болатын.

Жұмыстың мақсаты – құрылыс құрылымдарын құрастырудың  геодезиялық бақылауының заманауи тәсілдерін, құралдарын  және ұйымдастырушылық құрылымын Шығыс Қазақстан облысында пайдалану үшін анықтау.

        Жұмыс міндеттері:

  1. Құрылыс құрылымдарын құрастырудың  геодезиялық бақылауының қолданыстағы әдістері, тәсілдері мен құралдарын талдау.
  2. Шығыс Қазақстан облысында құрылыс құрылымдарын құрастырудың  геодезиялық бақылауының тиімді тәсілдерін және құралдарын таңдау.
  3. Лазерлік сәулені пайдаланумен геодезиялық бақылаудың жаңа тәсілін пайдалану.
  4. Құрылыс құрылымдарын құрастырудың  геодезиялық бақылауы бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

Әртүрлі объектілердің пайдаланылу ұзақтылығы бірінші кезекте оларды салып тұрғызу сапасына байланысты. Сондықтанда заманауи құрылыс әлемінде  құрылыс-құрастыру жұмыстарының сапасына күннен күнге қарай көп назар аударылуда. Ал сапа болса, өз кезегінде құрастыру жұмыстарының материалдарына, әдістері мен тәсілдеріне, құрылымдар мен бұйымдарды тасымалдауына, құрылысшылардың даярлығына және, әрине, геодезиялық бақылаудың тәсілдері сияқты көптеген факторларға   байланысты болуда. Сондықтанда таңдалып алынған «Құрылыс-құрастыру жұмыстары кезінде құрылыс құрылымдары мен жабдықтарын дұрыстауының заманауи тәсілдері» деген тақырып маңызды болуда.

...

Скачать:   txt (185.1 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.4 Mb)  
Продолжить читать еще 57 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club