Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің мамандығым мұғалім

Автор:   •  Январь 18, 2023  •  Эссе  •  638 Слов (3 Страниц)  •  848 Просмотры

Страница 1 из 3

Эссе

«Менің мамандығым мұғалім»

Ұстаз... Бұл сөз «Ана» сөзі іспеттес, әр адамның жүрегінің бір түкпірінде қоныстанғаны сөзсіз. Адам, мейлі ол жас бала болсын, мейлі ақсақалды ата болсын, бұл сөзді естігенде қолына алғаш қалам ұстатып білім нәрімен сусындатқан ұстазын еске алады. Сол естеліктің жарқын болуы, нұрлы шуағымен өмірінің әр күнін әрлендіріп тұруы ұстазға байланысты. «Ұстаз» деген –ұлы сөз.Ол шәкірт жүрегіне жол табатын,бәсекеге қабілетті жеке тұлға болып қалыптасуына жауап беретін жан. «Ұлылықтың басында ұстаз тұрар»-деп дана халқымыз айтқандай,жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздың болашақ алдындағы міндеті мен борышы өте үлкен. ХХI ғасырда жаңа технологиялар көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан заманда мұғалім мамандығына талап жоғары.Әр адам үкілеп, әлпештеп өсірген ұл мен қызын мектепке жетектеп әкеліп, мұғалімге зор сеніммен тапсырады. Ата-аналардың үкілеген үміттеріне үлкен жауапкершілікпен қарау – менің  борышым.

Ұстаз болу- бұл жүректің қалауы. Мен үшін ұстаз болудың мәні – мені қоршаған адамдармен, оқушылар, әріптестер, ата-аналармен, жүрек жылуымен , жан тазалығымен бөлісу. Мұғалім оқушыларға сапалы білім беру үшін өз пәнін жетік меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар, сол білімді оқушылардың жетік меңгеруіне септігін тигізуі қажет. Қазіргі заманның ұстазы  ізденімпаз, жаңашыл әдістерді тәжірибесіне енгізуге қорықпайтын тәуекелшіл, еңбекқор  болып қана қоймай,  адамгершілігі мол , ұстаздық этикалық және моральдық құндылықтарды ұстануы  қажет деп есептеймін. Сол себептен менің өмірлік ұстанымым Ыбырай Алтынсарин айтқандай «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі»

Мұғалім әр уақытта ізденісте болғанда ғана оқушыларға тыңғылықты білім беретінін білемін. Сол себепті  өзгеден үйрену, білетін ақпаратты өзгемен бөлісу, ақылдасу, білмегеніңді сұрау, ғаламтордан сұрақтарға жауап іздеу әр мұғалімнің үйреншікті дүниесіне айналуы тиіс. Қазіргі жаһандану заманында кез келген ақпаратты ғаламтордан табуға болады, бірақ баланы оқыту шеберлігі тек тәжірибемен ғана келеді деп есептеймін. Өзім ұстаз болсамда өзгелермен құнды ақпараттармен алмасуды ұнатамын, басқа адамның пікірін ести отыра, мәселенің  өзгеше қырынан қарауға ықпал жасау мен үшін өте маңызды. Сабақ беру-үлкен өнер. Өмір бойы жаңалық іздеп, оны табу, ізденіп отыру-әр ұстаздың міндеті деп білемін. Кез келген сабақта, сыныптан тыс уақытта  пікірталас арқылы оқушылардың өздігінен ойлауын, өзгеше пікір қалыптастыруына баса назар аударамын.Егер оқушыны дұрыс арнаға қосып жіберсең, ол жүзуді – өмірге бейімделуді үйренеді. Білу мен өмір сүру әр уақытта бірге жүреді. Өмір-басты ұстаз. Адамның ұстанымдары мен көзқарасы қандай болса, оның өмірі де сондай болады.. Кез келген өмір сабақтарынан дұрыс шешім қабылдаудың маңызы зор, себебі бұл шешімдер табыс формуласы болып табылады. Ежелгі ойшылдарымыз «Табысты ұстазда- табысты шәкірттер» деуші еді. Табысты қоғам табысты адамдардан құралады. Менің де шәкірттерім осындай қоғамда өз орнын тауып, мемлекетімізді көркейтуде өз үлесін қосады деп есептеймін. Өмір кішкентай жеңістерден тұрады. Менің жеңісім- оқушыларымның адамгершілігі мол, табысты азамат болуы. Оқушының жеңісі – алған білімдерін өмірлік азығының негізі ете білуі. Сол білімнің құндылығы мұғалім шеберлігіне тікелей байланысты. Бұл- менің үлкен  жетістігім.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (58 Kb)   docx (9.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club