Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

«Жаратылыстану» білім беру саласы бойынша білім мазмұнымен танысу,бағдарлама құрылысымен танысу

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Реферат  •  711 Слов (3 Страниц)  •  757 Просмотры

Страница 1 из 3

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

                                         «ТЕЗИС»

Тақырыбы:

«Жаратылыстану»білім беру саласы бойынша білім мазмұнымен танысу,бағдарлама құрылысымен танысу.

Орындаған:Құрманғали Диана Маратқызы

Қабылдаған:Базарбекова Рабиға Жолшықызы

Жаңартылған білім берудің маңызы – оқушы тұлғасына үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау.

[pic 2]

«Жаратылыстану» оқу пәні «Адам – Табиғат» жүйесі шеңберінде қарапайым ғылыми білім деңгейін қамтамасыз етеді. Ол «Биология», «Физика» және «Химия» дербес пәндерін білім берудің келесі деңгейлерінде оқытудағы кіріспе курс болып табылады, сондай-ақ білімнің кез келген саласы үшін маңызды болып табылатын зерттеу дағдыларының негізін қалайды. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды. 

«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 33сағатты,

2-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 34 сағатты,

3-4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.

[pic 3][pic 4][pic 5][pic 6]

 

               «Жаратылыстану» пәнінің маңыздылығы

Жаратылыстану бағытында білім беру кіші мектеп жасындағыларда табиғи білімқұмарлықтың дамуына, ой-өрістің кеңеюіне, қоршаған әлемді қорғау және бағалай білу біліктіліктерінің дамуына көмектеседі.

 «Жаратылыстану» пәнін оқу және меңгеру келесілерді түсінуге мүмкіндік береді:

  • қоршаған әлемнің күрделілігі мен көп қырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен үрдістердің өзара байланысын;
  • өлі және тірі табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үрдістердің себептерін;
  • жаратылыстану бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын.

Бастауыш мектептерде «Жаратылыстану» пәнінен оқу бағдарламасы зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:

  • гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау;
  • мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс алу, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмсысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;т.б

 «Жаратылыстану» пәні мазмұны

Пән мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері әрі қарай жинақталған білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әр бөлімше ішінде дәйектілікпен ұйымдастырылған оқу мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушылар жетістігін бағалауға, сондай-ақ, оларды оқудың келесі кезеңдері жөнінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.

 «Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:

Сынып

Апталық жүктеме

Жылдық сағат саны

1

1

33

2

1

34

3

2

68

4

2

68

«Жаратылыстану» пәні оқу бағдарламасында:

  • ғаламтор ресурстарымен жұмыс істеуді үйрену (мысалы, оқушылар веб-сайтқа кіріп, мәліметтер оқиды, керекті мәліметті таңдайды, көшіреді және оны сақтайды);
  • мәтінмен, кестелермен, слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым офистік бағдарламаларды (Word, PowerPoint) қолдану;  
  • ақпараттарды өңдеу, оны қағаз бетінде және электронды тасымалдаушыларда сақтау үшін техника түрлерін) қолдану қамтылған.  

«Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  •  белгілі бір бағытта алдын ала құрастырылған сұрақтарды қолданып мамандармен сұхбат жүргізу, мысалы, тіс гигиенасы туралы стоматолог дәрігермен әңгіме және оның жауабын ауызша әңгімелеу;
  •  экскурсия бойынша әңгімелесу (мысалы, саябаққа барып келгеннен кейін оқушылардың бақылаулары туралы пiкiр алмасу);
  •  тапсырмаларды бөлу және өзара оқу (мысалы, өсiмдiкке маусымдық өзгерiстердiң ықпалы туралы тақырыпты зерттеу барысында, топтар арасында өсiмдiкке әрбiр жыл мезгілінің ықпалдарын сипаттау тапсырмасын бөлiп беру);

«Жаратылыстану» пәнін оқытудағы педагогикалық тәсілдер:

  • сенімді қатынас пен әріптестік үшін жағдай жасау;
  • ғылыми проблемалардың шешімін табу үшін басқалармен бірге және өздігінен іздеу әдістерін қолдану және жоспарлау;
  • оқушылардың жеке мүмкіндіктерін есепке алып, дифференциалық тапсырмалар құру;
  • ғылыми сұрақтарды зерттеу үшін жеке және топтық жұмыс ұйымдастыру;
  • топ жетістікке жетуі үшін әр оқушы түрлі рөлде жұмыс атқаруына мүмкіндік беретін топтық жұмысқа жағдай туғызу;

«Жаратылыстану» пәніндегі оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  •  жазбаша ақпарат көздерімен жұмыс: анықтамалар, энциклопедиялар, көрнекі және терминологиялық сөздіктер, ғылыми-танымдық журналдар, мерзімді әдебиеттер.  Ғаламтор ресурстарымен  жұмыс, мысалы, зерттелініп отырған тақырыпты қайта қарастыруда – ғылыми көзқарасты кеңейту, белгілі тақырып бойынша презентация әзірлеу және таныстыру.

«Жаратылыстану» пәнін оқыту үдерісінде  оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (1.4 Mb)   docx (1.3 Mb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club