Есімшені оқыту методикасы
Автор: aizhan988 • Октябрь 24, 2018 • Курсовая работа • 5,945 Слов (24 Страниц) • 1,282 Просмотры
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мектепте қазақ тілін оқыту оқушылар қауымына қазақ тілінің мазмұны мен жүйесін, оның өзіндік грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілі мен байлығын, сауатты және әдемі жазу шеберлігіне төселдіру, мәдениетті сөйлеуді қалыптастыру, дұрыс оқу, оқығанын түсініп айтып беруге жаттықтыру. Оқушылардың өздерін іздендіріп, көркем шығармаларды өздігінен оқып үйренуге дағдыландырылады. Ал етістіктің мағыналық топтарын оқыту мәселесі де күрделі.
Қазақ тілін оқыту тек тілді ғана меңгеруге шектелмейді, сонымен қоса оқушылардың тілден алған білімдерін, басқа ғылым салаларын меңгеруге құрал ету болып есептеледі. Демек оқушылар өмірдегі қоғам шындығын тіл арқылы біледі, үйренеді. Олай болса оқушылардың техника мен ғылымды меңгеруі, соған жұмсалған талабы мен ынтасы және өзінің өмірін түсіну мен сүюі, ең алдымен тілді жақсы білуіне байланысты. Аталған тақырып бойынша алған қойған мақсат – есімшені оқыту жөнінде мұғалімнің оқытудың дидактикалық принциптерін басшылыққа ала отырып, тиімді әдістер арқылы оқушыға саналы білім беріп, берік дағды қалыптастыру.
Зерттеудің мақсаты – есімшені оқытудың тиімді жолдарын, оқыту барысындағы пысықтау жаттығулары мен тапсырмаларды жүйелі жүргізу жолдарын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- есімше туралы түсінік беру;
- есімшені оқытудың әдістемесіне тоқталу;
- есімшені оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар мен тапсырмалардың тиімді жолдарын саралап көрсету;
- есімшені оқытуда жүргізілетін жұмыстарға сараптама жүргізіп, қорытындылау.
Зерттеу нысаны – есімшені оқыту әдістемесі.
Курстық жұмыстың құрылысы. Курстық жұмыс үш бөлімнен, кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үш тақырыптан тұрады: Есімшенің қалыптасу тарихы, Есімше туралы түсінік, Есімшені оқытудың жолдары. Сонымен қатар пайдаланылған әдебиеттер көрсетіледі.
- Есімшені оқыту жолдары.
1.1.Есімшенің қалыптасу тарихы.
Қазіргі қазақ тілінде есімшелердің -ған (-ген,-қан, -кен), -ар (-ер, -р, -е), -атын (-етін, -итын, -йтын), -ушы (-уші), -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) жұрнақтарының бар екендігі белгілі [1,300 б.]. Бұлардың бәрі бірден қалыптаса қалған жоқ. Қазіргі қазақ тілінде қолданып жүрген туынды түбір етістіктерді жинақтап, оларды жасайтын жұрнақтарды саралай келіп, барлық фонетикалық варианттарымен қоса есептегенде 200-ге жуық аффикстердің қатысы бар екендігі байқалады [1,41 б.].
Есімше тұлғаларының Орхон Енисей жазбаларында кездесетіндігін көп зерттеушілер байқаған. Айталық, есімшенің өткен шақ тұлғалары -мыш, -міш, -дұқ, -дүк ескерткіште баяндауыштық қызметте жұмсалады. Қазақ тіл білімін алғаш зерттеушілердің бірі. П.Я.Мелиоранский түркі тілдерінде -ған тұлғасы мен -мыш тұлғасы қатар жұмсалып келе жатқан тұлғалар екендігін анықтаған. Қазақ тілінің грамматикасын бірінші рет тәртіптеген белгілі тюрколог (бірінші бөлімі (фонетика және этимология) 1894 жылы, екінші бөлімі (синтаксис, 1897 жылы) Санк-Петербургта басылып шықты) есімшелерді шақтық мағынасы бойынша екіге бөлініп тәртіптейді: 1) Өткен шақтық есімшелер: оларға «-ған, -ген» аффикстері арқылы жасалатын формалар жатқызылған (оқыған); 2) Келер шақтық есімшелер: оларға «-ар, -ер, -р» аффикстері арқылы жасалатын формалар жатқызылған. Есімшелердің осы шағы туралы ол кісі жазбайды. Мұнымен қатар, мағынасына қарай бөліп, міндет мәнді есімше (долженствовательное причастие) терминімен келер шақтық есімшенің екінші түрін келтіреді. Бұған жатқызылғандар «-тұғын, -тын» түрлері (алатұғын, алатын) [1,54 б.]. Автор ұнда қазақ тілі есімшелерінің шағы бойынша бөлінуін дұрыс көрсеткенмен, семантикалық мағынасы бойынша бөлінуінде кемшілік жіберген. Түрік тілдерінің тұңғыш грамматикасының бірі — «Общая грамматика турецко-татарского языка» деген еңбегінде профессор Қазем-Бек есімшелік формалардың бәрін райлардың негізі деп көрсеткен. Бірақ кесте бойынша былай болғанмен, анатолы түрік тілінде автордың нақты амалдық формалар деп қарайтыны «-мыш» (бақмыш) «-ар, ер» (бақар) формалы есімшелер. Демек, есімшелерді септелмейтін, септелетін деп екі түрге бөледі де, етістіктердің райларын жасау жөнінде септелетін есімшені септелмейтін есімшеден бөліп қарайды. Мысалы, септелмейтін есімшелердің рай жасаудағы қызметін айта келіп, септелетін есімшелер туралы: «Мұны септелетін есімшелер туралы айтуға болмайды. Олардың қолданылуы сын есімдердің қолданылуы қандай болса, сондай», — деген пікір айтады [1,12 б.]. Көне қолданыстағы -мыш, -дук тұлғалары қазіргі қазақ тіліндегі -ған, -ген формаларына жұмсалым жағынан жақын. Мысалы, Ұзә көк тәңірі, асра яғыз иер қылындунда екін ара кіши ұғлы қылынмыш – жоғарыда көк тәңірі, төменде қара жер жаратылғанда, екі арасында адам баласы жаратылған. Біздің ойымызша -мыш тұлғасы -ған тұлғасына қарағанда көнелеу болып табылады. Орта ғасыр жазбаларында екі тұлға жарыса қолданылады: Тіле йоқ дұр – дигеним, Жалған сөзни білмәди Көзи йоқ дигәним, Намахра мыш көрмәди (Бақырғани) Мұндай қатар қолданыстар Бақырғани шығармаларымен қатар Навои және Яссауи шығармаларында да көптеп кездеседі. Есімшенің -ған (-ген, -қан, -кен) жұрнақтары түрінде түбірге жалғанатын -қан, -кен және -ан, -ен жұрнақтарымен омонимдес келеді. А.Хасенованың айтуынша, бұл жұрнақ құранды: -қа,-ке аффикстеріне өздік етіс мағынасын беретін -л, -н аффикстерімен бірігіп жасалған. Мысалы, буырқан (буырқанып, буырқанған), жиіреніп (жиркеніп, жиіркенген), сескен (сескеніп, сескенген) және т.б. [1,77 б.]. Бірдей тұлғада келген есімше жұрнақтары мен сөз тудырушы жұрнақтардың омоним екендігін және бір-бірінен айырмашылығын Ы.Маманов бөлген етістіктің синтагмалық құрамына қарап анықтауға болады:
...