Бейімбет Майлин өлеңдері. «Мырқымбай», «Ыбыраймыз», «Сексен сом», «Күлпаш», «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры»
Автор: asel02_01 • Октябрь 14, 2021 • Лекция • 2,292 Слов (10 Страниц) • 1,286 Просмотры
БЕКІТЕМІН
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары
Қуанышбайқызы Л. ____
«19» ақпан 2015ж
Сабақ технологиялық картасы
Пән: Қазақ әдебиеті
Мерзімі: 19.02.2015 Топ: 103
Сабақтың №
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлин өлеңдері. «Мырқымбай», «Ыбыраймыз», «Сексен сом», «Күлпаш», «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Бейімбет Майлиннің өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. Әңгімелерінің мазмұнын жеңіл түрде түсіндіру.
2. Дамытушылық: оқушының ой-өрісін, тілін дамыту, мәтінді саналы түсініп дұрыс оқуға машықтандыру.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу. Ерлікке, батырлыққа, ел тарихын білу және қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, пікір алысу
Сабақтың қамтамасыздандырылуы:
а) оқу-көрнекілік құралдар: автор портреті, слайд, оқулық, бейнежазба, қосымша материалдар, түсіндірме сөздік
б) ТОҚ: интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Өз бетінше жұмыс: мәтінмен жұмыс
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезең і(5минут):
1) Оқушылармен амандасып, түгендеу;
2) Сынып тазалығына назар аудару;
3) Оқу құрал-жабдықтарын тексеру;
4) Оқушы зейінін сабаққа аудару;
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру (15минут):
- Сәкен Сейфуллиннің өмірдерегі;
- Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы;
- «Көкшетау» поэмасының идеялық мазмұны.
Үй тапсырмасын қорытындылау: Үй тапсырмасын тест арқылы пысықтау:
- Сәкен Сейфуллин қай жерде дүниеге келген?
А) Талдықорған облысы, Ақсу ауданы
Б) Ақмола облысы, Нілді болысы
В) Шығыс Қазақстан облысы, Дегелең ауылы
Г) Павлодар облысы, Ертіс ауданы
- Сәкен Сейфуллиннің өмір сүрген жылдары?
А) 1894-1937
Б) 1899-1942
В) 1895-1939
Г) 1894-1938
- Сәкен Сейфуллиннің алғашқы өлеңдер жинағы?
А) “Асығып тез аттандық”
Б) “Қызыл сұңқарлар”
В) “Өткен күндер”
Г) “Қызыл ат”
- Сәкен Сейфуллиннің повесін ата?
А) “Қызыл сұңқарлар”
Б) “Батырлар”
В) “Жер қазғандар”
Г) “Ашаршылық”, “Мұқтаждық”
- “Көкшетау” поэмасы қай жылы жазылды?
А) 1928
Б) 1914
В) 1925
Г) 1938
- Сәкен Сейфуллиннің махаббат туралы романтикалық поэмасы?
А)”Қызыл ат”
Б) “Аққу күйі”
В) “Көкшетау”
Г) “Аққудың айырылуы”
- Сәкен Сейфуллиннің шын есімін табыңыз?
А) Сәкентай
Б) Сағындық
В) Сәдуақас
Г) Сәрсенбек
- Көкшетау жайлы поэма жазған ақын?
А) Сәкен Сейфуллин
Б) Жүсіпбек Аймауытов
В) Бейімбет Майлин
Г) Қасым Аманжолов
- Сәкен Сейфуллин қай жылы тұтқындалды?
А) 1937
Б)1938
В)1837
Г) 1930
- Сәкен Сейфуллин қай жылы ақталды?
А) 1991
Б) 1963
В) 1956
Г) 1958
Жаңа тақырыптың мазмұны мен жүйесі
Жаңа сабақты түсіндіру (25 минут):
- Бейімбет Майлин кім? Ол туралы не білеміз?
- Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнежазба көрсету.
- Әңгімелеріне қысқаша тоқталу
- Б. Майлиннің «Күлпаш» тарихи әңгімесімен таныстыру.
Жаңа дерек
Бейімбет Майлин қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан, кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жыл, 1913 жылы Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, Қостанайдағы орысша - қазақша мектепте, Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Б. Майлиннің ақындық қызметі 1912 жылы жазылған «Мұсылмандық белгісінен» басталады. «Ғалия» медресесінде оқып жүрген кезінде Уфада шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналға белсене араласып, өзінің алғашқы «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялаған. Әдебиет жолына түсуіне әжесі Бойдас ықпал еткен. Өлеңдері «Айқап» журналында, басқа да басылымдарда жарияланған. 1916 - 1921 жылдары ауылда ұстаздық еткен. Одан кейін Орынборда шығып тұрған «Еңбекші қазақ» газетінде, Қостанайда шығып тұрған «Ауыл» газетінде жұмыс істеген, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болған. Көркем әңгімелер, поэмалар, романдар жазған. 1937 жылы халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938 жылғы 25 - ақпанда атылған.
...