«Бақыт» деген не?
Автор: Rai01 • Сентябрь 23, 2018 • Эссе • 416 Слов (2 Страниц) • 49,122 Просмотры
«Бақыт»» деген не?
«Бақыт» деген сөздің астарын түсіндіру қиын. Әлемде қанша адам болса, ойлары да әр түрлі болады. Барлық адам бақытты бола алады. Алайда, бақыт сөзінің мағынасын, бақыт дегеннің не екенін шынайы түсіну керек.
Бақыт - бұл сіздің барлық армандарыңыз бен ұмтылысытарыңыздың, үміттеріңіздің, мақсаттарыңыздың орындалған кезі. Қазақ мұнайының атасы атанған Сафи Өтебайұлының өмір жолына зер салар болсақ, оның бойынан асқақ арманды да, айқын мақсатты да, табанды қажыр-қайратты да көре аламыз. Қаншама ұмтылыстың, маңдай тердің арқасында өз мақсатына, арманына жетті. Нағыз бақыт өзіңнің ісіңе көңілің толып, армандарыңның орындалуы емес пе?!
Бақыт бізге кез-келген уақытта, кез-келген жерде келуі мүмкін. Бәлкім сіз оны байқамай да қалатын шығарсыз. Ол материалдық құндылықтарда, өз үйінің қолайлығында, жақын адамның өзара қарым-қатынасынан көрінуі мүмкін. Шынайы бақытты адам қара су мен қара нан жегеніне де шүкіршілік етіп, қанағат тұтады.
Аристотель: «бақыт сыры адамның өзін-өзі толықтай танып- біліп, тағдырын мойындай алған адам. Шындығында, біз өзіміздің сүйікті ісімізбен айналысқан кезде, бақытты бола аламыз»- деп пайымдаған еді. Иә, кез-келген адам өзіне ұнайтын іспен айналысқанда бақытты сезінеді. Бақыт деген сонда осы ма?
Бақыт-біреулер үшін мансап, байлық, лауазым. Ал мен үшін олай емес. Бақыт дегенің-ең алдымен осы жарық дүниеге , өмірге, адам болып келгенім. Бақыт-отбасының амандығы, отбасылық жылулық. Адал еңбегіңмен өрге өрлеп, жеңіске жету де-үлкен бақыт. Бақыт-қуанышты көңіл күй, рухани жан азығы.
Бақытты біреу үйден, енді біреуі қырдан іздейді. Оны алыстан іздеудің қажеті жоқ. Бақыт-әр адамның өз қолында. Тек адам сол бақытқа жетуге ұмтылып, алға басып, соған қарай жүру керек. М.Мақатаевтың: «Оны алыстан іздеме, Жүректен тап бақытты»- деген сөздері осының айғағы.
...