Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бауыржан Момышұлы

Автор:   •  Март 5, 2023  •  Реферат  •  993 Слов (4 Страниц)  •  319 Просмотры

Страница 1 из 4

    Бауыржан Момышұлы – 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында дүниеге келген. Ұлы тұлға Дулат тайпасының Шымыр руынан.

    1921 жылы бастауыш мектебіне оқуға түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқыған. Бұл мектеп сол жылдағы алғаш ашылған жеті жылдық мектеп болатын. 1928 жылы мектепті үзікке тәмәмдап, Орымбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институтқа енді түскен жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін байқаған мектеп дректоры балаға ақшалай көмегін беріп, ауылына қайтарады.

    Бауыржан жеті жылдық мектепті аяқтағаннан соң, ауыл мектебінде мұғалім болып қызымет атқарады. Мұғалімдік қызыметте жүргенінде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырту алады. Әскери міндетін өтеуге аттанған жас Бауыржан бір жарым жыл өзіндік міндетін өтеп, «Запастағы командир» атағын алады. Міндетін өтеп ауылына қайтқан Бауыржан, біраз уақыт бойы ауылда қаржы мекемесінде жұмыс атқарады. Содан уақыт өте қайтадан Бауыржанға «Қызыл Армия» қатарына шақырту келіп түседі. Шақыртуды қабыл алып, әскери бағытқа аттанған Бауыржан түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болған.

    1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан генерал-майор басшылығымен жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясы құрамына еніп, майданға аттанады. 1941 жылы күзгі, қысқы кескілескен шайқастардың уақытында өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шығады. Оған қосы 56 рет қоршауды бұзып, негізігі жауынгерлік құрамына аман-есен оралып, қайта қосылады. Баукеңнің қолбасшы, терең ойлай білетін әскери маман ретінде соғыс уақытында, полк және дивизия басқарған жылдары айрықша көзге түсе бастайды. Осы тапқырлығының арқасында, Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірбиесінде алғаш қолданушы, оған қоса дамытушылардың бірі болды.

    Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен көзге түседі. Ол шеберліктерінің бірі, бірнеше рет жау қолында қалған жауынгерлерін өзіндік тактикасымен аман-есен алып шыққан.

    Бауыржан Момышұлының өміріндегі ең ерекше кезеңдердің бірі Мәскеу түбегіндегі шайқас еді. 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға-лейтенант атағын иеленген Бауыржан Момышұлы сарбаздарымен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қырына мылтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы санағанда 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген кісі.

    Соғыс аяқталғаннан кейін 1952 жылы Кеңес Академиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітіріп, 1956 жылға дейін Бауыржан батыр әскери академияларда сабақ беріп, ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызыметін атқарған.

    Бауыржан Момышұлының бейнесі – нағыз батырдың бейнесі! Батырдың қай суретіне қарасаң да, оттай өткір, баданадай үлкен жанарын байқамай өтіп кету мүмкін емес. Көз қөргендердін айтуынша Бауыржан соғыс уақытында немесе ашуланңан уақытта көздері найзағай отындай жарқылдаған деседі. Бұны Бауыржан Момышұлынығ өзіндік бір ерекшелігі деп те есептеуге болады.

    Бет-әлпеті сұсты, маңдай кең, шашы тікірейген, қайратты, суреттерде қос иығын қомдап, ұшуға дайын  отырған қыран бүркітті көз алдыңа елестетеді. Қатулы сәтінде Баукенге қарсы сөз айтпақ түгілі, көзіне тіке қарау  мүкін емес болған деседі. 

    Бауыржаннің өмірінде жазушылық жол соғыстың соңғы жылдарында бастау алады. Яғни, Баукеңнің шығармашылығы негізінде соғыс, майдан, ерлік жай болған. Соғыста жүріп шығармашылықпен айналысқан Бауыржан Момышұлының бойындағы ерекшелігіне сөз жоқ десекте болады. Жазушылыққа бастау алған Бауыржанның шығармасына ел аса көңіл бөледі. Әсіресе, батырдың нақыл сөздері халық назарын өзіне бұрдырады.

...

Скачать:   txt (12.8 Kb)   pdf (51.9 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club