Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақын-жыраулар поэзиясындағы «ар» концепті

Автор:   •  Апрель 12, 2022  •  Реферат  •  1,266 Слов (6 Страниц)  •  576 Просмотры

Страница 1 из 6

[pic 1]Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

[pic 2]

Факультеті: «Филология және әлем тілдері»

Кафедрасы: «Қазақ тіл білімі»

5-СОӨЖ

Тақырыбы: «Ақын-жыраулар поэзиясындағы «ар» концепті»

Орындаған: Темірхан Аяжан

Тобы: ҚФ-204

Тексерген: Дарибаев С.Д.

Алматы

І. Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қaзaқ хaлқының еpтеден қaлыптacқaн мopaлi «Мaлым – жaнымның caдaғacы, Жaным – apымның caдaғacы» деп ap, ұят, намыс қacиеттеpiн жaннaн apтық бaғaлaп, «Өлiмнен ұяттың күштi екендiгiн» қoғaмдa, тәpбиеде бacты қaғидa етiп ұcтaнғaн. «Ар-ұят» концептісі ақындар өмірімен өзектес күрделі концепт екендігін тікелей олардың өмірімен сабақтастыра қарастыру барысында көптеген танымдық ақпараттар алуға болады.

Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттері. ХІХ ғасырдағы ақын-жыраулар шығapмaлapындағы ар концептісінің мәнін ашу. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • Махамбет жырларындағы ар-намыс мәселесіне көңіл бөлу
  • Зар заман ақындарының өлеңдеріндегі ар-ұят ұғымының дінге қатысын анықтау
  • Абай шығармаларындағы ар-ұят концептісінің қолданысын анықтау

Зерттеу жұмысының дереккөздері.  Негізгі дереккөзі ретінде «Қазақ әдебиетінің тарихы» (10 томдық) 4,5-томы, Х.Сүйіншәлиевтің «Қазақ әдебиетінің тарихы», М.Бекбосыновтың «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» еңбектері басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері.

Өзіндік тұжырым жасай отырып, мынадай әдістер қолданылды: теориялық әдіс, ой-қорыту, талдау, cалыстыру.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі.

Зерттеу жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде әдебиеттану, филология, қазақ әдеби тілі, қазақ әдебиетін оқыту мәселелеріне орай жазылған ғылыми еңбектер қарастырылды.

        

ІІ. Негізгі бөлім

Зар-заман ақындары. Шортанбай ақынның  түсінігінде Алла мен иманның арасы алшақ емес. Иманы бар адам Алласына жуық. Иман деген ұғымның бұл біржағы, яғни дінге сабақтас түсінігі. Көпшілік ұғымын танытарлық иманның екінші ұғымы бар. Ол: ар, ұят, ождан – деген ұғымдарды беретін иманның нағыз халықтық ұғымы, оның кең мағынасы. Осы ұғымнан аттап өткен иманы жоқ, ұятсыз,арсыздар, құдайға да күнәкерлер деп сынайды:

Өңкей арам залымдар

Зәремізді алады.

Арам берсең жымиып,

Қалтасына салады [3. 120].

Осындай ар-намыстан ада, нағыз имансыздар, жерді тоздырып, елді аздырып, ақырзаман туғызып жатқан сол сымпыстар деп қазақтың өз арасынан шыққан азулылардың жаңа тобын әшкерелейді.

Дулат Бабатайұлының да біраз насихат өлеңдері бар. «Алладан сұрап иманды», «Пайғамбардың ұлын айтар он бір деп», «Әуелі Алла айталық», «Иманды бұл дүниеде ер сұрайды», «Ей, мұсылман, қарындас», т.б. өлеңдерінде адамгершілік-имандылық насихат уағызы тіл бейнелеулерімен өрнектелген. «Алладан сұрап иманды» өлеңінде халықтың ортасындағы тұрмыстық-әлеуметтік қарым-қатынастардың аса қадірлісі де, құрметтісі де, ар-ұждан тазалығын биік ұстау керектігі насихатталған. 

Яссауиден басталып, Дулатпен жалғасқан «иман нұры» ілімі Абайда кемелдікпен толығады. Ол отыз алтыншы сөзінде: «Ұят кімде болса – иман сонда», – десе, отыз сегізінші сөзде: «Кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы жоқ», – деп түйіндейді. Ұят пен ар, ынсап пен таупиқ – Абай мен Дулат поэзиясындағы имандылыққа бастар баспалдақтар. Абай имандылықты Алланы сүю, адамзатты сүю, Хақ жолын сүюмен қабыстырып, «иман нұрын» үш сүюден құралған «имани гүлге» ұластырады.

Дулат өлеңдерінің негізгі нысаналы мақсаты –«ар сатып («ар сату» тіркесі Абайға да ауысқан), қымыз ішкенше», яғни тентектік жолына түскенше, қазақтың «адам деген атақты» ақтайтын талапқа ұмтылуын тілеу [1]. 

...

Скачать:   txt (17.8 Kb)   pdf (145.6 Kb)   docx (30 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club