Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашғария)

Автор:   •  Март 17, 2022  •  Реферат  •  3,000 Слов (12 Страниц)  •  326 Просмотры

Страница 1 из 12

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

    № 1  С Е М Е С Т Р Л І К  Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашғария).

Мамандығы: Автоматтандыру және басқару

Орындаған: Туркбенбаев Тұрлан              Топ: АУк 20-3

Тексерген: Доцент Раджапов Анарбай 

                                                       «         »                                  2020_ж.

      (бағасы)                        (қолы)[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4]

Алматы, 2020

Жоспар:

  1. Кіріспе;

  1. Негізгі бөлім;
  1. Қазақтардың Қытайға жаппай қоныс аударуы
  1. Қазақтарлың Ауғанстанға жаппай қоныс аударуы
  1. Қорытынды.
  1. Кіріспе

Қазақтардың Қазақстаннан тыс жерлерге лажсыздан қоныс аударуы ХІХ-XX ғасырлар шебінде жиі орын алды. Ол кезде қазақ даласын Ресейдің еуропалық бөлігінен көптеген орыс шаруалары қоныс аударды.Солай отарлау саясаты жаппай жүріп жатты. Қазақтардың ең жақсы, құнарлы да шұрайлы жерлерін күшпен тартып алу жалғаса берді. Міне, мұндай жағдайда қазақтардың өздерінің ежелден отырған, дәстүрлі көшіп-қонып жүрген жерлерін лажсыздан тастап, қайдағы бір құнарсыз, сусыз жерлерге қоныс аударудан өзге амалы қалмады.

Көптеген ұлт-азаттық көтерілістері аяусыз басып-жанышталғаннан, патшалық езгіден, жетіспеушіліктен, ашаршылықтан қазақ халқының бір бөлігі басқа іргелес жатқан шет елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Қазақ халқына ауыр күндер тап болды. Көшпелі өмір халқымыздың қанына сіңгенімен бұл көш оларға оңай болған жоқ. Шекарадан асу үлкен бір ахуалға айналып, көтеріліс болып бірнеше мың адам қаза тапты. Солай қазақтар шет елдерге қоныс аударып, қазақ диаспорасы қалыптасты . «Сол себептен жаңа заманда қазақ халқының бір бөлігі өздерінің тарихи отанынан тыс жерлерде тұрып жатты. Олар бір бөлігі ирредента, ал екінші бөлігі диаспора саналды. Ирредента деп өздерінің ежелгі атамекенінде дәстүрлі өмір сүріп отырған біртұтас халықтың бір бөлігін айтады. Алайда өкінішке қарай, қазақтардың бірқатар жерлері шекаралардың өзгеруі, отаршыл басқыншылық сияқты оқиғалардың салдарынан басқа мемлекеттің құрамында болып шықты. Ал диаспоралар халықтың бір елден екінші елге лажсыз қоныс аударып, өзге халықпен бірге тұруы болып табылады».

Сонымен өткен ғасырда қазақтар езгіге шыдамай басқа елдер қоныс аударды. Олардың көбісі Қытай және Ауғанстан жерлеріне қоныс тепті. Бұл көшудің себептері мен салдарына тоқтала кетсек.

  1. Негізгі бөлім
  1. Қазақтардың Қытайға жаппай қоныс аударуы

Қазақтардың Қытайға көшуіне бірнеше жағдайлар түрткі болды. Олардың ішіне байларды тәркілеу, ұжымдастыру шаралары, асыра сілтеушіліктер, бұлардың аса ауыр зардаптары ең ауқымды түрде және соңғы мәрте қазақ халқының өз атамекенінен ауа көшуіне әкеп соқты.

Қалың бұқараның ел асып көшуіне 1927 жылы 27 тамызда қабылданған қаулы өз әсерін тигізді. Оны Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті мен Совет Халық Комиссариатының «Ірі бай шаруашылықтардың және жартылай феодалдардың мал-мүліктерін тәркілеу және жер аудару туралы» қаулысы қабылдады. Бұл қаулыда қазақтарды  мәдени артта қалған ұлт және революцияға дейінгі өзгермеген көшпелі-рулық қатынаста өмір сүреді және бай феодалдар «кедейлерді экономикалық тәуелділікте ұстап, республиканың экономикалық және мәдени дамуына бөгет жасайды» деп айып тағып малдарын тәркіледі. Тәркілеу науқаны қарсаңында көптеген қазақтарға артық мал жазып жіберген болатын. Бұл қазақтардың елден еріксіз кетуіне әсер етті.

...

Скачать:   txt (39.7 Kb)   pdf (145.1 Kb)   docx (862.6 Kb)  
Продолжить читать еще 11 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club