Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашғария)

Автор:   •  Ноябрь 7, 2020  •  Курсовая работа  •  2,083 Слов (9 Страниц)  •  504 Просмотры

Страница 1 из 9

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғам

ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

1 С Е М Е С Т Р Л І К Ж Ұ М Ы С

Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні

Тақырып: Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашғария)

Мамандығы: Автоматизация және басқару

Орындаған:Нурмырат НұрисламТобы: 20-14

Тексерген: аға оқытушы Саргизова Г.Б.

_____________ ______________ «_____» ______________2020__ж.

(бағасы) (қолы)

Алматы, 2020

Жоспар:

 3 бет Кіріспе, Негізгі бөлім.

4 Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру.

6 Асыра сілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет

7 Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы

8 Қорытынды, Дерек көздер мен пайдаланылған әдебиеттер.

 

Кіріспе.

  1. Тақырыптың өзектілігі: Мұнда жалпы қоныс аударудың Қазақтардың өміріндегі мәні былай айтқанда онсызда көшпенді халықтың амалсыз көшуі жайлы. Бірақ көшу барысының өзі оларға оңайға соққан жоқ көтерілістермен бой көрсетулер болды.

Кеңес өкіметінің Ұжымдастыру саясатының арты геноцидке ұласуы 

  1. Тақырыптың зерттелу деңгейі: Голощекиннің бастамасынан Қазақтарды өз атамекендерінен ауа көшуіне дейін қамтыдым.«Ауылды кеңестендіру» ұранымен басталған «жаңа революция» жүргізуінің салдары
  2. Мақсаты: Қазақ ұлтының басынан өткен бұл нәубетті ұмытпау осы уақыттардағы зиялылардың жағдайын, елі үшін халқы үшін жасаған еңбектерін ұмытпай есімізде сақтауға. Жер ауып көшіп кеткен қандастарымызға деген құрметті арттыру, олардың өз атамекендеріне келуіне ешкімде қарсы бола алмайды «Оралман» емес «Қандас» екенін мойындау.

Негізгі бөлім:

  1. Қазақ халқы көшпелі халық. Қыста қыстауға, Жазда жайлауға дегендей нәрселермен табиғаттың қақаған аязынанда, қайнаған ыстығынанда малға ыңғайлы деген жерлерді мекендеп өмір сүргені барлығына мәлім. Ата – бабаларымыз ел үшін жер үшін талай айқастарға, жауының санынада күшіне қарамай бір Алла деп талай сынақтардан өтті. Талай жерімізге көз тіккен айуандарды сабасына түсіріп қырып жойды. Алайда ақыры Ресейге бодан болдық!
  2.  Кеңес өкіметінің алдамшы саясатына сеніп селденгеніміздің кесірі әліде елімізге ауыртпалық салып жатыр деп ойлаймын. Кеңес өкіметі орнардың алдымен орнаған кейін елеулі өзгерістер болмағанымен сол кездегі халқымыздың жағдайы біраз жақсарып қалған болатын. «Коммунистік сенбіліктер мен социалистік жарыстар» елдің еңбекқорлыққа деген ынтасын арттырып Кеңес өкіметініңде экомикасы біраз жақсарып қалды. Менің ойымша сол кездегі қара халықта өз өмірлеріне риза болып жүрді деп ойлаймын. Өйткені бірщама уақыттан кейін Ф.И.Голощекин «ауылды кеңестендіру»  ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық саяси негізін жасады. Менің ойымша бұл Голощекин нағыз жағымпаз адам бұл кісінің бұған дейінгі «Кіші Қазан» төңкерілісі туралы идеясыда нағыз Сталинге деген жағымпаздығын және асқан аяусыз жан екенінің айғағы деп санаймын.

Әрине жергілікті партиялардағы зиялы өкілдеріміз мұның барлығына қарсы шықты, оның орнына орынды ұсыныстар тастап елдің болашағын жақсарту мақсатында барлығын істеді. Голощекин және оның қасындағы Құрамысов секілді сыбайластары «жергілікті ұлтшылдық көріністері» деп қабылдап барлық қарсылықтарға осындай тәсілде жауап беріп отырды. Сондай оқиға осы «ауылды кеңестендіру» революциясындада орын алды. Т.Рысқұлов және басқа ұлт зиялылары БКП Орталық комитетінің қарамағына шақырылып алынды, ал С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаевтар «ұлтшыл» деп айыпталды. Бұрынғы ұлт зиялыларының щағын тобы да қуғынға ұшырады. Оларға құрметпен қарау Алашорданың кеңеске қарсы бағытын жақтағандық, кеңестік ұлт саясатын бұрмалау деп түсіндірілді. Осылайша елде Ұжымдастыру саясаты басталып кетті. Бұл жағдайлар басталысымен еліміздегі ауқатты бай шаруалар біртіндеп өзге елдерге көшуді бастап кеткен болатын.

...

Скачать:   txt (28.8 Kb)   pdf (137.7 Kb)   docx (241.2 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club