«Ақбілек» романындағы тақырып пен идея
Автор: Janerke Shayaz • Ноябрь 15, 2021 • Реферат • 3,148 Слов (13 Страниц) • 2,798 Просмотры
«Ақбілек» романындағы тақырып пен идея
XX ғасырдың басында алмасқан қоғамдық құрылыстар мен жіктелген екі дәуірдің шекарасында өмір сүріп, сол бір аласапыран заманның шындығын әдебиет тілінде үлкен суреткерлікпен бейнелеген қаламгердің бірі – Жүсіпбек Аймауытов. Ол қазақ халқының отаршылдық пен ішкі ауқатты топтың екі жақты езгісіне қарсы тәуелсіздік үшін күрес идеясымен сусындап, әдеби шығармашылығын төңкеріс тұсында бастады да, оны 20-жылдары айрықша дамытып жетілдірді. «Жүсіпбек бұл кезде әдебиеттің көптеген жанрларында өнімді жұмыс істей жүріп, осы жанрлардың ұлттық әдебиетімізде орнығуына, шеберлік жағынан жетілуіне аса зор еңбек сіңірді. Қоғамдық дамудың бағыт-бағдары мен заманның қайшылықты сыпаты жайлы кең толғанып жазды. Сөйтіп, ол азаттық, бостандық ұраны астында туған жаңа әдебиеттің көш бастаушыларының легінде болды»
Қазак әдебиетінде реалистік роман принциптерін алғаш меңгерген қаламгерлердің бірі — Жүсіпбек. «Ол стиль, композиция тәрізді көркемдік құралдарға ерекше көңіл бөлді, әсіресе, халык тілінің сан алуан байлығын еркін қолдана отырып, Еуропа, орыс әдебиетіндегі бейне жасау, мінездерді даралау, сезім бұрқағын, ой толғауларды көрсету дәстүрлерін еркін пайдаланды» . Жазушының талант мүмкіндіктері, қабілет ерекшеліктері әсіресе оның «Ақбілек» романында айқын көрінеді. Қаламгер әлеуметтік тартыстар, тарихи окиғалар, тап күресі ерекше шиеленісіп тоғысқан, ел мойынына салмақ түсіп, жеке адамдар тағдырының ширыққан буынын дәл басады, бұрын айтылған, сарыжұртка айналған тақырып емес, соны, мүлде тың, тіпті сирек окиғаларды романға аркау еткен. Осылардың негізінде қазақ қаламгерлері онсыз да кең даладан пана таппай сыртқы жаудың соққысына көп ұшыраған қазақ халқының –ана дүрбелең тұсында бастан кешкен қайғылы күйлерін суреттейді. Әсіресе, қазақ қыздарының әлділердің ойыншығына, ермегіне айналған трагедиясын ашып көрсетті. Жүсіпбектің суреттеуіне сенсек, сол тұтқыннан қайтқан Ақбілекті көруге құмартқан Бозінгеннің (Мұсабайдың әйелі) таңсыққойлығын шенеп отырған Жүсіпбек: «орыстар өз аулына да келген, қыз-қатындар тау-тасқа тығылған, өзі де үш солдаттың қолына түсіп қап, бұйырғанын көрген. Кіші үйдің қызы содан бері жіңішке ауруға шалдығып, от басында сұлап жататын болған. Сонда да қатын шіркіннің таңсыққойлығы басылған ба!» — деп жазады .
Қайғыға берілмеген, Ақбілек ессіз, әрекетсіз емес. Оның қара мұрттың оғынан өзін арашалап қалуы – өмір үшін күрестің басы, яғни оның қиыншылықпен арпалыстағы бірінші жеңісі. Ал, екінші жеңіске ол ессіз табиғатпен, меңіреу түн хаупімен күресте жетеді. Күздің ызғырық желі, аспанды қоршаған қара бұлт онан сайын түнерте түскен үрейлі тау ішіндегі қоста жалғыз қалған Ақбілекті бұрынғыдан бетер қорқытқан еді. Қосты қоршаған қасқырлармен арпалыста жүріп ол от жағып қорғанады. Мұның барлығы – өмір үшін күрестегі Ақбілектің жеңістері. Қыз намысының тапталуы Ақбілектің ауылдағы өмірінде ылғи алдыңғы планда тұрады. Ол біреуден жылы қабақ тани аламаса да осыны ойлайды, бетіне шіркеу санайды. Әуелде анасын жоқтаумен аңғарылмаған жұрт көзіндегі сыр да кейін белгі бере бастайды. Оның үстіне әкесінің қызға қарамауы, онымен кездеспеуі, тілдеспеуге тырысуы да оған қайғы боп қосылады. Бекболатпен ара қатынастың айқындалмауы, оның жылына түсіп барып үзілуі, кейін өзінің жүкті болып қалуы, Өріктің келуімен байланысты шатақтар Ақбілек қайғысын қалыңдата түседі. Осы жайлар роман кейіпкері басындағы трагедияны қоюлатып, оның психологиялық бейне есебінде толыға түсуіне жол ашады.
Ақбілек трагедиясы – осы бүкіл халықтық трагедияның бір ұшқыны. Ақбілекті ақ солдаттарының алып қашып кетуі, оны қара мұрт офицерінің әйел қып ұстауы –бір қыздың ғана емес, бүкіл елдің ұлттық намысына тиетін ауыртпалық. Қыздың бостандыққа ұмтылғанмен, ел бетін көре алмай қиналуы, әкесінің Ақбілектен қащқақтауы, атастырған күйеуінің тастауы, ел-жұрттың оған бір түрлі аяушылықпен (екінші жағынан, таңсыққұмарлықпен) қарауы – бәрі де қызын алақанға салып, мәпелеп, аялап, өсірген қазаққа өлімнен де ауыр. Оның үстіне орысты кәпір деп қарайтын жат ұғым бар. Онымен араласқан шатасқан елдің бәрі – жат, діннен қашқан, харам. «Бүкіл халықты, оның ішінде қазақ қызын осы тұйықтан алып шыққан – елдің жаңа тіршілікке ұмтылуы, оған талаптануы. Ел көзіне көріне алмай, күлкі боп ауылдан кеткен Ақбілек қалаға барып оқып, адам қатарына қосылып жар тапты, бақытты өмірге қадам басты. Міне, «Ақбілек» романының бүкіл тақырыбы мен идеясы осыған саяды»
...