Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қоғамдық өзекті тақырыпқа зерттеу жүргізу

Автор:   •  Октябрь 14, 2021  •  Реферат  •  1,249 Слов (5 Страниц)  •  279 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1][pic 2][pic 3][pic 4][pic 5]

Орындағандар:

Насырова Наргиз Кайратовна

Басымбек Зұлпықар

Айтубай Жұлдызай

Тусупова Аружан

Қалдыбек Әмірхан

Қолқанатова Шынар

Кәрібжан Санжар

Құдайберген Ермұхаммед

Сембай Елдос Ерболұлы

Теңел Нұргелді

Ботагөз Серікбай

Жоспар:

  1. Қоғамдық мәселеге талдау жүргізу

2. Харуки Муракамидің болған оқиға желісімен жазылған «Underground»  (орысша нұсқасы «Подземка») документальды романын оқу арқылы сұрақтарға жауап беру.

Қоғамдық мәселе: Балалар құқығының бұзылуы

  • Мәселенің өзектілігі:Балалардың болашақ екенін түсіну арқылы,болашақтың жарқын болуын қамтамассыз ету,қоғамдық хаосты адын алу.
  • Зерттеудің мақсаты:Балалар құқығының бұзатын ең жиі проблемаларды көрсету
  • Зерттеудің міндеттері: Адамзатты баланың құқықтық мәртебесін мойындауға итермелеу.
  • Зерттеудің объектісі – 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар құқығы.

Әрбір қоғамда қандай жаста болмасын әр тұлғаның өзара тең құқықтары болады. Бұл құқықтар кәмелетке толмаған балаларға да қатысты. Бала – өзіндік ойлау, қабілеті,санасы, өзіндік пікірі мен мақсаттары бар қоғам мүшесі.

Көбіне баланың құқығының бұзылуы отбасыдан басталады.Отбасының ішіндегі саясаттың қатал болуы осы құқықты бұзады. Бұл жағдай отбасыға қонақ келгенде немесе шешім қабылдау кезінде баланың шеттетілуімен көрініс табады. Мұндай атмосферада өскен бала, яғни кішкентай кезінен ол үшін ересектердің шешім қабылдауына үйренгендіктен өсе келе өз өміріне деген жауапкершіліктен қашады, қоғамдық орындарда жеке басының шекараларын бұзуға мүмкіндік береді.

«Билік қоғамға тиесілі»деген тұжырымға байланысты,өз құқықтарын қамтамасыз етуге тырыспайтын азаматтардан тұратын мемлекеттің билік күші өз құзыреттіліктерін пайдалану арқылы тиранияға жол беруі әбден мүмкін.Сол себепті бұл қоғамдық мәселе өте маңызды,өзекті болып табылады.

Ата-ана құқығының бала құқығынан үстем болуы ұзақ уақыт бойы қоғамда қалыпты жағдай саналды. Ата-ананың баласын өлтіруге және сатуға деген құқығын осындай қатынастардың шегі деп санауға болады. Бұл кей елдерде ХІХ ғасырға дейін сақталды. Мысалы, Римде әке билігі бәрінен жоғары тұрды. Жеке қарым-қатынаста, жаңадан дүниеге келген баласының өмірін сақтап қалатыны немесе сақтап қалмайтыны әкенің еркінде болды: ол оны тіпті лақтырып тастай да алатын еді. Әкесінің өз балаларын бүтіндей құлдыққа немесе мемлекет ішінде құлдыққа сатуына құқығы болды. Әрине, іс жүзінде жағдай басқаша болуы да мүмкін, бірақ заң жүзінде әке баланың жеке басының шексіз билеушісі болды.Бірақ біз бұл мысалдар шеңбері бойынша ерте кезде бала құқығы мүлдем болмады деп тұжырымдай алмаймыз.Мысалға алатын болсақ, Хаммурапи патшаның заңдарында (біздің дәуірімізге дейінгі 1793-1750 жылдары жазылған) денсаулық, ұзақ ғұмыр және балалар, мүлік пен байлықтан жоғары қойылған. Баланы ұрлау және ауыстырып алу қатаң жазаланды, өйткені ежелгі Месопотамияда, егер адамның бірнеше баласы болмаса, адам өмірі толық болып есептелмеген. ХІІ ғасырдағы Англияда ІІ Генрихтің Заңында некеден тыс бала көтерген кез келген қыз бұл жөнінде билік орындарына хабарлауы тиіс екені көзделді. Егер қыз бұлай жасамай,белгілі бір жағдайда бала өліп қалатын болса,қандай себеппен өлгеніне қарамастан,анасы өлім жазасына кесілетін болған.  

 Адамзаттың баланың құқықтық мәртебесін мойындау қозғалысы ұзақ және ілгерілемелі болды және әрбір жеке елде өзіндік серпінге ие еді.Оларды зерттей келе балалардың құқығын жиі бұзатын проблемалар анықталды:

 1.Балалар некесі

 Балалардың некелері қыздарды өз құқықтарынан айырады, көбінесе оларды мектептен кетуге мәжбүр етеді, оларды зорлық-зомбылыққа (жыныстық, физикалық және эмоционалды) ұшыратады және жас ақыл-ойы мен денесі, мысалы, ана болуға дайын емес тәжірибеге итермелейді. Әрине, ұлдар да үйленеді, бірақ балалар некесі - бұл қыздарға пропорционалды түрде әсер ететін мәселе.

...

Скачать:   txt (18.5 Kb)   pdf (203.5 Kb)   docx (102.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club