Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Антика әдебиеті мен қазақ фольклорындағы өзара үндестік мәселелері

Автор:   •  Май 12, 2018  •  Дипломная работа  •  24,565 Слов (99 Страниц)  •  1,252 Просмотры

Страница 1 из 99

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ДИПЛОМ   ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:  Антика әдебиеті  мен қазақ  фольклорындағы  өзара  үндестік мәселелері

Орындаған                                _____________________    

.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І БӨЛІМ   Әдеби  байланыстардың  тарихи  және  теориялық  негізі

  1. Әдебиеттер байланысының теориялық негіздері және әдеби процестегі маңызы....................................................................................................................8

 1.2 Әдеби қарым-қатынас формалары....................................................................16

ІІ БӨЛІМ  Қазақ фольклорындағы антикалық сарындар

2.1 Қазақ фольклоры мен антикалық әдебиеттердегі ұқсастықтардың теориялық мәселелері...................................................................................................................28

2.2 Антика әдебиеті мұраларының қазақ сөз өнерінен көрініс табуы және ортақ ұқсастықтары ............................................................................................................39

2.3 Антика мен қазақ әдебиетіндегі батырлық, қаһармандық эпостардағы үндестіктер.................................................................................................................48

Қорытынды..............................................................................................................67

Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................70

Кіріспе

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Кез-келген ұлттық әдебиет даму барысында басқа көптеген әдебиеттермен қарым-қатынасқа түседі. Олардың арасында мазмұндық, пішіндік ауыс-түйістер болып жатады. Көп жағдайда бұл факторлар әдебиеттің дамуына оң әсер етеді. Сондықтан бір әдебиеттің басқа әдебиеттермен араласуға ынтықтығын, құлшынысын әр ел қолдап, қолпаштап отырған.

ХХ ғасыр басында жаңа толығып, толыса бастаған қазақ әдебиетінің барынша дамуына оның басқа ұлт әдебиетімен байланыс жасауы игі ықпал етті.Тіпті төл сөз өнеріміздің профессиональдық деңгейге жетуінде өзге халықтар әдебиеттерімен рухани алмастығының, әсер-ықпал көріністерінің орны ерекше. Бұл туралы жазылған монографиялар мен ғылыми мақалалар тізімі ойымызды нақтылай түсері анық. Алайда, бұл еңбектердің дені қазақ әдеби байланыстарын бір ғана аспектіде, яғни қазақ-орыс, қазақ-еуропа контексінде алып қарастырды. Ал, оның түбі, діні бір, тілі ұқсас, тағдыр-талайы бір-біріне жақын шығыс-түркі халықтарымен рухани алмастығы ішінара, тиін- қашты ғана сөз етілді. Және олардың көбі кеңес өкіметі тұсында жарияланғандықтан, ұшқары, солақай пікірлерге толы болды. Соның кесірінен әдеби байланыс үрдісінде үлкен рөл атқарған ақын- жазушылардың шығармашылықтарын әспеттеу былай тұрсын, аттары да аталмады. Әлбетте, жылымық заман орнап, тәуелсіздік алғаннан бергі жылдары жазылып, жарық көрген ғылыми зерттеу еңбектері бұл олқылықтардың орнын толтырғандай еді. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері ақтарылып, нақақтан қараланған, аяусыз жазаланған арыстарымыз ортамызға оралып, руханият әлеміндегі өздеріне тиесілі орындарын иемденді. Олардың ғұмыры мен шығармашылықтары туралы жарияланған тарихи-ғұмырнамалық, ғылыми, публицистикалық сарындағы болсын зерттеулер біршама жайттың бетін ашып, бірқатар мәселенің шешімін тапқан сынды. Десек те, бұл кезең әдебиеті әлі соншалық толық, әрі тыңғылықты зерттелмеген сыңайлы.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында рухани алмасулар , яғни әдеби байланыстар мәселесі негізгі арна боп қалыптасып келеді. ХХ-ХХІ ғасыр қазақ әдеби байланыстарының ішінара  жоспарлы, белгілі бір дәрежеде жүйелі түрде ұйымдастырылған кезеңі болды. Әдебиеттер арасындағы көркемдік-эстетикалық ортақ мәселелермен қоса, ұлттық әдебиет төңірегінде жалқы мәселелер көріне бастады. Қазақ-түркі халықтары, қазақ-орыс, қазақ-шетел әдеби байланыстары түрлі формаларда жүзеге асып, ұлттық әдебиеттердің арасында байланыстар ішкі де сыртқы да факторлар арқасында қарқынды жүріп жатыр. Қазақ әдебиетінің Ресейде, орыс әдебиетінің Қазақстандағы күндерін ұйымдастыру үрдісі ғасыр басынан басталып, ғасыр ортасына дейін өз жалғасын тауып келсе,  соңғы ширегінде олар аймақтық деңгейдегі күндерге ауысты. Ал келесі ғасырдың басында мемлекет тарапынан бүкіл бір жылдар әдеби байланыстарды нығайтуға бағытталды.

...

Скачать:   txt (350.1 Kb)   pdf (866 Kb)   docx (121.3 Kb)  
Продолжить читать еще 98 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club