Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жапониядағы инновациялық кластер мен университеттер арасындағы өзара

Автор:   •  Май 31, 2020  •  Реферат  •  587 Слов (3 Страниц)  •  467 Просмотры

Страница 1 из 3

Мақалада Жапониядағы инновациялық кластер мен университеттер арасындағы өзара байланысқа талдау жүргізіліп, сол тәжірибені Ресейде қолдану мүмкіндігі туралы айтылады.

Өзінің құрылымы бойынша жапондық инновациялық кластер мемлекет қаржысы есебінен қаржыландыратын зерттеу жобалары кезінде мемлекеттік ұйымдар, университеттер, жеке компаниялар жұмысына бағдарланған ғылыми-зерттеу орталықтарына сәйкес келеді. Автордың айтуынша, қазіргі таңда, инновациялық кластер мен университеттердің өзара байланысының жапондық  тәжірибесі  көптеген саясаткерлер мен зерттеушілер, практиктердің назарын өзіне аударып отыр делінеді.

 Мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін көтеру кез келген үкіметтің ең алдыңғы міндеттерінің бірі.  Қазіргі таңда, Жапония  2000 жылдардың соңындағы «ұзаққа созылған дағдарыс» кезеңінен шығу үшін инновациялық тәсілдерді іздеп жатыр. Бұл жағдайда университеттер инновацияның дамуының негізгі ресурсы ретінде қарастырылып отыр. Жапониядағы ғылыми зерттеулер дәстүрлі түрде ел ішіндегі ірі компанияларға баса назар аударды да, олар жылдан жылға төмендей берді. Қалыптасқан тенденция университеттік зерттеулерге алып келді. Жапон үкіметі елдің өңірлік дамуы мен инновация мен стратегиялық кластердің құрылуы жергілікті университеттің қатысуымен жүзеге асырылады.

И.Л  Тимонин  зерттеулерінде Жапониядағы университет ғылымының мәселелерін шешуде стартап пен венчурлық компаниялардың дамуы арқылы жүзеге асады дейді.  

Мақалада негізгі зерттеу әдісі ретінде эмпирикалық және теориялық әдістер қолданған.Ақпарат көзін зерттеу, талдау, синтез бен анология және т.б.

Автор жапон және ресейлік университеттердегі кластерлік бірлестіктерге салыстармалы талдау жасап, білім беру ұйымдары мен инновациялық кластердің өзара байланысын анықтады.

Осы уақытта жапон үкіметі университеттерде– бәсекеге қабілетті және экономикалық инновацияның қозғаушысы ретінде зерттеу орталықтарына түрлендіргісі келеді.  

Халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін Жапония өңірлері материалды емес активтерді жетілдіруі қажет. Осыған байланысты соңғы онжылдықта Жапон үкіметі жоғары білім беру ұйымдарының қызметіне бірқатар өзгерістер енгізді. Соның арқасында, жапондық университеттер лицензияланған офистік технология, венчурлық бизнес –инкубатор, салалық бірлескен зерттеу орталықтары мен өзге де мәселелерді шешудегі коммерциализациялау зерттеулері жүргізілді.  

Университеттер мен өндірістік компаниялардың серіктестігі мен үкіметтің тарапынан қабылданған заңдық құжаттары өткен ғасырдың 80-жылдарының басынан басталып, бірқатар өзгерістер 2004 жылы енгізілді.

Әсіресе бұл өзгерістердің ішінде, ұлттық университеттер өзіндік корпаративтік статус алып, интеллектуалды меншік пен патент агенттігін басқару мүмкіндігіне ие болды.

Осының арқасында, жеке компаниялар патенттер мен лицензиялар туралы тікелей университетпен келісім-шартқа отырды. Жоғарыда аталған заңнамалардың енгізілуімен жылдан соң, университет жанында 41 офистер құрылды. Нәтижесінде университет жанына құрылған коммерциялық ұйымдар саны артты.

Автор Токио университеті жанынан құрылған интеллектуалды меншікті басқару кіретін коммерциялық өндіріспен байланысты Корпарацияны мысал ретінде алады. Корпорация  ғылыми зерттеу жұмыстарын лицензиялау бойынша маркетингтік шараларға қатысатын коммерциялық ұйымдардың ғылыми зерттеулерін жүзеге асырады. Сонымен бірге, бұл университетте UTEC (Токио Эдж Капитал) фонды құрылған. Фонд  интеллектуалды меншікті зерттеушіден өнеркәсіптік компания жақтан тапсырыс берушіге дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (69.2 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club