Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық әріптестіктің мәселелері мен болашағы
Автор: bisenbaev2001 • Август 26, 2020 • Реферат • 3,562 Слов (15 Страниц) • 649 Просмотры
Кіріспе
Қазақстан мен Қытай арасындағы жалпы кешенді қарым-қатынас сатыларында сауда-экономиканың рөлі маңызды болып табылады. Ол белгілі бір деңгейлерде көптеген факторларға байланысты: экономикалық өзара толықтырушылық, географиялық жақындық, күшті экономикалық даму және екіжақты кең көлемді реформалардың жүріп отыруы. Аталған мәселелердің ішінде біз өз зерттеуімізде экономикалық қарым-қатынастың даму кезеңдері мен болашағын ғылыми талдауға талпыныстар жасаймыз. Қос мемлекет ортасындағы экономикалық даму маңызды бірнеше мемлекетаралық, үкіметаралық келісімшарттар мен келісімдердің негізінде түзіліп, өзара әріптестіктің ұстанымдары мен бағыттарын анықтап отырады. Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси және экономикалық саладағы қатынастарда мынадай ұстанымдар басшылыққа алынды: егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, шабуыл жасамау, ішкі істерге араласпау, теңдік пен өзара тиімділік, бейбіт қатар өмір сүру, барлық елдердің халықтарының әлеуметтік құрылыс пен даму үлгісін таңдау құқықтарын құрметтеу. Қазақстан Қытай үшін, ТМД кеңістігіндегі Ресейден кейінгі екінші нарық көзі болып табылады. Екі тарап арасындағы экономикалық даму деңгейі жылдан-жылға қарқын алуымен ерекшеленеді. 1990-ы жылдарға қарағанда 2000-ы жылдардың орта кезеңі сауда айналымы құрылымы бойынша ұлғаюға ие болады. Екі мемлекеттің бірлескен үкіметі мен кәсіпкерлерінің күш салуымен экономикалық қарым-қатынас қанағаттанарлық көрсеткіштерді құрап келеді. Бұл жерде Қазақстандағы экономикалық ахуалдың жақсара түсуін де атап өткен жөн. Экономикалық дамуда Қазақстан үшін қаржы, өнеркәсіп саласының және мұнай-газ секторларының алға қадамдар басуы сыртқы инвестицияларды тартуда негізгі рөл атқаруда. Сонымен қатар, Қытай тарихында өткен жекешелендіру саясатының әдістері елімізге өзіндік мысал болуда. Қытай ДСҰ-ға Қазақстанның кіруіне үлкен қолдау білдіріп отыр. Енді, екі мемлекет арасындағы экономикалық қатынастар дамуының тарихи жолына тоқталу маңызды болып табылады. ҚХР-дың ұлттық стратегиясын дамытуда жетекші құралды сыртқы саясат факторы құрады. Оны жиі түрде консервативті бағалайды. Шынында Қытайдың көптеген басты сыртқы саяси ұстанымдары елу жылдың көлемінде өзгеріссіз қалуда.
Жұмыс барысы
Қазақстан мен Қытай қарым қатынастары жөнінде саясаткерлер мен зертеуші ғалымдар тікелей және жанама зеттеулер арнап келді. Біз қарастырып отырған кезең тек соңғы жылдар ғана ғылыми зерттеулер обьектісіне айналды.Жұмыстың алға қойған мақсаттарын орындауда негіз болған деректердің шығу тегіне орай бірнеше топқа бөліп сөз етуге болады. Тақырыпты зерттеу барысында Қазақстан мен Қытай заңдары мен өкімет қаулылары негіз болып алынған. Қазақстан мен Қытайдың саяси стратегиясымен екі жақтың қарым-қатынастарын дамытудағы принциптеріне талдау жасалып, Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасының орнауы, даму беталысы және оның ерекшелігі жөнінде өз көзқарасын білдіріп және Қытай-Қазақстан қарым-қатынасында сақталып отырған шешілмеген мәселелерді көрсетіп, оны шешудің жолдары қарастырылды. Осы мақсаттарда мынандай міндеттер туды:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саяси стратегиясында Қытай Халық Республикасымен қарым-қатынасын алатын орнын анықтау
- Қытай сыртқы саясатының түп қазығы, бағыттарын көрсете отырып, Қазақстанның Қытайға, Қытайдың Қазақстанға қатысты саяси стартегиясының принциптерін тұжырымдау.
III. Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық әріптестіктің мәселелері мен болашағы
Қазақстан-Қытай қатынастары 1992 жылғы 3 қаңтарда дипломатиялық қатынастар орнағаннан бері оң сипатта және тегеуірінді түрде дамып келеді.
Қытайда Пекин қаласында орналасқан ҚР Елшілігінен басқа (1992 ж. желтоқсаннан бері), Шанхай (2003 ж. тамызынан бері) мен Гонконг (2005 ж. мамырынан бері) қалаларында ҚР Бас консулдықтары, ал Үрімші қаласында Төл-құжат визалық қызметі (1995 ж. мамырынан, консулдық мекеменің мәртебесі жоқ) жұмыс атқаруда. Астана қаласындағы ҚХР Елшілігінен басқа Алматы қаласында 2007 жылдың тамыз айынан бастап ресми түрде ҚХР Бас консулдығы жұмыс атқаруда. Бірлескен Декларациялар (1993-1999 жж.) негізінде ҚР мен ҚХР арасындағы тату көршілік, достық және қызметтестік туралы Келісімшартқа ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылғы 23 желтоқсанда ҚХР-ға мемлекеттік іс-сапары барысында және ҚР мен ҚХР арасындағы Қызметтестік Бағдарламасына 2003 жылғы 2-4 маусымда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның ҚР-ға мемлекеттік іс-сапары барысында қол қойылулар екіжақты қатынастардың 10 жыл бойы дамуының қорытындысы болды. Аталған маңызды тарихи құжаттарға қол қойылу – Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастардың куәсі болып табылады. Келісімшарттың Қазақстан үшін мәні шабуыл жасамау пактімен салыстырарлық деңгейде, мұнымен бірге шекара мәселесін шешілді, ШЫҰ ауқымында сенім шаралары жүзеге асырылды, екі елдің қызметтестігінің стратегиялық бағыттары бойынша принципті уағдаластықтар кешеніне қол жеткізілді. 1992 жылғы тамызда Қазақстан Президентінің Қытай халық Республикасына алғаш сапары болды, нәтижесінде барлық байланыс жолдары ашылды. 1994 жылы сәуір айында Қазақстан мен Қытай арасында шекара аумағын заңдастырып белгілеу (делимитация) жөніндегі келісімге қол қойылды (1718 шақырымдық). 1996 жылғы сәуір айында алғашқы Шанхай келісімі жүргізілді. Бұл келісім барысына Ресей, Қытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан қатысты. Мұнда негізінен - шекараларды бұзбау, бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу сияқты мәселелер қаралды. 1997 жылғы 25 қыркүйекте Алматыда болған келіссөздің нәтижесінде – Батыс Қазақстан мен Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды. Қытай үкіметі бұл жұмысқа 9,5 млрд.доллар жұмсауға келісті. 1998-1999 жылдары Қазақстан-Қытай арасында келісімдер нәтижесінде, шекараны нақтылау негізінен аяқталды.
...