«Адами капитал» деген не және ол қалай көрінеді?
Автор: ospanov_001 • Июнь 5, 2018 • Эссе • 454 Слов (2 Страниц) • 2,428 Просмотры
«Адами капитал» деген не және ол қалай көрінеді?
Әрбір ұрпақ өз тілін, дінін, мәдениетін, тарихын толық білуге тиісті. Себебі, қоғам осындай құндылықтармен өмір сүруді, білімді, білікті болуды талап етеді. Ұлтты, мемлекетті құрайтын, ол-адамдар. Сол адамдардың немесе халықтың білімді, сауатты болуы сол мемлекеттің дамуына, бәсекеге қабілетті болуына ықпал етеді. Әрбір жастың бойындағы білімі, сауаты оның «Адами капиталының» құрамына кіреді. Ал ендігі сұрақ: «Адами капитал» деген не, оның қоғамдағы рөлі қандай немесе оны қалай дамытамыз? Бұл сұрақтарға төменде жауап беретін боламын.
«Адами капитал» деген – әрбір адамның бойындағы таланты, дарыны немесе білімділігі және сауаттылығы. Мемлекеттің негізгі құрамбөлігі, ол – жастар. Жастардың денінің саулығы, білімнің көптігі, бәсекеге қабілетті болуы – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі деп білемін. Қазіргі қоғамда осы адами капиталдың маңызы жоғарылап, халық арасында кең түсінікке ие бола бастады. Адами капитал бір орында тұра бермейді. Оны заман талабына сай, жаһандық өркениетке сай үнемі жетілдіріп немесе дамытып отыруымыз керек. «Адами капитал» түсінігі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да назарынан тыс қалып жатырған жоқ.
Өз сөзімді дәлелдей кетсем, Елбасының биылғы Жолдауындағы басымдық берілген міндеттердің бірі де осы адами капитал болып отыр. Өйткені, адами капиталдың жаңа сапасы бүгінгі күнгі өзекті мәселе екені даусыз. Елбасы өз Жолдауында: «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақстандық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс» деген болатын. Елбасы өз Жолдауында қандай адам мемлекеттің құнды капиталы бола алатынын нақты көрсетіп берді.
...