Дамушы елдер типi және олардың ала-құлалығы
Автор: Sanil Israil • Апрель 16, 2020 • Реферат • 1,197 Слов (5 Страниц) • 569 Просмотры
Дәріс № 10.
Дамушы елдер типi және олардың ала-құлалығы
Бiрiккен Ұлттар Ұйымы «Экономикасы дамыған және өтпелi экономикалы елдерден» басқа, дүниежүзiнiң қалған барлық елдерi мен жер аумақтарын дамушы елдер типологиясына жатқызады. Бұл — типология елдерiнiң жер көлемi бүкiл құрлықтың жартысынан астамын, ал Қытайды қоса есептегенде, Жер шары халқының 70 %-дан астамын құрайды. Олардың кейбiрi (Қытай, Иран, Таиланд) бұрын жартылай отар күйiн кешкен, ал бiразы ХIХ ғасырдың басы (Латын Америкасы елдерi) мен ХХ ғасырдың алғашқы жартысында (Шетелдiк Азия елдерi) өз тәуелсiздiктерiн алған отар елдер. Осы типтегi басым көпшiлiк елдер отаршылдықтан өткен ғасырдың екiншi жартысында ғана (Африка, Мұхиттық Аралдар, Кариб алабы, Азияның кейбiр елдерi) азаттық алған дүние жүзiнiң 100-ден астам жас мемлекеттерi. Осындай құрамы әртүрлi елдердi бiрнеше топшаға бiрiктiремiз:
1. Дамушы елдердiң iшiнен табиғи-экономикалық және еңбек ресурсы қуаты жағынан аса көзге түсетiн — Үндiстан, Бразилия, Аргентина және Мексика сияқты елдер, оның «негiзгi елдерi» аталынатын бiрiншi топшасын құрайды. Осы аталған мемлекеттер өнеркәсiп өнiмiн қалған дамушы елдердiң барлығы бiрiгiп өндiргеннен артық бередi. ЖIӨ өндiру дамыған елдермен салыстырғанда айтарлықтай төмен (10000-15000 доллар көлемiнде), ал Үндiстанда ол жан басына шаққанда бар-жоғы 3500 долларды құрайды.
2. Келесi Азияның жаңа индустриялы елдерi, кейде «Азиялық айдаһарлар» деп аталатын бiрнеше мемлекеттер мен жер аумақтарын кейiннен түзiлген жеке топшаға жатқызамыз. Олар өздерiнiң қолайлы экономикалық-географиялық жағдайын тиiмдi пайдаланып, делдалдық қызмет пен экономиканың еңбектi көп тiлейтiн жаңа салаларын дамыту барысында Батыс Еуропаның кейбiр дамыған елдерiн басып озған — Корея Республикасы, Тайвань, Сингапур, сол сияқты Малайзия және Таиланд осы топшаның өкiлдерi. Бұларда ЖIӨ өндiру көлемi жан басына шаққанда жылына 10000-33000 доллар аралығында, ал Сингапурда — 52900 доллар.
3. Сыртқа көмiрсутек, негiзiнен, мұнай мен газ және оның өнiмдерiн шығаратын елдер дамушы елдер типологиясында өз кезегiнде шағын топшаны құрайды. Олардың көбi Парсы шығанағы алабында орналасқан, Ливия, Венесуэла, Бруней секiлдi елдер. Бұл елдерде мұнай сатудан түсетiн пайданың арқасында жан басына шаққандағы ЖIӨ өндiру мөлшерi орта есеппен 15000-60000 долларды құрайды (бұл көрсеткiш Катарда — 100000 доллардан асады).
4. Ең үлкен топшаны дамушы елдер типологиясында, дамуы жағынан кенжелеп қалған елдер алады. Мұндағы елдердiң ЖIӨ өндiрудегi адам басына шаққандағы көлемi 2500-10000 доллар аралығында. Нашар дамыған осы елдерге тән қасиет, көп укладты артта қалған экономикасында феодализм сарқыншақтары күштi сақталынуымен ерекшеленедi.
5. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы келесi бесiншi топша елдерiне дүниежүзiнiң дамымай қалған 40-тан астам мешеу елдерiн жатқызады. Бұл елдерде ауыл шаруашылығының тұтынушылық түрi басым, өңдеушi өнеркәсiбi болымсыз немесе жоққа тән, халықтың көпшiлiк бөлiгi сауатсыз және жан басына шаққанда өндiрiлетiн жылдық жалпы iшкi өнiм орташа есеппен небәрi 500-2500 доллар мөлшерiнде, ал Зимбабведе — 250 доллар шамасында ғана.
БҰҰ саяси-қоғамдық құрылысы мен өндiрiстiк қатынастарында өзiне тән ерекшелiгi бар Қытайды да дамушы елдер санатына жатқызады. Өйткенi экономикасының жалпы көрсеткiштерi мен өндiрiс қарқынының жоғары болуына қарамастан, онда жан басына шаққандағы ЖIӨ өндiру дамыған елдермен салыстырғанда — аса төмен. Бұған қарамастан қазiргi Қытай соңғы уақытта экономикасының өте жоғары қарқынмен өсiп дамуына байланысты әлемдiк саясатта ғана емес, дүниежүзiлiк шаруашылықта да аса маңызды рөл атқаруда.
Кейбiр жалпы көрсеткiштерi жағынан iрi дамушы елдер — Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндiстан дамыған елдердеңгейіне шамамен жақындап қалды. Ал 1970-1980 жылдардан бастап «Азияның жаңа индустриялы елдерi» — Оңтүстiк Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконгтiң экономикалары өте қарқынды өркендедi. Соңғы жылдары Малайзия мен Таиланд елдерi де қарқынды даму үстiнде. Осы мәселелерден жалпы саяси-идеологиялық және әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiне сәйкес үйлестiрiлiп алынған дүниежүзi елдерiнiң жiктелу типологиясы шартты түрде екендiгi байқалады.
...