Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адами капитал-рухани жанfырудын негiзi

Автор:   •  Март 13, 2020  •  Творческая работа  •  684 Слов (3 Страниц)  •  386 Просмотры

Страница 1 из 3

І.ЖАНСҮГІРОВ АТЫНДАҒЫ ЖЕТІСУ  МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ

«Экономика және сервис» кафедрасы

ХАТТАМА

№  7   «_12_» қараша 2019 жыл.

Отырыс ЭҚ 411 тобының тәрбие сағаты

Төраға – Экономика және сервис кафедрасының  оқытушысы Жунусова Г.А.

Хатшы – ЭҚ 411 топ студенті А.Азатова  

Қатысқандар 13 адам (тізім тіркелген)

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

«АДАМИ КАПИТАЛ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ НЕГІЗІ»

Жунусова Г.А. : Тәрбие сағатымыздың мақсаты студенттерге тұңғыш елбасымыз Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауындағы «Адами капитал – жаңғыру негізі» тарауында білім беру мәселесі кеңінен көрініс тапқаны жайында таныстыру.

Адами капитал деген не? Әдетте, капитал десе ойымызға қаржы, байлық, ақша, құн, мұнай, газ, алтын мағынасында түсінік келеді. Ал бүгінгі күні адам капиталы дегеніміз – адамның бойындағы білімі, қабілеті, тәжірибесі, даналығы, іскерлігі, бәсекелестік замандағы оның адамдық, кәсіби құндылығы.

«Адам капиталы» терминінің өзі алғаш рет Нобель сыйлығының иегерлері, америкалық макроэкономистер Теодор Шульц пен Гарри Беккердің ХХ ғасырдың 80-жылдарындағы еңбектерінде пайда болды. Т.Шульц нашар дамыған елдердің қиын жағдайын зерттей келе, кедей адамдардың әл-ауқатын жақсарту жерге, техника немесе олардың күш-жігер жұмсауына емес, бәрінен де білімге байланысты деген қорытындыға келді. Ол экономиканың мұндай сапалық қырын адам капиталы деп атады. Г.Беккерге келетін болсақ, ол адам капиталының теориялық моделін жасап және осы мәселе бойынша «Адам капиталы» кітабын жарыққа шығарды.

Айтқали Алибек: Адам капиталының теорияшылары экономикалық өсу үшін оған салым салуға назар аударады. Бұл жерде жұмыспен ұтымды қамту, еңбек нарығының оңтайлы қызмет етуі ерекше маңызға ие. Білім беру мен денсаулық сақтауды, еңбек өнімділігі мен табыс деңгейлерінің байланысын, кәсіпкерлік қызметті уәждеуді экономикалық қамтамасыз етуге дәлелі жетік көзқарас қажет.

Адам капиталы – мемлекеттің, сондай-ақ, экономикасы мен оның еңбекке жарамды азаматтарының бәсекеге қабілеттігін арттырудың қажетті ресурсы. Қазақстанда 2050 жылға қарай дүниежүзінің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіруге бағытталған курс өзіндік адам капиталын дамытуға орасан мол инвестициялар салуды талап етеді. Өйткені тек біліктілігі жоғары қызметкерлер ғана постиндустриялық қоғам, яғни «Білім мен жалпыға бірдей еңбек қоғамы» жағдайында қызметтің барлық түрлерінде жоғары тиімділікке қол жеткізуге қабілетті.

Хамитова Эльвира: Осыған байланысты білім, енді, экономикалық категорияға айналды. Ақшалы адам емес, білімді адамның мәртебесі жоғары болады. Қазір «Білім экономикасы», «Парасатты экономика», «Ақылды экономика» деген тіркестер пайда болды. Әлемдік қауымдастық бірнеше онжылдықтар бойы әр мемлекеттердегі адам дамуының деңгейін, негізгі өткір үрдістерін талдап келеді. Осы сараптамалар негізінде Адам Дамуының Индексі (АДИ) ғылыми есептері дайындалады. АДИ мемлекеттердің білім беру, денсаулық жағдайы және жан басына есептегендегі табыстары бойынша үш бағытта жіктейді: болжамды өмір жасының ұзақтылығына қарай денсаулық және ұзақ өмір сүру; ересектердің сауаттылығымен және жалпы біліммен қамту коэффициентіне қарай білімге қол жеткізу деңгейі; жалпы ішкі өнім деңгейіне сәйкес лайықты өмір сүруге болатын жан басына есептегендегі табыс АҚШ долларымен өлшенеді.

...

Скачать:   txt (9.3 Kb)   pdf (95.2 Kb)   docx (16.3 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club