А.Алтайдың «Альпинист», «Көзімнің қарасы», «Казино» шығармаларындағы фразеологизмдердің стилдік қызметі
Автор: Nur120296 • Ноябрь 19, 2018 • Практическая работа • 850 Слов (4 Страниц) • 960 Просмотры
А.Алтайдың «Альпинист», «Көзімнің қарасы», «Казино» шығармаларындағы фразеологизмдердің стилдік қызметі
Лексиколог- ғалым Гүлдархан Смағұлова бірнеше авторлардың пікірлерін сараптап, саралай келе қазақ фразеологизмдерінің келесі стильдік қабаттарға бөледі:
1.Кітаби фразеологизмдер
2.Бейтарап фразеологизмдер
3.Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
4.Дөрекі-қарайым фразеологизмдер (Смағұлова,155 б.).
Жазушы А.Алтайдың «Альпинист», «Көзімнің қарасы», «Казино шығармаларындағы фразеологизмдерді ғалым Г.Смағұлованың бөлуі бойынша топтастырсақ:
Кітаби фразеологизмдер – негізінен жазба тілде нормаланған əдеби тілде публистикалық жəне ғылыми шығармалар тілінде көркем əдебиет тілінде қолданылады. Сонымен қатар, ғалымдардың, жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің, интелегенцияның, жалпы оқыған адамдардың тілінде қолданылады.
1. Дегенмен былтыр Гималайға бірге барған әлгі бір жігіт ойына орала берді.Ойға оралды (түсті) - еске түсті.(Қ.Т.Ф.С.411 бет) Бұл сөйлемде кітаби фразеологизмнің үлгісі берілген, еріксіз есіне түсе берді деген мағынаны білдіреді.
2. Сөйткен Құзғындыға тұңғыш рет соқпақ салмақ.
Соқпақ салды – бір іске бастама болды,қадам тартты(Қ.Т.Ф.С.317бет).
Бұл шығармада кітаби фразеологиздердің қолданылуы шығарма тілін одан əрі көркейтіп, ерекшелендіріп тұр.
3. Құзғындының қиясынан анда-санда көздерімен шалып қалғанда көк бұйра орман мен көк балауса жасаң жатқан таулы өңір төменде қалып,алақанға салған суреттей көз тартып қоя берді.
Көз тартады, тартты – көзге түседі, көзді алады,көңіл аударады(Қ.Т.Ф.С 258 бет ).
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер – сөйлеу тілінде емін-еркін қолданып, сөйлеу тілінің диалог формасында көркем əдебиетте еркін қолданылады.
1.Жер қылдың-ау!Әлгі шешең ғой...Қап.Тұра тұр салдақы!- деп Рамазан қызының шешесіне кіжінді.
1.Жер қылды – тас талқанын шығарды,жермен-жексен етті.
2.Қатты ұялтты,жерге қарата ұятқа қалдырды,беделін түсірпе,абыройсыз етті,аяққа басты. (Қ.Т.Ф.С 200 бет ).
2. Енді бәрі мәре-сәре болды да қалды.Мәре-сәре болды – емін-еркін,қуана асыр-тасыр болу мағынасында.(Қ.Т.Ф.С 391 бет).
3. – Кешір,Махмұт! Сіркем су көтермей жүр.Сіркесі су көтермеді – ештеңені көңілі жақтырмады,ештеңеге зауқы болмады. ( Қ.Т.Ф.С 483 бет).
4. Ол бұған қарға адым жерден жақындамай тұрып қалды. Қарға адым – халықтық өлшем,өте жақын деген мағынада (Қ.Т.Ф.С 330бет). Бұл фразеологизмдер күнделікті тұрмыста қолданылып, шығарма тіліне қарапайымдылық көрініс береді. Бұл фразеологизмдерді қолдану арқылы автор кейіпкердің мінез – қалпын ұтымды көрсету үшін пайдаланған.
5. Қай тауға, қай шыңға сапарлау керек екенін біле алмай дал болды.
Дал болды – не істерін білмей састы, әуреге салды.(Қ.Т.Ф.С 141бет).
6. Сондықтан да мұның жанкештілері талайлардың таңдайын қақтырған,жауларының зәресін ұшырған мұңсыз шейіттер еді.
Зәресін алды – үрейін ұшырды, қорқытты (Қ.Т.Ф.С 239 бет).
Шығармадағы қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер :
1. Нағыз «жансыздың» өзі, иненің көзінен өтеді. Иненің көзінен өткендей – пысық, қайдан болса да тесіп шығатын,кісі әрекеті туралы. (Қ.Т.Ф.С 236).
2. Албырт шағым, әкемнің бір ауыз сөзіне бола атжалмандай қасарыстым да қалдым .Қояншығым қозып кеткен. Қояншығы ұстады – долданды, қырсығып қалды. Бұл фразеологизмдер арқылы автор адамның мінез қасиеттерін ұтымды көрсеткен.
3. Қыздар үріп ауызға салғандай екен : бірі «азия», бірі – «еуропа»...Үріп ауызға салғандай – аса әдемі, сүп-сүйкімді.(Қ.Т.Ф.С 551 бет). Бұл сөйлемде автор фразеологизмді теңеу ретінде қолданып тұр.
...