Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Т. Драйзер шығармаларындағы әйел тағдыры

Автор:   •  Апрель 9, 2018  •  Курсовая работа  •  16,250 Слов (65 Страниц)  •  950 Просмотры

Страница 1 из 65

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Т. Драйзер шығармаларындағы әйел тағдыры»

Мамандығы   050205  – Филология

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3

1 Теодор Драйзердің шығармашылық ғұмыры................................................5

2 Теодор Драйзер шығармаларындағы әйел тағдыры....................................26

2.1 «Аяулы Керри» романындағы әйелдер галереясы.................................26

2.1.1 Тынымсыз тіршілікке бейімделген Минни.......................................28

2.1.2 Өмір еркелері Джулия және Джессика Герствудтар....................... 30

2.1.3 Кереғар бейнелі миссис Вэнс.............................................................32

2.2 Қалталы тұрмысқа ынтық Керри.............................................................33

2.2.1 Керри таңдау алдында.........................................................................34

2.2.2 Мұқтажсыз күн кешу...........................................................................34

2.2.3 Алдамшы сенім жетегінде..................................................................36

2.2.4 Некелі өмір...........................................................................................39

2.2.5 Арбаған, алдамшы жалған..................................................................42

Корытынды.........................................................................................................45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....................................................................46

        

Кіріспе

Теодор Драйзер – ХІХ-ХХ ғасырлар шегінде өмір сүрген АҚШ-тың әйгілі жазушыларының бірі. Бұл уақытта американдықтардың тағдырында елеулі өзгерістер орын алып жатты. Олар американдықтар өмірінің әлеуметтік жағын ғана қозғап қоймай, жеке тұлғаның қалыптасу мәселесіне де ықпал етті.

Өзінің «Аяулы Керри», «Дженни Герхардт» шығармаларында Драйзер әйел образдарының жүйесін жасап, олардың тағдыры арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық мінездемесіне, оның сана ерекшеліктеріне талдау жасады.

Зерттеу нысаны – жазушының позитивизм және социал-дарвинизм теорияларына, Ницше, Фрейд, Макиавелли, Эмерсон және басқа философтардың идеяларына қызығушылығын көрсететін философиялық, эстетикалық және психологиялық ізденістерінің күрделі кешені әсерімен жасалған Драйзер шығармаларындағы әйелдердің көркем бейнелері.

Тақырыптың өзектілігі. Драйзер шығармашылығындағы әйел образдарын тұтас көркемдік жүйе түрінде қарастыру қажеттілігімен, сондай-ақ осы образдарды жасауда қолданылған көркем әдістерді талдау міндетімен белгіленеді.

Т. Драйзердің шығармашылығы 1900 жылы оның алғашқы романы «Аяулы Керри» жарыққа шыққаннан кейін зерттеле бастады. Драйзердің өмірі мен шығармашылығына арналған алғашқы жұмыстардың бірі - Д. Дадлидің кітабы. Бұл кітапта өмірбаяндық деректермен қоса жазушы замандастарының пікірлері де берілген. Әр жылдары Ф. Матисен, А. Кейзен және Ч. Шапиро, М. Тьядер, Р. Лунден, Р. Лехан жазушы жасаған көркем образдар жөнінде жазды. Алайда бұл образдар тұтас образдық жүйе түрінде әлі де ұсынылған жоқ. Р. Элиастың редакциясымен шығарылған Драйзердің үш томдық эпистолярлық мұрасы жазушының жеке тұлғасы және өмірлік принциптері жөнінде қосымша мәлімет береді.

Ресей американистикасында Т. Драйзердің шығармашылық мұрасын зерттеуге С.С. Батурин, Я.Н. Засурский, Г.П. Злобин, Н.И. Самохвалов және тағы басқалары үлес қосты. Солардың ішінде жазушының көркем мұрасын зерттеуге бас бұрған алғашқы  әдеби сыншы С.С. Динамов болды.

Драйзердің шығармашылық мұрасына қатысты зерттеулер көп болғанымен, жазушы жасаған көркем образдарды бір жүйеге келтіру жұмысы сыншылардың назарынан тыс қалған. Жазушы шығармашылығында жеке тұлғалардың көркем модельдерін, сондай-ақ олардың типтерін бөлу мүмкіндігі бар. Бұл мәселе әлі де зерттеушілердің қарастыруын талап етеді.

...

Скачать:   txt (214.7 Kb)   pdf (508 Kb)   docx (87.4 Kb)  
Продолжить читать еще 64 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club