Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанда исламның таралуы

Автор:   •  Ноябрь 12, 2021  •  Реферат  •  1,463 Слов (6 Страниц)  •  497 Просмотры

Страница 1 из 6

                            Қазақстан Республикасы білім және ғылым  

                                                       министрлігі  

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                                                    [pic 1]

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстанда исламның таралуы

                     

 Орындаған: Тасболат Фаризада

                                         Қабылдаған: Каупенбаева С.М.

                                             

                                              Алматы 2021


Қазақстанда  исламның таралуы

  1. Ислам дінін таратушылыр
  2. Қазақ жеріндегі халықтардың исламның ықпалы

Қазақ даласына ислам діні алғаш рет тарала бастаған уақыт VII ғасырдың  басы болды. Мұхаммед пайғамбар 632 жылы дүниеден өткен соң, оның ізбасарлары ислам дінін тарату мақсатында «ғазауат» соғыстарын жүргізе бастайды. Жан-жағындағы мемлекеттерді жаулап болған соң Орта Азияға қарай жылжи бастады. 714 жылы араб қолбасшысы Кутейб ибн Мүслім өз әскерімен қазақ жерінің оңтүстігіне басып кіреді. Қазақстан тұрғындарының исламдануы осы кезден басталады. Орта Азиядағы арабтардың көздеген жері Мауеренахр еді. Түркеш қағанаты  бауырластарына  қол ұшын беріп , арабтарды  Орта Азиядан қуып шыға алды.Түргештердің әсекербасы Баға Тархан опасыздықпен Сұлу қағанды өлтіріп билікті өз қолына алады.Оның таққа отыруына себепші болған арабтар , егер Баға тархан ислам дінін қабылдаса оны жөніне қоя беруге келісті. Дегенменде Түргеш мемлекеті айтарлықтай әлсіреп,  араб қолбасшысы Наср ибн Сейяр қайтадан Орта Азиядағы араб билігін қалпына келтіре бастады.

Арабтар Мауараннахрды Әбдімәлік ибн Маруан тұсында ғана жаулап ала алды. Хорасан билеушісі Кутейб ибн Муслим Орта Азияға қоныстанған , ішкі қырқыстардан әбден әлсіреген түркі тайпаларын  басып алды. Сөйтіп, 705 жылдың өзінде-ақ бүкіл Орта Азияны уысында ұстады. Балхты басып алған Кутейб ибн Муслим Бұхарға ұмтылды. Соғдылар мен түркі тайпалары арасына от салу нәтижесінде Бұхарды алды. Ауыр шайқастардан соң соғдылықтар астанасы Самарқан қолға түсті. Наршаһидің жазуынша, Кутейбаның әскері Бұхарды бірнеше қайтара алғанымен, арабтар кете салысымен жергілікті халық ислам дінінен безіп, өз ата-бабасы ұстанған дінге көше берген. Соңында Кутейба, қалаға сол қаланың тұрғындарының жартысына жуық мөлшердегі арабтарды әкеліп қоныстандырды. Солардың күшімен ислам дінін енгізіп, бұрынғы табынатын пұттарын талқандап, оның орнына мешіттер салдырды. «Кімде-кім мешітке келсе, оларға Кутейба екі дирһам береді» деп жар шақыртады.  Нәтижесінде қоқан-лоқы, сатып алу, т.б. жолдармен Орта Азияға арабтар ислам дінін енгізеді.

Міне, осыдан кейін кең далада емін-еркін көшіп-қонған қазіргі Қазақстан территориясындағы түркі тайпалары арасынан ислам дінін тарату үшін миссионерлер ағылды. Олар көшпенді халыққа күштемей-ақ ислам дінін енгізу жағын қарастырды. Оларға қазіргі қазақ халқын құраған тайпалар ұстанған дін, исламға көп жағынан ұқсас болып көрінді.

 Шындығын айтқанда, ислам діні Қазақстанға күштеп енгізілген жоқ. Қазақстанда сол дәуірде қалыптаса бастаған феодалдық қатынастарға ислам дінінің кері әсері болмады, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсті. Феодалдарда бұл дін туралы оң көзқарас қалыптасты. Өйткені бұрыннан келе жатқан шаман діні феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра алмады. Ал ислам діні болса халықты рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды.Оның үстіне ислам дінінде «тәртіпке бағынған құл болмайды» деген идеология уағыздалды.Осындай тиімді жақтарына қарамастан қазақ тайпалары өзінің бұрыннан келе жатқан шаман дінін, ата-баба аруағын қастерлеуді ұстанып, ислам діні қағидаларына мән бермеді. Мұсылман билеушілер мұсылман емес билеушілермен соғысұаны жайлы да ақпарат бар.Рузбиханның жазуына қарағанда, қажет десеңіз XVI ғасырдың өзінде де қазақтар пұтқа табынушылар деп танылып, оларға қарсы «ғазауат» соғысына шығуды талап еткен.  Араб миссионерлері қанша үгіт-насихат жүргізсе де халық ата-баба аруағына, тәңірге ұзақ уақыт бойы сыйынуын жалғастырып келді.Халық үшін ата-бабаларының батасы мен ризашылығы маңызды болды. Ата-баба аруағы оларды бәле-жаладан сақтап,шаңырақтарын шаттыққа толтырып,молшылықта өсіп-өнуіне көмектеседі деп сенді «Аруақ аттаған оңбас» деп аруақты ұмытпады. Әбу Ханифа жол салған суниттік ағым басқаларына қарағанда көнімпаз, басқа халықтардың әдет-ғұрып заңдарына бой ұсынғыш болуы , қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. Сондықтан да қазақтардың әдет-ғұрпы өз кезегінде ислам діні шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, қайта феодалдық қарым-қатынастың жандануына игі әсер ететін шариғат заңдарын қабылдап алды. Сөйтіп, екі наным ұзақ мезгіл бойы бір-біріне зиян келтірмей, қатар өмір сүрді. Сол себепті де қазақтардың әдет-ғұрпы көбіне өзінің бұрынғы болмысын сақтап қалды.Қоғамдық маңызы зор мәселелердің көпшілігін билер ежелден келе жатқан ата-баба заңдары бойынша шешіп отырды. Ал өз кезегінде араб миссионерлері де қазақ тайпаларының тілін, әдет-ғұрпын, сенімдерін, праволық нормаларын, мәдени жетістіктерін ысырып тастамай, олармен санасып отырды.Бұлардың бәрін исламға қайшы келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты.

...

Скачать:   txt (17.1 Kb)   pdf (130.7 Kb)   docx (169.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club