Рухани жаңғырудың әлемдік тәжірибесі
Автор: Emptyhouse • Март 7, 2022 • Эссе • 505 Слов (3 Страниц) • 251 Просмотры
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы арқылы өткенімізді дәріптей отырып, болашағымызға көз жүгіртуімізді ұсынған болатын. Бұл бағдарлама- қазіргі жаҺандану кезеңінде еліміздің біртұтас ұлт болып қалыптасуының кепілі. Рухани жаңғыру ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақпен туған жердің байланысын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру- жалпы адамзаттың сана-сезімінің, жан дүниесінің гүлденуі, тарих тармақтарына мән беріп, дамыған техника заманында ұлттық болмысымызды жоғалтып алмау шарасы.
Адамзаттың қазіргі дамуын бақылау барысында халықтар, мемлекеттер, мәдениеттердің жақындасуы көрініс тауып отыр. Ертеректе әлемнің жекелеген елдері мен халықтары бір-бірінен оқшауланған еді. Бүгінде олар өзара терең байланыстарға түсіп, барлығы тығыз қатынастар орнату үстінде. Әлемдік қауымдастықта мемлекеттер мен халықтардың саяси, мәдени, экономикалық және басқа да қатынастарын реттейтін халықаралық және аймақтық ұйымдар бар. Біріншіден, рухани жаңғыру- қазіргі таңда басқа мемлекеттер үшін Қазақстанның мәдени және тарихи қоры, яғни, қазақ халқының болмысын тереңірек көруге мүмкіндік беретін кілт ретінде танылды. Бұл тек қазақ ұлтының ғана емес, сонымен қатар елімізде тұрып жатқан, сонау қиын-қыстау заманда елімізге пана іздеп, Қазақстанды екінші Отаны еткен ұлт өкілдерінің де тарихы мен мәдениеті.
Екіншіден, бұл бағдарлама өзге елдерге Қазақстанның жан-жақты салаларда дамығанын және әлемдік деңгейдегі орынға талпынысын айқын көрсету. Білім- кез-келген салада бағаланатын асыл тас. Осыны ескере отырып, ұлт зиялылары жастарға тек білім табысқа жетудің кілті екендігін түсіндірді: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді». Сондықтан заманауи жоғары дамыған технологиялық қоғамның ілгері дамуы үшін білімді және адал азаматтар, қоғамдық өмірдің жаңа қағидаларын қалыптастыратын тұлғалар қажет. Қоғамдағы өмірді қалыптастыру жолында қоғамдық-гуманитарлық білімдердің маңыздылығы мына қағидалармен байланысты деп ойлаймыз: біріншіден, білімді қоғам бұл қарапайым ақпараттық қоғам ғана емес, бұл маңызды құндылықтар қорын құратын тұлғалық әлеуеттің қоғамдық және адами даму ілімдеріне сүйенетін қоғам. Екіншіден, экологиялық және әлеуметтік дағдарыстар шарттарындағы адамның кәсіби қызметі болжамдарына сәйкес келетін қоғамның қауіпсіздігі мен даму басымдықтарын қамтамасыз ететін қоғам.
...