Мәдениеттану ғылымы
Автор: Nurzat_Tolegen • Февраль 10, 2022 • Реферат • 259 Слов (2 Страниц) • 365 Просмотры
Тақырыбы: «Мәдениеттану ғылымы»
Орындаған:Төлеген Нұрзат
Талай ғасырлардың сын елегінен өткен, әлемді меңгерудің мейлінше байтәжірибе-тағылымы бар екендігі, небір тарихи дәуірлердің рухын жинақтаған, арман-ойларын, үміттері мен межелерін уақыт сүзгісінен өткізген мәдениеттің теориясы мен тарихының рухани-шығармашылық маңызының зор екендігі ақиқат.Мәдениеттану пәнінің мақсаты-мәдениеттану тілінің қоғамдағы орны мен ролін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен рухани ізденістерін студенттермен бірге талқылау.
Мәдениеттану-салыстырмалы түрде жас ғылым. Ол өткен ғасырда әлеуметтану, антропология, тарих, психология, философия және басқа да бірқатар ғылымдардың элементтерін біріктіре отырып пайда болды. Егер бұрын адамзат мәдениетінің әртүрлі аспектілері шашыраңқы және атүсті зерттелген болса, қазір көптеген білім бір ғылыми пән аясында біріктіріліп, жүйеленген. Бұл ғылым адамзат мәдениеті мен оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Мадениеттану жеке ғылым ретінде XX ғасырдың басында ғалыптасты.Мұны қалыптастырушылар америкалық этнолог Эдуард Тайлор мен неміс химигі Вильгельм Оствальд болды.Бұл терминді ғылымға енгізген америка антропологы Лесли Уайт болатын.
Мәдениеттанудың негізгі мақсаты-мәдениетті зерттеу және оны түсінуді қамтамасыз ету. Осы мақсатқа жету үшін мәдениет фактілері, жеке мәдени құбылыстар арасындағы байланыс, әртүрлі мәдениеттердің динамикасы зерттеледі. Сондай-ақ белгілі бір мәдени құбылыстардың пайда болуы мен дамуына әкелетін процестер, мәдениеттердің түрлері және оларға тән моральдық нормалар мен құндылықтар зерттеледі.
Мәдениеттану пәні сонымен қатар жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалы ерекшеліктерін, олардың өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттей отырып, адамзат баласының біртұтас мәдени даму процесінің жалпы заңдылықтарын анықтайды.Яғни, мәдениеттану пәні түрлі қоғамдар барысындағы мәдени өмірдіжан-жақты қамти отырып, ондағы басты мәдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.
...