Мәдениеттану жайлы
Автор: habibullayevvna • Март 11, 2021 • Эссе • 283 Слов (2 Страниц) • 399 Просмотры
Мәдениеттану жайлы
Тарих бойына адам толассыз даму үстінде келеді.Бұл адамның ең басты қасиеті,яғни әрқашан да айналасын жақсарту,өзінің деңгейін жоғарылату,ең жақсыға ұмтылу,және дәл осы қасиеттің арқасында біз бүгінде жоғары дамыған қоғамда өмір сүрудеміз.Адамның дамуы оның өзін өзі тануының дамуына ұласты.Бұл танымның үлкен бір бөлімі мәдениет болып табылады.Мәдениеттің қалыптасу тарихы өте тереңде жатыр.Арабтың “маданият”-қалалық өмір деген сөзіне еуропалық “культура”,яғни егін шаруашылығы деген түсінігімен бірігіп,ең алғаш Цицерон берген анықтама негізінде дамыды.Орта ғасырларда және жаңа заманда өзге ғылымдардай кең таралмағанмен,ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ басында бұл ғылым өте тез әрі қарқынды өрбіді.Оған бірнеше себеп болды:
- қоғамда даму нәтижесінде рухани салада сұрақтар пайда болды;
- бұл сұрақтарға дін мен билік жауап бере алмады;
- қоғамдық ғылымдардың барлығы даму үстінде болды;
- мәдениет түсінігін зерттеу басталды;
Мәдениет белгілі кезеңдерден өтеді.Ол кезеңдер құрылу кезеңі,даму кезеңі мен ыдырау кезеңі.Көптеген ғалымдар Жер тарихында он үш ірі мәдениет болғандығын айтады.Соның бірі аса ірі көшпенділер мәдениеті.Мәдениеттер бірін бірі алмастырғанда,мұра ретінде өзіне дейінгі мәдениеттердің ең жоғары жетістіктерін алады.Мысалға көшпелілер мәдениетінің мұралары бүгінде Евразия халықтары арасында олардың мәдениеттерінің негізі болып отыр.
Мәдениет рухани және материалдық болып бөлінеді.Рухани мәдениет ол адамдардың білімі,ғылымы,әдеби туындылары,наным сенімдері мен діндері.Рухани мәдениет шын мәнінде бір мәдениеттің жалпы мінездемесін беруге үлкен септігін тигізеді және ұлттық бірлік пен ұлттық сана негізі болып табылады.Ал материалды мәдениет сол мәдениетте өмір сүрген адамдардың қолданған заттары,олардың күнделікті өміріне қажет болған құралдар мен жабдықтар.Бұл шын мәнінде мәдениеттің басты мұрасы,себебі осы материалдық мәдениет мұралары сол мәдениетті зерттеу ісінде басты қарастырылатын заттар ретінде қарастырылады.
...