Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ана тiлiмнiн айкын ахуалы

Автор:   •  Апрель 15, 2024  •  Реферат  •  800 Слов (4 Страниц)  •  114 Просмотры

Страница 1 из 4

                        АНА ТІЛІМНІҢ АЙҚЫН АХУАЛЫ

                                            Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті. Біздің  

                                                      жастарымыз ана  тіліне жетік, білімді,

                                                                                    мәдениетті болсын. 

                                                                                            Ахмет Жұбанов

       Әр ұлттың өзіне тән өлмейтін тілі болады десек,біздің қазақ халқының сан ғасырлық шежіресінің куәгері,өлшенбес байлығы бар.Ол ана тіліміз-қазақ тілі.Мемлекеттік тіл ретінде ана тіліміз еліміздің негізгі атрибуттарының бірі болып саналады.Тарих қатпарларына үңілер болсақ,ана тіліміз қайсар халқымызбен бірге түрлі сынақтан өтіп.қазіргі таңда дербес тіл ретінде биік мәртебені иеленді.Тілімізді құрметтеу -әрбір қазақ орындауға тиіс маңызды міндет. Ал Қазақстан азаматтары құрметтеуге тиіс ұлттық тіл- қазақ тілі. Қазақ тілі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі" статусын 1989 жылы 22 қыркүйекте иеленді, сонымен қатар осы жылы           "Қазақстан Республикасының тілдер туралы" заңы қабылданды. 1995 жыл 30 тамыздағы референдумда қабылданған жаңа конституцияның 7-бабында ұлттық тілімізге байланысты "мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайтыны" және "мемлекеттік ұйымдарда және өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады" делінген. Еліміздің барша азаматтарына мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне материалдық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасалған.

        "Тіл майданы" қозғалысының басшысы Қуат Ахметовтің сөзінше, қоғам қазақ тілінде сөйлеуі үшін заң жұмыс істеуі керек."Бізде бәрі көзбояушылық. қазақша нан сұрай алмайтын ұлтқа айналдық. Ұлтына қарамастан қазақша нан сұрасақ "қазақша білуге міндетті емеспін" деп шу көтереді. Сол жерде жанжал басталады. Қазақстанның әрбір азаматы тіліне, ұлтына қармастан нан, сүтті қазақ тілінде сұраса және қазақша жауап беруін талап етсе, заң жұмыс істей бастайды. Сол жерге полиция қызметкерлерін шақырып, хаттама толтыруы керек. Әр қазақ осылай жасағанда ғана тіл майданы басталады", – деді Қуат Ахметов. "Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас" демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Елбасымыз айтқандай, "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде". Ендеше, тілімізді ұлтымызды, отбасымызды қадірлегендей қадірлейік! Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт деп ойлаймын. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың ұлттық ұжымдық тәрбиесін жинақтаудың, сақтаудың құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық берілетіні анық. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл ақылдың - өлшемі. Тіл - адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті.

...

Скачать:   txt (7.2 Kb)   pdf (58.7 Kb)   docx (301.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club