Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы Жібек жолы арқылы мәдениеттердің өзара алмасуы мен қалалардың дамуына әсері

Автор:   •  Март 29, 2023  •  Реферат  •  1,467 Слов (6 Страниц)  •  258 Просмотры

Страница 1 из 6

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Тарих және құқық институты

[pic 1]

Реферат

Тақырыбы:Ұлы Жібек жолы арқылы мәдениеттердің өзара алмасуы мен қалалардың дамуына әсері.

6В01601-Тарих

3курс,301-топ

Орындаған:Егембердиева.А.Қ

Қабылдаған:

                                      Алматы-2023 жыл

Жоспары:

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім.

2.1.Ұлы Жібек жолындағы қалалар мәдениеті;

2.2. Сауда жолындағы қалалар:Отырар,Испиджаб,Тараз т.б

а) Жібек жолы: Чанъань – Тянь-Шань дәлізінің маршруттар желісі

б) Жібек жолының Сырдария желі;Жібек жолының Сарыарқа желісі

2.2.Ұлы Жібек жолындағы артефактілер.

 3.Қорытынды.

4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Ұлы Жібек жолы –Жерорта теңізінен Қытайға дейінгі көптеген аумақты алып жатқан қалалар мәдениетінің торабы болып табылады.Сауда және мәдени байланыстардың аса маңызды қатынас жолы.Ол материалдық құндылықтарды айырбастауға және саудаға, сондай-ақ қолөнерді дамытуға, жаңа қоныстарды құруға және тұтас мәдени жүйелердің өзара әрекеттесуіне ықпал етті. Ұлы Жібек жолы өзі өтетін аумақтарға қатты әсер етті. Ұлы Жібек жолының әлемдік өркениет тарихындағы маңызын тек жібек саудасымен байланыстыру қате болар.Бұған дәлел,сауда алмасу мен айырбастауда түрлі заттардың өзара алмасқандығы болып табылады.Сауда керуендері мен дипломатиялық елшіліктер Шығыс пен Батыс тауарларын ғана емес, сонымен қатар мәдени және рухани құндылықтарды да тасымалдайтын жол бойымен жүрді.

Жібек жолының жекелеген бөліктеріндегі қатынастар мен зат алмасуларға тоқталатын болсақ,олар б.з.б 3-2 мыңжылдықта басталған.Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан-лазурит,Хотон аймағындағы Яркент-Дарияның жоғарғы ағысынан-нефрит кені ашылуына байланысты жолға қойылды.Бадахшаннан шығарылған лазурит Месопотамияға,Иранға,Анатолийге,Египет пен Сирияға тасылды.Орта Азия мен Орта Шығысты Жерорта теңізімен және Үндімен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.Б.д.д 1 мыңжылдықтың орта кезеңінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі.Геродот жазбаларына жүгіне отырып қарастырсақ,ондағы тораптар Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін ,одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске,Алтайға сонан соң Жоғарғы Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген агрипийлер еліне қарай созылып жатыр.Аталған жол тораптары арқылы былғарылар мен терілер,иран кілемдер,құнды металлдан жасалған бұйымдар таралып жатты. Жібек жолы бойындағы қала орталықтары ең алдымен ең қолайлы климаттық және стратегиялық географиялық аймақтарда орналасқан алып аймақтық саяси және экономикалық орталықтар болды. Бұл орталықтар ешқашан экономикалық тұрғыдан тек Жібек жолына сүйенбеген, бірақ олар Жібек жолының жаһандық жүйе ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін аймақтық «өткізушілер» болды.

Жібек жолы саудасының қызған шағында, біздің эрамызға дейінгі 200-800 жылдар аралығында саудагерлер өз тауарларын Қытайдың солтүстік-батысындағы қазіргі Шыңжаң аймағындағы Такламакан шөлінің айналасындағы солтүстік және оңтүстік бағыттар бойынша бір оазистен екінші оазиске тасымалдайтын.

2.1. Ұлы Жібек жолы бойындағы алғашқы алмасулар біздің дәуірімізге дейінгі 2 ғасырдың екінші жартысынан басталады, бұл қытай және грек-рим деректерінде кездеседі. Дегенмен, мәдени, рухани, саяси және экономикалық байланыстар неолит дәуірінде және қола дәуірінің ерте егіншілік өркениеттерінде басталды.Жібек жолы әртүрлі ұзындықтағы керуен жолдары жүйесі ретінде пайда болды. Керуендер күн сайын орта есеппен 23-26 км жол жүре алды. Құрлықаралық жолдың ұзындығы он мың шақырым, континенттік бірнеше мың, ал жергілікті жолдар бірнеше шақырым ғана болды. Сондай-ақ кішігірім жолдар, тау соқпақтары, аңшылық алқаптар мен егіншілік жайылымдары болды. Бұл маршруттар кейбір тораптардағы күшті бекіністермен нығайтылған маңызды стратегиялық жол ретінде қызмет ететін бос транзиттік жол болды. Ұлы Жібек жолы бойындағы байланыстар маңызды сәулет ескерткіштерінен тұратын және көшпелі керуен топтарының аялдама орны ретінде қызмет ететін бірегей қалалар мен қала-мемлекеттердің пайда болуына алып келді.Олардың орналасуы Еуропадан Қытайға және Магрибтен Үндістан субконтинентіне дейінгі әртүрлі өркениеттерге ортақ болған қала орталықтарында орналасқан.

...

Скачать:   txt (22.4 Kb)   pdf (1.5 Mb)   docx (1.6 Mb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club