Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
Автор: danamangeldin • Сентябрь 30, 2021 • Контрольная работа • 894 Слов (4 Страниц) • 506 Просмотры
Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы бұзылуының салдары
1. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері
1925 ж. желтоқсан айында болған ВКП(б)- ның ХІV съезінде айтылған индустрияландырудың іске асуы Қазақстанда бірқатар қиындықтарға ұшырады. Оның бастысы әлеуметтік-экономикалық артта қалушылық. Кеңес үкіметінің ойлауы бойынша қазақ халқы феодализмнен социализмге капиталистік даму кезеңін өткергеннен кейін екпінді түрде өтуі керек еді. Жағдай азамат соғысынан кейін халық шаруашылығын қалпына келтірудің созылып кетуімен де қиындады. Бұл қиындықтар және Қазақстандағы 20-30 жж. қоғамдық-саяси күштердің ауысуы республиканы индустрияландыру жолдары және ұлттық жұмысшы кадрларын дайындау мәселесі айналасында көптеген дау туғызды. Осы кезде бірнеше көзқарас туындады. Ол көзқарастар қандай және кімдер қарсы болды? Пікір таластардың негізгі сұрақтары индустрияландыру бастамалары мен әдістері болып қала береді. Көптеген авторлардың есептеуі бойынша оның жоғарғы қарқыны, сондай-ақ оның жеңіл өндірістен басталмай бірден қиынынан басталуы елдің экономикасына қиындықтар туғызғанына назар аудару қажет. Ол жылдары ұлттық кадрларын дайындау тәжірбиесі арнайы зерттеуді қажет етеді. Оларды дайындауда және бекітуде мысалы, Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы РСФСР Халық Комиссарлары Одағы төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың басшылығындағы Түркістан-Сібір темір жолының құрылысына әрекеттесуші комитеттің рөлі зор болды. Дәл осыған ұқсас комитеттер жергілікті жерлерде, магистральдарды салу аудандарында ұйымдастырылғанына талдау жасау керек.
2. Бай қожалықтарын тәркілеу және оның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.
1925 жылдан 1939 ж. аралығында Қазақстандағы кеңес үкіметінің саясаты республика үкіметіне Ф.И.Голощекиннің келуімен сипатталады. Бұл кезең «Кіші Қазан» саясаты белгілі еді. Голощекин Республика үкіметі жанынан аудару басқармасын «Астана Медицина Университеті» КеАҚ ПС-8.2 Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасы 3 беттің 2 беті ұйымдастырады. Бұл жарғыда көшіп келгендерге жергілікті ұлт өкілдерінің жеріне бекітілсе, арнайы жер қоры бөлінді, яғни, жаппай ұжымдастыру мен көшкенділерді жаппай отырықшыландыру арқылы жер қоры берілуі делінген. Қысқа мерзім ішінде қазақ халқы үшін қауіпті бірнеше шешімдер қабылданады. Ол қандай шешімдер? Ф. Голощекин: “Жайылымдық жерді бөлу деген не?“ дей отырып, бұл науқанға зор екпін беру үшін және өз төңірегіндегі большевиктерді жігерлендіру үшін “Бұл кіші Қазан“ – деді. Ф. Голощекиннің көздеген мақсаты не? 1927 жылдан кеңестік әкімшілік-командалық жүйе ЖЭС-тың нәтижелерін белсенді түрде жоя бастады. 30 жылдардағы трагедияның алғашқы актісі – «Ірі байлардың шаруашылығын конфискелеу» туралы заң болды. 1928 ж. 27 тамызында ҚазОСК мен Қаз ССР СНК-ның «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы»; осы жылдың 13 қыркүйегіндегі – «ірі жартылай феодалды байларды жер аудару мен конфискелеу кезінде қарсы әрекеттер үшін қылмыстың жауапкершілік туралы»; 1930 ж. 19 ақпанындағы – «Бай-кулактармен күрес және аудандардағы жаппай коллективтендірудегі ауыл шаруашылығын әлеуметтік нығайту бойынша шаралар туралы» шешімдер қабылданды. Осы заңдардың мазмұнын сабақ барысында фактілерге сүйене отырып талдау қажет.
3. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшу. Ұжымдастырудың әдістері, түрлері, қарқыны.
1929 жылдан бастап Қазақстанда тікелей ұжымдастыру басталды. 1930 жылы 1 сәуірінде шаруашылықтың 50% коллективтендірілді. Ф.И.Голощекин бастаған Республиканың басшылығы бұл акцияны Қазақстандағы «Кіші Қазанның» қажеттілігімен байланыстырғанын деректерді пайдалана отырып зерделеу керек. Ұжымдастыру жылдары 700-ге жуық шаруашылық нысанды конфискеленді, бірақ іс жүзінде Қазақстанның барлық тұрғындары осыдан зардап шекті. Мал шаруашылығы жүйесі,
...