Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы

Автор:   •  Февраль 11, 2021  •  Реферат  •  842 Слов (4 Страниц)  •  752 Просмотры

Страница 1 из 4

Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы, яғни Қазақ хандығының құрылуынан бастап, Тәуелсіздік алғанға дейінгі уақыттарды қамтып айта өтемін.

ХV ғасырдың ортасында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Керей мен Жәнібек хандар құрған ұлыс көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі болды. Қазақ хандығы 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. 1465 жылы қазақтың ең алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің хандықтың туын тіккеніне, 550 жылдығын 2015 жылы дүркіретіп мерейтойды атап өткен болатынбыз. Елбасымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлығы шығып, бүкіл ел болып үлкен іс-шараны атап өттік. Бұл Қазақстанның өткенді білуге деген үлкен құлшынысын көрсетеді деп ойлаймын. Қазақ хандығы құрылғаннан кейін Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі қалыптасып, «Жеті Жарғы» аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді. Керей мен Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған. Қазақ хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның жанында билер мен батырлар тұрды. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұйысудың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. Осылайша, Қазақ хандығы біріншіден, қазақ даласында өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына тарихи сабақтастық ретінде идеологиялық тұрғыдан бірден-бір негіз қалады деп ойлаймын. Мемлекет басшысы Ұлытау төрінде берген сұхбатында: «Қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталатынын, ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасатынын, одан кейін Алтын Орда орнығып, әрі қарай хандық дәуірге ұласатынын және біртіндеп бүгінгі Тәуелсіздікке келіп тірелетінін» атап өткен болатын. Қазақ хандығының тарихындағы маңызды және күрделі, әрі аса қызықты мәселенің бірі – хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2,5 мың жылдай уақытқа созылған этнопроцесс өзінің мәресіне жетіп, ұлттық сипатқа ие болып, қазақ халқының қалыптасуымен бір кезеңде жүзеге асты. Қазақ хандығының құрылуын, мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, ерте орта ғасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, одан кейінгі Алтын Орда және Ақ Орда тарихымен тікелей байланысты болып келеді. Қазақ хандығы құрылуының маңызы осындай этникалық саяси дамулармен тығыз байланыста ерекшеленеді. Алайда, Қазақ хандығының құрылуы мәселесі ғылыми жағынан маңызды, өзекті мәселелердің бірі болса да, тәуелсіздік алғанға дейін кеңестік биліктен қаймыққан отандық тарихшылар тарапынан жете көңіл бөлінбегені рас. Тек Қазақ елі егемендік алғаннан соң ғана зерттеушілер басқа да мәселелермен бірге Қазақ хандығының құрылуы тарихына қызығушылықтар таныта бастаған болатын. Нәтижесінде Қазақ хандығының тарихы жас мемлекетіміздің идеологиясын қалыптастыруға септігін тигізді. Оған бірнеше дәйек келтіре кетейін. Біріншіден, 1991 жылы өзінің саяси

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (42.2 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club