Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы
Автор: bedniystudent • Сентябрь 14, 2021 • Доклад • 345 Слов (2 Страниц) • 364 Просмотры
Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы
Қазақ халқының қалыптасуы ұзақ уақытты қамтыды. Тарихымыз сонау Сақ тайпасынан бастау алады. Келесі кезеңі ғұндардың Ұлы Қоныс аударуы, яғни қытайдың ығыстыруымен ғүндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды, орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Бұл оқиға әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, каңлы сиякты тайпалардың шығыстан батысқа карай орын ауыстыруына әкелді.
Ғұндар келген соң біртіндеп түркілену кезеңі басталды. Ғұндар ыдырағаннан кейін Түрік мемлекеттер пайда бола бастады. Түрік қағанаты, Батыс және Шығыс түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлүқ қағанаты, Қимақ қағанаты, Оғыз қағанаты. Содан кейін дамыған ортағасыр басталады. Дамыған Орта ғасырда Моңғол империясы үстемдік етті. Монғол империясы ыдырағаннан кейін мемлекеттер пайла болады. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы. Осы кезден бастап-ақ бірітіндеп Қазақ мемлекеті қүрыла бастайды.
Әбілхайыр хан билігі өте нашар болды. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. Бұл ұлы хандық қазақ халқының өз алдына діні бар, тілі бар, халқы бар тұтас бір ел екенін көрсетті. Хандық күшейген сайын халықтың саны артып, жер көлемі де ұлғая бастады. Ұлы хандықтың қалыптасу жолында толық өзгерістерге ұшырап, елеулі оқиғаларды басынан өткерді. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы қиын және күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларды бастан өткізді.
...