Қазақ мемлекетінің эволюциясы
Автор: Майра Шайхисламова • Февраль 11, 2019 • Эссе • 285 Слов (2 Страниц) • 58,741 Просмотры
Қазақ мемлекетінің эволюциясы эссе
Менің ойымша біздің қазақ деген жеке ұлт және мемлекет болуымыздың бірден бір себебі ол өзіміздің сонау заманнан бері ата-бабамыздан бізге мұра болып сақталып келе жатқан ол біріншіден біздің тарихымыз,екіншіден тіліміз,үшіншіден өзімізге тән салт-дәстүрлеріміз.Мемлекеттілігіміз Қазақ хандығынан бастау алады.Біз мемлекеттілік алғанға дейін Қазақ хандығы үстемдік есткен.Тарихпен бүгінді салыстырып қарайтын болсақ көптеген айырмашылықтарды аңғаруға болады.Себебі егер қазақ хандығы кезінде елде хан билесе,тәуелсіздік алып Қазақстан Республикасы болғаннан бастап президент басқара бастады.Және де қазақ хандығы жылдарында шешімді билер,шешендер ханмен ақылдасып шешіп отырған.Ал қазіргі таңда біздің елімізде министр,депутаттар бар. 1991 жылдың 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды.Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің дамуы мен өркендеуіне көп үлес қосқанын ескермеске болмайды.Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір осы тәуелсіздік алған уақыттан басталады.1986 жылғы аға-апаларымыздың көтеріліске шығуының себебі тек тәуелсіздік ғана емес,сонымен қатар қазақ деген ұлтты сақтап оның жойылып кетуіне жол бермеу деп ойлаймын.Әрине біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікті көптеген елдер оңайлықпен мойындаған жоқ.Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жемісіміз ол еліміздің БҰҰ-на кіруі.1993 жылы 15 қарашада Ұлттық валюта теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді.Тәуелсіздік алғалы бері елімізде көптеген өзгерістер орын алып жатыр.Тіпті қарапайым мысал ретінде Астана қаласын алуға болады.Бұл қаланың негізін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев қалады.Сонымен қатар 2017 жылы ЭКСПО-2017 көрмесі Қазақстанның астанасы Астана қаласында өткізілді.Қазіргі таңда елбасымыз Қазақстан Республикасының алдыңғы елдер қатарынан көрініп,біздің мемлекетімзді өзге елдердің тарихында қалдыруы үшін бар күшін салып жатыр.
...