Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы
Автор: Zhandiyar Koken • Сентябрь 22, 2021 • Реферат • 414 Слов (2 Страниц) • 418 Просмотры
Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы
Мемлекетілік бұл бөлек бір мемлекет құру кезінде немесе құлдырап жатқан мемлекетті калпына келтіретін әлеуметтік қауымдастық. Яғни бұл дегеніміз халықтың бір тұтастығы мен елдігін білдіреді. Бүгінгі күндері еліміздің халқының тату екендігін барлық әлем біледі. Әрине халық арасында келіспеушіліктер де болып тұрады алайда ел мемлекеттілігінің күшін жоғалтпау үшін халқымыз тез шешімдер жасау арқылы елдігіміздің тыныштығын сақтап отыр.
Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықта Қазақстан жерінде мекен еткен Сақтардан қазақ халқының тарихы басталады десекте болады. Сол кезеңдерден бастап еліміздің тату да ынтымақ ел болғанын көре аламыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші халқымыз көптеген мәселелерді бір ауыздан шешіп ел тыныштығын сақтап отырған. Ғұн тайпалары кезіндеде халық көшпелі болғанына қарамастан ешқашан бөлінбеген. Ал 1465 жылдан бастап Қазақ елінің түп тарихы басталды. Иә осы жылдары Әбілқайыр хан Сығанақ түбіндегі қалмақтармен болған шайқаста жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандары бастаған ру-тайпалар Шу өңіріне келіп қоныстанып. Осы өңірден Қазақ хандығының негізі каланды. Осы кезеңде халық екі ойға бөлінген кей біреулері Әбілқайыр ханнан бөлініп жаңа хандық құрған дұрыс десе кей біреулері керісінше сойлеген болатын алайда 200 мыңнан астам адам сұлтандардың артынан еріп хандық құруға азда болсын өз үлестерін қосыты. Бір тұтас ел құрып халық орныққаннан кейін Керей мен Жәнібек өзге елдермен саяси жұмыстар жүрізді. 1511 жылы Жәнібек ханның ұлы Қасым сұлтан таққа отырды. Әрине Қасым хан өз тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайын нығайта түсті.Алайда Қасым ханның билікте отырған кезеңінің аяқ тұсына келгенде еліміз әлсірей бастаған еді. Алайда Қасым ханның баласы Хакназархан таққа отырып әлсіреген халықты біріктіруге үлкен үлес қосты. Ал еліміздің бірілігі мен ынтымақтастығы Жәңгір ханның тұсында үқрінген болатын. Орбұлақ шайқасы кезінде қазақтардын саны жоңғар әскеріне бірнеше есе аз болсада артқа шегінбей халқымыз ел әскеріне соңына дейін сенген болатын. Тәуке ханның кезеңінде бірнеше заңдар шығарылып Жеті Жарғы құрастырылды. Халық саны көзге көрінерліктей ұлғая бастады. 19 ғасырдын аяқ тұсына келгенде Орыстандыру саясатыбасталып қазақ халқы көп қиындықтарға тап болды. Елімізде қаншама көтерілістер болып аштық кезеңдерін де халқымыз басынан кешірген.Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан еліміз 1991 жылы батыр жастарымыздың қаны мен терісінің арқасында мемлетектілігімізді сақтап Тәуелсіздігімізге ие болдық. Ал 2015 жылы ҚР Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлап бейбіт өмір сүруде.
...