Қазақстан мемлекеттігінің эволюциясы
Автор: asselya29 • Февраль 16, 2022 • Эссе • 311 Слов (2 Страниц) • 292 Просмотры
Біздің еліміз егеменді Қазақстан, белгілі бір тарихи оқиғалар мен кезеңдерден өтудің нәтижесінде үздіксіз даму жолында. Бүгінгі таңда қазіргі Қазақстан құқықтық мемлекетті құрудың алғышарттарын анықтап, оларды жүзеге асыруда. Дегенмен, белгелі бір мемлекетті құру кезінде халықтың өткенін түсінбей, азаматтық қоғам құру еш мүмкін емес. Қазақстан халқы мен оның әрбір азаматы үшін "егемендік" сөзінің мағынасы ерекше маңызға ие және қазіргі кезеңде мемлекеттігімізді түсінудің, оны адан әрі дамытудың қайнар көзі болып табылады.
Негізіде, Қазақстан тарихында тәуелсіздіктің қалыптасуының төрт кезеңдерін бейнелейтін төрт ірі оқиғаларды қамтиды. Ең алғашқы, қазақ халқының өз хандығының пайда болуына түрткі болған елеулі оқиғаны қамтитын, 1456 жылы болған Жәнібек пен Керейдің көші қон кезеңі болып табылады. Қазақ халқының жүректерінен еш өшпейтін Жәнібек пен Керей шейбанидтердің билігінен құтылып, өздеріне бағынышты руларды жинап алып, қазақ халқының басын біріктірді. Онымен қоса Қасым, Тәуке, Хақназар, Тәуекел, Есім хандарының саясаты Қазақ хандығының дамуы мен өркендеуіне үлкен үлесін қосты. Екінші кезең, қазақтардың ұлттық мемлекеттілігінің тәуелсіздігін сақтау үшін жасалған жоңғар шапқыншылығына қарсы бір жарым ғасырға жуық созылған күресі.Үшінші кезең, тоталитаризмге қарсы күрестің алғашқы белгілеріне жататын, қазақтардың орыс саясатына бағынбау мен тәуелсіз болу мақсатында жүргізілген отаршылдыққа қарсы саясаты болды. Қазақстанда отарлық езгінің күшеюі қалың бұқараның өткір наразылығын тудырды. Халықтың ірі толқулары көбінесе ұлт-азаттық көтерілістерге ұласты. Қалың бұқараға Сырым
...