Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы
Автор: Айгерим Махбуд • Сентябрь 30, 2021 • Эссе • 398 Слов (2 Страниц) • 357 Просмотры
Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы
Эссе
Қазақ мемлекетінің даму тарихы бірнеше ұзақ кезеңдерден құралған. Қазақстан тарихын жалпы 4 кезеңге бөліп қарастырылған. Олар: ежелгі Қазақстан (б.з. V ғ. Дейін), орта ғасырлардағы Қазақстан (VI . XVII ғғ.), жаңа замандағы Қазақстан (XVII . XIX ғғ.), Қазіргі замандағы Қазақстан (XX ғ.). Арасындағы ең ұзағы ежелгі болып саналады. Ол бір миллионға шамалы созылған. Ежелгі Қазақстан тарихы 3 дәуірден тұрады: тас, қола және темір дәуірлері. Адам баласының пайда болуы және оның эволюциясы дәл осы ежелгі тарихта орын алған. Ең бірінші адам питекантроп кейінгісі синантроп, неандерталь адамы, кроманьон адамы деген даму кезеңінен тұрады. Алғашқыда олар жеке-жеке жүрді. Ол қиын болғандықтан тобыр болып бірікті. Тобырдан руға, рудан тайпаға жиналды. Қазақ жерінде адамдар 1 млн жыл бұрын пайда болды. Ол жаңалықты атақты қазақ археологы Хасан Алпысбаев жариялаған еді. Бастапқыда отанымызды қаңлы, үйсін, ғұн, сақ сиқты тайпалар мекендеді. Аң аулау, егіншілікпен айналысу, қолөнер, металл өңдеу секілді шаруашылықтар сол тайпалардың арқасында дами түсті. Қаншама жылдар дамуынан кейін он бесінші ғасырда қазақ халқы пайда болды. Негізін құраушылар Жәнібек пен Керей еді. Құрамы әртүрлі рулардан тұрды: найман, керей, үйсін, арғын, маңғыт, қоңырат. Ол рулар көптеген мемлекеттерден бөлініп шығып келіп қосылған болатын. Алайда сол еңбек тәуелсіздігімізден айырылған кезде құлдырады.
18-19 ғасырларда қазақ халқы өзге мемлекеттің езгісіне ұшырады, ұзаққа созылған күрестер жүргізілді. Ең бірінші Жоңғар хандығымен көлемді төңкеріс болды. Кейін Цинь империся, Орталық Азия қосылды. Бірақ ауқымды қауіп төндірген Ресей империясы атанды. Ресей алдауына түсіп қалған даламыз біраз жерінен, халқынан, тыныштықтан, төр-түлік малынан айырылды. Сөйтіп екі ғасыр бойы киелі тұрағымыз Ресей отарында қалып, зардап шекті.
Көптеген хан-сұлтан, батырларымыз Қазақстанның тәуелсіздік алу жолында үлкен үлесін қоқан еді. 2015 жылы Қазақстанның тәуелсіздік алуына 550 жыл толған болатын. 550 жылдық мерейтойында Елбасы Н.Ә. Назарбаев біздің мемлекеттігіміздің бастаулары, кезеңдері мен сабақтастығы туралы пікір қалдырған болатын және мен айтылған оймен толықтай келісемін. «Баршамыздың киелі атамекені – қазақтың Ұлы даласы. Тәуелсіздік – біздің маңдайға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, жасампаз халық бар. Ол – ержүрек қазақ халқы. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мұраты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау». Осы сөздері біздің басты борышымыз – Отанымызға қорған болу керек екенін еске салады. Бабаларымыз салып берген жолдың жалғасы екенімізді ұмытпай, қазақ тарихын жадымыздан өшірмей, керісінше қазақи құндылықтарды дарытқанымыз дұрыс деп ойлаймын. Сол кезде Елімізде бейбітшілік пен береке болады.
...