Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы
Автор: bolysbaymakpal • Октябрь 3, 2019 • Реферат • 745 Слов (3 Страниц) • 27,457 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ.
[pic 1]
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы.
Орындаған: Салихов М.
Тобы: ТПП 19-13.
Тексерген: Утегулова М.
Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның қалыптасуын негізі Сақтар заманынан бастауға дұрыс. Қазақ даласында ең алғаш қалыптасқан мемлекеттер ол Арийлер мен Турлар немесе Сақ тайпалары. Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады. Енді ғұндар келгесін бірітіндеп түркілену кезеңі басталды. Ғұндар ыдырағаннан кейін Түрік мемлекеттер пайда бола бастады. Түрік қағанаты, Батыс және Шығыс түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлүқ қағанаты, Қимақ қағанаты, Оғыз қағанаты. Содан кейін дамыған ортағасыры басталады. Онда көбінесе Монғол империяы туралы айтылады. Монғол империясы 1218 жылы Қарахан мемлекетіне басып кіреді де барлық қалаларды жаулап алады. Монғол империясы ыдырағаннан кейін бір-неше мемлекет пайла болады. Ақ Орда, Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы. Осы кезден бастап-ақ бірітіндеп Қазақ мемлекеті қүрыла бастайды.
XV ғ. – II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында “қазақ” деген атпен белгілі болған.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған “қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе “қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде “өзбек-қазақ”, кейін “қазақ” деп аталған дейді.
“Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда “қазақ” деген сөз “басы бос – кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де “қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.
...