Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы

Автор:   •  Октябрь 13, 2021  •  Эссе  •  1,100 Слов (5 Страниц)  •  438 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1]             МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-НУО                                                                  КАЗАХСТАНСКО

              РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ                                                    РОССИЙСКИЙ   МЕДИЦИНСКИЙ

                      УНИВЕРСИТЕТІ                                                                              УНИВЕРСИТЕТ

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 БӨЖ

Эссе

 «Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы»

 

 

 

 

 

 

                                                                        Орындаған: Мухамедали М.Е.

                                       Курс:1 курс

                               Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

                               Тобы: 101-A

                                                                            Қабылдаған: Динара Хамытхожаева

 

 

 


 

   Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл процес бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды қажет етеді. Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен темір дәуірі кезеңдерімен, осы кезде өмір сүрген ру тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Қазақ хандығының құрылуын, мемлекеттіліктің дамуы тұрғысынан қарастырсақ, онда ол жалпылама түрде Қазақстанның ежелгі тарихындағы сақ, ғұн, үйсін, қаңлы, ерте орта ғасырлардағы Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан, одан кейінгі Алтын Орда және Ақ Орда тарихымен тікелей байланысты. Бұл құрылымдардың атаулары әртүрлі болғанымен оларға ортақ тән нәрсе бір аймақ пен сол жерде өмір сүрген ру-тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің тегі мен тілі, шаруашылығы мен мәдениеті, діни-рухани жағынан ортақтығы жатты.

    Қазақ хандығы біртұтас, бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік құрылым ретінде 1465 жылдан бастап 1847 жылы ең соңғы қазақ ханы Кенесары өмірден озғанға дейін төрт ғасыр бойы өмір сүріп, тарих сахнасында мәңгіге өз еншісін алды. ХV ғасырдың ортасында Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Керей мен Жәнібек хандар құрған ұлыс көп ұзамай бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтағы мемлекеттің бірден-бір көрінісі болды. Ұлы Жібек жолы бойындағы көне шаһарлар өркен жайып, қалалық сауда-саттық жүйесі қалыптасып, «Жеті Жарғы» аталатын дала заңының жиынтығы бекітілді. Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығының басқару жүйесі сол заманға сай болып, орасан зор аймақты қамтыған, әрі өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы ірі құрылымның біріне айналды. Қазақ хандығының жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның жанында билер мен батырлар тұрды. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұйысудың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. Осылайша, Қазақ хандығы біріншіден, қазақ даласында өмір сүрген қағанаттар мен мемлекеттердің заңды мұрагері болса, екіншіден, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуына тарихи сабақтастық ретінде идеологиялық тұрғыдан бірден-бір негіз қалады. Қазақ хандығының тарихындағы  маңызды және күрделі, әрі аса қызықты мәселенің бірі – хандықтың құрылуы мен Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы 2,5 мың жылдай уақытқа созылған этнопроцесс өзінің мәресіне жетіп, ұлттық сипатқа ие болып, қазақ халқының қалыптасуымен бір кезеңде жүзеге асты.

...

Скачать:   txt (8.8 Kb)   pdf (90.5 Kb)   docx (27.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club