Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстанды Ресейдің Отарлауы

Автор:   •  Октябрь 30, 2018  •  Реферат  •  1,275 Слов (6 Страниц)  •  3,618 Просмотры

Страница 1 из 6

                            Қазақстанды Ресейдің Отарлауы

1712 жылы дүниеге келеді. Жас кезінде көп қиыншылық, жоқшылық көрген. Төле бидің малын баққан. Абылайдың қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қажырлы күрескерлік қасиеті, ерлігі 1729 жылы Аңырақайда жоңғарларға қарсы соғыста айқын көрінеді. Жоңғарлармен шешуші шайқас жүріліп жатқан кезде “Абылайлап” жауға шауып ерлік жасайды. Осыдан былай ол “Абылай” деп аталып кетеді.Абылай жас кезінде Орта жүздің ханы Әбілмамбеттің жанында кеңесші сұлтан ретінде Орта жүз хандығының ішкі, сыртқы саясатын айқындауға, оны жүзеге асыруда үлкен рөл атқарады. Ол өзінің қабілеттілігінің арқасында ханмен бірдей дәрежеде болады. Сондықтан да жекелеген тарихшылар Абылайды орта жүзге 40 жыл хан болды деп есептейді. 1771 жылы Әбілмамбет хан қайтыс болған соң Орта жүздің игі жақсылары Абылайды Әзірет Сұлтан мешітінде ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Абылай осы кезден бүкіл қазақтың ханы деп есептеле бастайды. Оның билігі Ұлы және Кіші жүзге де жүреді. Абылай 1740 жылы Әбілмамбет ханмен бірге Орынборға барып Ресей тағына адал болу туралы ант береді. Ал енді Абылай орта жүз ханына сайланған соң патша үкіметі онан хан ретінде ант алуды көздейді. Бірақ Абылай өзін қазақ халқы хан етіп сайлағанын бетке ұстап патша үкіметіне ант беруден бас тартады. Қазақ даласындағы Абылайдың беделі патша үкіметінің оны Орта жүздің ханы деп мойындауына әсер етеді. Абылай 1781 жылы қайтыс болады.

     Абылайдың бүкіл қазақтың ханы ретінде ұстанған ішкі саясаты шетел басқыншыларына қарсы бүкіл қазақ халқының басын біріктіруге байланысты болды. Ол Тәуке хан бастаған сұлтандардан, ру басшыларының жеке даралығына қарсы күрес жүргізіп едәуір нәтижелерге қол жеткізеді.

     Абылай ханның сыртқы саясаты Ресей, Жоңғар, Цин империясының Қазақстандағы саясатына сай жүрілді. Абылайхан Ресей тағына хан ретінде ант бермегенімен онан алыстап кетпеді де, бодандыққа байланысты Ресейдің жүргізген саясатын жүзеге асырмады. Абылай хан Цин империясының да бодандығын мойындады. Ол Ресей мен Қытайға бодандықты қазақ халқының мүддесі үшін пайдаланды, қазақ халқының мүддесіне қайшы қадамға бармады. Бұл саясат нәтиже берді.                 

     Қазақстанды Ресейдің отарлауы – 1731 жылы   Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды (қ. Әбілқайыр). Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарының ортасына қарай толық жүзеге асырылды. 1731 – 1860 жылдары Қазақстан Ресейге, көбіне сөз жүзінде ғана бағынып, іс жүзінде ру, тайпа билеушілері дербес саясат жүргізді.Патша өкіметі халық көтерілістерін аяусыз басып отырғанымен, елдің ішкі істеріне (сот жүйесіне, ру аралық мәселелерге) араласпады. Ел ішіндегі беделді адамдарға, ру басыларына жалақы тағайындап, әр түрлі атақтар беріп, екінші жағынан әкімшілік реформалар жасап, көнбегендерін жазалау арқылы өз билігін күшейтті. Мысалы, 1822 жылы Орта жүзде1824 жылыКіші жүзде хандық басқару жойылды, қарсы шыққандар күшпен талқандалды (қ. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы). 19 ғасырдың ортасына қарай Батыс, Солтстік-шығыс, Орталық Қазақстан Ресейге толық бағынды. Оңтүстік, Оңтүстік-шығыс Қазақстан ҚоқанХиуа хандықтарына қарады. Олар жергілікті қазақтарға салықты үсті-үстіне көбейтті. Көтеріліске шыққан халық Ресей өкіметінен көмек сұрады. Бұған қоса осы кезде Орталық Азияны отарлау жөнінде Ресей мен Ұлыбритания елдері арасында бәсеке күшейе бастады. Үндістан арқылы Ауғанстан мен Иранға орныққан ағылшындар ҚоқанБұхарХиуа хандықтарын Ресейге айдап салып, оларға өз ықпалын жүргізуге тырысты. Қоқан, Хиуа хандықтарының езгісіне қарсы көтеріліске шыққан қазақтарға көмек беруді желеу етіп Ресей өкіметі оңтүстік бағытта ел ішіне ене түсті. 1854 жылы Верный (Алматы) бекінісі салынды. 1862 – 64 жылдары орыс әскерлері Әулиеата, Шымкент, Түркістан қалаларын басып алды. Оңтүстік Қазақстанды бағындырғаннан кейін Қазақстанды Ресейдің оарлауы толық іске асты. 1867 – 68 жылғы Ресей үкіметінің “Уақытша Ережесі” бойынша әкімшілік және сот жүйелері толығымен Ресей өкіметінің қолына көшіп, қазақ жері облыстарға бөлінді.

...

Скачать:   txt (17.4 Kb)   pdf (90 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club