Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Автор: kobei_99 • Май 19, 2018 • Реферат • 1,715 Слов (7 Страниц) • 3,452 Просмотры
«ҚОРҚЫТ АТА» атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
СОӨЖ
Тақырыбы : Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Оқу тобы: НД-17-1
Студенттің аты-жөні :Мұртбай Көбей Қуанышұлы
Қызылорда қ. 2018 ж
Мазмұны:
1) Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресі
2) 1979-1989 жылдардағы Ауғанстан жеріндегі соғыстың Қазақстанға әсері
3) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастьғының құрылуы
Қазақстанның тәуелсіздік - алуы бұрынғы Кеңес қоғамында қалыптасқан ахуал-қоғамдық жүйенің күйреуінің, кеңестер Одағының ыдырау салдары нәтижесінде іске асты.КСРО-ның ыдырауының- басты себептерінің бірі –ондағы орын- алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономика-сының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы (мүмкіндіктері) екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери-техникалық, стратегиялық бағытта тайталасқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ-тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, Одақ ұзақ жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 ж.ж./ арасындағы әскери-стратегиялық теңдікті - сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда, әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60 – 80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатында жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратады.
Бұрынғы кеңестік экономикалық құрылым тым күйкі тартып, негізінен шикізат өндірушілік пен әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз министрлік қызмет етті. Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанымен , шын мәнінде, халық шаруашылығы мойнына асылған масылдық еді. Осыған қарамастан Кеңестер Одағының әскери техникасы бәсекелес елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Африка елдеріндегі, Ауғанстандағы майдан далаларында әлденеше рет тойтарыс алып, соққы жегенінен айқын көрінген еді.
1979-1989 жылдардағы Кеңестер Одағының Ауғанстан жеріндегі соғыс авантюрасы, оның сыртқы саяси бағытына халықаралық жұртшылықтың сенімін жойды. Ол социалистік және капиталистік мемлекеттер арасындағы шиеленістің жаңа айналымын бастап берді. Ауғанстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сомға түсті. Бұл соғыста мыңдаған кеңес отбасылары жақындарынан және туыстарынан айырылды. Соғыс Қазақстанға да үлкен зардабын тигізді. Республикадан оған 21979 адам қатысты. Олардың ішінен 780 – дей адам қаза тапты, 393 адам КСРО – ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарларының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономиканың артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалған, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылады, нәтижесінде соңғы /1990 ж. дейін / 25 жылда КСРО - да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы / АҚШ – пен салыстырғанда / үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 пайыздан астам адам қол еңбегімен айналысты.
...