Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы

Автор:   •  Сентябрь 30, 2018  •  Реферат  •  1,834 Слов (8 Страниц)  •  4,426 Просмотры

Страница 1 из 8

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазакстан

Мемлекеттік Медицина Университеті

[pic 1]

     

Студенттің  өзіндік  жұмысы

Мамандығы:  «Жалпы медицина»

Дисциплина: Қазақстанның қазіргі заман тарихы

Кафедра: Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер

Курс: 1

Тақырыбы: Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының қалыптасу эволюциясы

Орындау әдісі: Мәнжазба

                                                                Орындаған:М.Қ.Ақбалина

                                                      Тобы:103 «А»

                                                      Тексерген:И.Б.Шәмші

                                                      Күні:15.09.2018ж

1.Кіріспе. Тәуелсіздік идеясы.

        2.Негізгі бөлім

        а)Тәуелсіздікке қадам

        ә)Тәуелсіздік қасиетті ұлы ұғым Елің азат, ғажап сенің ғұмырың!

        3. Қорытынды. Тәуелсіздік тұғыры «Мәңгілік ел».

«Тәуелсіздікті баянды ету – оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекетіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді...»

Н.Ә.Назарбаев

Кіріспе.

Тәуелсіздік қасиетті де қастерлі ұғым. Саяси құндылық мәніне ие болған бұл ұғым әр азаматтың жүрек түкпірінен берік орын алып, өмірлік маңызы бар мағыналылыққа ие болғаны шындық. Адамзат жер бетінде пайда болғаннан бастап күні бүгінгі дейін, ұғақ тарихи даму жолынан өтті. Тарих даңғылында адамзат нәсілге, ұлттарға бөліну үрдірісін басынан кешіре отырып «күн астынын орын алып қалу» күресіне белсене кірісті. Бұл күресте кімдердің мерейі үстем болды және неге үстем болды? Бұған жауап ретінде адамзаттың ұзақ даму тарихындыгы мол өмірлік тәжірибе: тарихи сана, білім, шаруашылық, мәдениет, демографиялық ахуал, жауынгерлік дәстүр, ұлттық сана, дін, тіл тағы баска көрсеткіштер үлкен рөл атқарады деп атауға болады. Қалыптасып, дамып, саяси ұйымдасудың жоғары формасы яғни, мемлекет дәрежесіне жеткендері болды, жетпегендеріде бар. Жетпегендері жеткендердің қол астына түсіп, бодандықтан қамытын лажсыздан киді. Осындай бәсекелестік үдіріс ХХ ғасыға дейін созылып, екі жаһандық соғысқа ұласты. Адамзат соғыс зардабынан сабак алғандай болды. БҰҰ құрылып барлық мемлекеттердің шекаралары белгіленіп, арнайы құжатта бекітіліп, жарияланды. Жалпы алғанда бүгінгі алпауыт елдердің өзі тәуелділіктің ащы дәмін татып көрген. Аузын айга білеген АҚШ-тың өзі тәуелсіздігін тек 1875 жылы Англия королдігінен соғысып, азаттыққа қол жеткізді. Ал бүгінгі Ресей XIX-XIV ғасырларда манғол империясының қол астында болған. Қытай XIX ғасырда эспансиялық саясат жүргізе отырып, өзі де жартылай отар елге айналғанын тарихтан білеміз. Бүкіл араб әлемі бес ғасырға жуық Осман султандығынын қол астынды өмір сүрді. Ұлттық бірігу жолына ерте түскен елдер әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайын бірден нығайтып, бұл үдірістен кеш қалған елдерге қысым жасаумен болды. Тарих доңғалағында жаншылып, жойылып кеткен елдер аз болмаған. Жәнібек пен Керей тұсында қазақтың ұлттық бірігуі басталып, XVIII ғасырға дейін биікке көтеріліп өрлеу жолын басынан кешірді. Шын мәнінде бұл кезең қазак үшін «алтын ғасырлар» болып еді. Өйткені осы аралықта көшпелі және отырықшы мәдениет үйлесімдікпен өзіндік озық өркениет қалыптастырған.

Негізгі бөлім.(а.

Өмір атты теңіздің толқынында уакыт жүйткіген желдей тақтаусыз ағылуда. Өткен күн тарих, бүгінгі күн ақиқат, ертеңгі күйіміз болашағымыз. Қай халықтың болмасын өз басынан кешкен оқиғалары мен тарихы бар. Осынау тарих толқынындағы қазағымның да басынан кешкен тауқыметі емес. Ата-бабаларымыз, аға-әпкелеріміз болашақ ұрпақ, яғни біз бейбітшілікте өмір сүрсін деп өз өмірлерін құрбан етті.

Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінімізбен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындагы адал қызметінен үлгі алар үлы  тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың үлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата қонысының (этникалық территориясының) қалыптасуын; ұлттық мемлекеттігіміз-қазақ  хандығының құралуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кенес берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыз халқымызға тән шаруашылық жүргізу жуйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады.

...

Скачать:   txt (21.3 Kb)   pdf (179.7 Kb)   docx (33.5 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club