Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы қазақ тілін құқықтық реттеу тарихы:тәуелсіздік кезеңінен қазіргі заманға дейін

Автор:   •  Октябрь 20, 2023  •  Реферат  •  406 Слов (2 Страниц)  •  210 Просмотры

Страница 1 из 2

“Қазақстандағы қазақ тілін құқықтық реттеу тарихы:тәуелсіздік кезеңінен қазіргі заманға дейін”

Қазақстанда тарихи себептерге байланысты қалыптасқан тілдік ахуал, орыс тілінің үстемдігі, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесі ел азаматтары жиі көтеріп жүрген түйіткілді жайттың бірі.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың басын біріктіруші фактор – қазақ тілі, сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін баршамыз бірігіп көтеруіміз керек» деген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қазақстан халқына арналған жолдауында «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезең келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» деп, қазақ тілін дамытуға қатысты өз ойымен бөлісті.

Елдегі тіл саласындағы қалыптасқан жағдайға байланысты түрлі пікірлер бар. Кейбір азаматтар еліміздің полиэтникалық құрамын алға тарта отырып, толерантты саясатты одан әрі жалғастыру қажеттігін алға тартады.Тағы бір топ елімізде деколонизация саясатының жүргізілмегенін сынап, мемлекеттік тілдің әлеуетін көтеруде радикалды қадамдар жасаудың әбестігі жоқ екенін айтады.Үшінші тарап, геосаяси жағдайды ескере отырып, тілдік саясатты эволюциялық жолмен жүргізуді қолдайды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикалық дағдарыспен қатар, этникалық көңіл-күй, тілдік ахуал да сын көтермей тұрғанын жақсы білеміз. Кеңес дәуірінде импершілдік саясаттың ықпалынан жаншылған қазақ тілінің тынысы тәуелсіздік жылдары қайта ашыла бастады. Тіл туралы заң қабылданып, мемлекеттік тілдің әлеуеті арта түсті. Алайда қазіргі таңда Қазақстан халқының мемлекеттік тілді меңгеру көрсеткіші бойынша өңірлер арасында бірыңғайлық жоқ. Бұл тиісті өңірдің географиялық орналасу ерекшелігі мен тұрғындардың этникалық құрамына байланысты. Мысалы «Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалы зерттеулерге» сүйенсек қазақ тілін меңгерген респонденттердің ең көп саны Қызылорда (97,9%), Атырау (94,7%) облыстары мен Шымкент қаласының (91,9%) тұрғындары. Қазақ тілін Қостанай облысында (24,9%), Батыс Қазақстан облысында (26,3%) және «Ақмола облысында (42,7%) меңгерген. Бұл тиісті өңірлерде тіл саясатын жандандыру қажеттігін білдіреді.

...

Скачать:   txt (6.3 Kb)   pdf (76.5 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club