Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы

Автор:   •  Февраль 7, 2019  •  Практическая работа  •  3,960 Слов (16 Страниц)  •  1,339 Просмотры

Страница 1 из 16

    Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медициналық                                                                      

                            Университеті

  Студенттің өзіндік         

          Жұмысы

Мамандығы:Жалпы медицина

                          Дисциплина:Қазіргі Қазақстан тарихы

                        Кафедра :Қазақстан тарихы мен қоғамдық          

                                                     пәндер

                           Курс :1

                           Тақырыбы: Қазақстандағы тәуелсіздік        

                                      идеясының тарихи эволюциясы

Орындаған:Таубаева Балнұр Бағытжанқызы

            Тобы:114Б

            Тексерген :Молдин Бекзат Аққонысұлы

                              Ақтөбе 2018

 Жылдары

                  Оқиғалары

1990  Жылы

Қазанда Қазақ  КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың  егемендігі туралы Декларация қабылдады.

1991 Жылы

тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік партия таратылып,  қоғамдық мүлік билікке берілді.

24 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы  қабылданды.

29 тамызындағы  Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы болды. Қазақ жерінде  40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние жүзіне  мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.

Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.

тамыз-қазан айларында Президенттің жарлығымен  мынадай қайта құрулар болды:  прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды.  Одаққа бағынышты кәсіпорындардың Қазақ КСР үкіметінің қарамағына түбегейлі өтіп, республикада алтын  қоры мен Алмас қоры, т.б. құрылды.

Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – қазақтың тұңғыш ғарышкері  1991 жылы 2 қаазнда  Байқоңырдан «Союз ТМ-13»  кемесімен ғарышқа ұшты. 

16 қазанда  – Қазақ КСР-інің  Президентін сайлау туралы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды

Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 

1 желтоқсанда   - Қазақ КСР-інің  Президентін сайлау өтті.  Сайлау нәтижесі  бойынша  дауыс беруге  қатысқандардың 98,78  % дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланды.

10 желтоқсанда  Қазақ  КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының  атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы  заңға  сәйкес  жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.

16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.  Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің  ішінде ең соңғы заңы болып табылады. Осы күні Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.

12 желтоқсан күні  - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды

16 желтоқсан күні  – 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын еске  алу күні. Алматы қаласының халқы бұл күні Республика алаңына шығып, 1986 жылы қаза болғандарды естеріне алады

20 желтоқсанда  «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы  қабылданды.

21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды.  Сөйтіп, ТМД-на мемлекеттік тәуелсіздік, тең құқылық және егемендік қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданды.

 Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік  егемендігін таныды

 Қазақстан бойынша репрессия құрбандарына  тұңғыш рет Ақтөбе қаласында Түйетөбеде ескерткіш қойылған.  Осы жерден  жаппай ату жазасына ұшыраған жүзге жуық адамның сүйегі табылған, ескерткіштің ашылуында жиылған халықта есеп болмады. Жақындарының сүйегі қайда қалғанын білмей жүрген талай ақтөбелік  үшін, жалпы халқымыз үшін елеулі  оқиға болды. Бұл  ескерткіштің  авторы — сәулетші Әбубәкір  Әжіғалиев.

1992 Жылы

  10 қаңтарда  «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.

Қорғаныс –тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі. 1992 жылдың 7 мамырдағы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» № 745 Жарлығымен өзінің дербес құрылымы, басқару мен қаржыландыру тәртібі бар республиканың Қарулы Күштер құрылысының негізі салынды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады.
2003 ж.7 мамырында  Қазақстан Республикасы Президентінің № 1085 Жарлығы негізінде  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері  құрылды.

 15 қаңтарда«Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы»   Қазақстан Республикасының Заңы  қабылданды

 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына кірді.
-Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде  бірінше болып 56 мүше елді  біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды.

18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді.

 Алматы қаласында  Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.

2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды.   1991-1994 жылдар аралығында әлемнің  111 елі ҚР таныса, 92 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

 8 мамырда  ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.

 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.

 22 мамырда  Қазақстан  ЮНЕСКО құрамына енді.

 22 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және  мемлекет басшылары  Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау туралы Лиссабон  хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін алды.Өз аумағын  ядролық қарусыз аймақ деп жариялады.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі  мен ұлттық сипатын жаңа мемлекеттік рәміздер бейнелейді. 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы»  және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді.  11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды.

 17 қазанда Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды

ЮНЕСКО-ның келісімі мен тәртібі бойынша 1992 жылдың қазан айында тағайындалған «ЮНИТИ» («Бірлік») халықаралық сыйлығы «Бөбек» қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваға тапсырылды

қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Екі  елде өз елшіліктері ашылды.

Тама Есет батыр Көкіұлының кесенесі салынды. Бұл шараға 75 мың адам қатысты деген дерек бар. Бұл идеяның авторы, жалпы осы істің басы-қасында болған  —  тілші ғалым Мұхтар Арын. Ескерткіш   авторы —  Тоқтаған Жанысбеков.

1993 Жылы

қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.

 25 ақпанда Президент Жарлығымен Т.О.Әубәкіров Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалды.

26 ақпанда республика аймағының  тұтастығын, біркелкілігін,   өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді.

наурызында Қызылордада «Арал – ғасыр қасіреті»  атты халықаралық конференция қатысушылары мемлекет басшылары атынан Біріккен Ұлттар Ұйымына үндеу жолдады. Халықаралық Арал қорын құру жөнінде келісімге келді. Азиядағы ірі мемлекеттерді Аралды қорғау қозғалысына атсалысуға шақырған үндеу қабылданды. Аралды қорғау Халықаралық қорының төрағасы болып, Н.Ә.Назарбаев сайланды.

 5 қарашада «Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша «Ұлттық валюта» күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын  тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.

1994 Жылы

 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.

Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді.  Сол жылы парламент таратылды.

 27 мамырда Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының  19-шы қатысушы мемлекеті болды

 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады

 5 желтоқсанда  Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды

мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.

1995 Жылы

Абай жылы болып жарияланды.

12 қаңтарында  Президент Жарлығымен  қазақ ғарышкерлері  Т.О.Әубәкіровке, Т.А. Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И. Меленченкоға –«Халық Қаһарманы» атағы  беріліп, жоғары ерекшелік белгісі –«Алтын Жұлдыз» тапсырылды. Т.А. Мұсабековқа, Ю.И. Меленченкоға «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағы берілді.

 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды

 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты —  қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.

 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында аяқталатын еді

29 сәуірде  өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.

 19 мамырда Алматыда банкнот фабрикасының бірінші кезегінің ашылу рәсімі болды.

 26 мамырда Қазақстан  аумағынан  ядролық қарудың соңғысы шығарылды.

3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» қаулысы шықты.

30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.

1996 Жылы

 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы  арасында   Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын  пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.

 ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы.

 3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тари хи халық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды.

30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды

Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды. Авторлары:архит. Ш.Уалиханов(топ жетекшісі, мүсіншілер: Н.Далбай, Ә.Жұмабав, сәулетшілер Қ.Жарылғапов, 

1997 Жылы

 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды

8 қарашада  мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты  өтті.

 министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды. Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар 19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар

20 қазанындағы  «Ақмола қаласын  Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау  туралы» № 3700 Жарлығына сәйкес,  Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы – астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді

 қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.

1998 Жылы

 6 мамырда Ақмола қаласының жұртшылығының  тілегі ескеріліп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде  Ақмола атауын Астана қаласы деп  өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты

 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.

10 маусымда  тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, астана күні тойланды. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті, соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты қаласына айналды.

 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев  бастаған ресми делегацияның Ватиканға сапары барысында Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасындағы өзара байланыс туралы келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасында  римдік-католиктік шіркеулердің 77 бірлестігі  жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан  мен Орта Азия католиктеріне арналған Қарағандылық  епархия құрылды. Сонымен қатар,  Республика аумағында 3 апостолдық әкімшілдік жұмыс істейді.

 Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы

6 шілдеде ХХІ ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достастық пен одақтастық туралы Декларацияға қол қойылды. 

1999 Жылы

Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы.

"НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Төраға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның 1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы.

 10 қаңтарында өткізілген мерзімінен бұрын болған президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы Н.Ә.Назарбаевты қолдады.

 шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның «Әлем қаласы» сыйлығымен марапатталды

Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы бірінші санақ өтті.

2000 Жылы

«Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.

Шежірелі Түркістанға  1500 жыл толды.

Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды

29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.

1 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының  тәуелсіз сот жүйесін күшейту жөнінінде» Президент Жарлығы қабылданды.

10 қазанда Астанада ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер – Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің кезекті мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.

 Елбасы Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды. Облыстық әкімшілік  Ленин ескерткішінің орнына Кіші жүздің ханы, даңқты қолбасшы  Әбілқайыр ханға ескерткіш орнату жайлы  шешім қабылдады.  Ескерткіш авторы — мүсінші, Мемлекеттік  сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.

 халықтан жиналған қаржыға Көтібар  батыр Бәсенұлына кесене  орнатылды.   Оның  авторлары — сәулетші Несіпбек Қожағұлов және суретші Әділғали Баяндин.

2001 Жылы

 21 ғасыр бастамасы.

осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толды.

2001-2010 жылдары –Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының  бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы іске асырылды.

 13 маусымда  Алматыда І республикалық «Бөбек» шақырады» фестивалі өтті.

 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.

7 қыркүйекте Ақтау қаласында, Қазақстан жастарының 1-ші Конгресі өтті.

автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп, жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды.

ҚР Президентінің Жарлығымен Астана төрінен «Атамекен» Қазақстан картасы» этнографиялық-мемориалдық кешені» деп аталатын мәдени орын ашылды. Қазақстанның кішірейтілген картасы іспеттес Аспан астындағы мұндай мұражай дүние жүзінің 17 елінде ғана бар. Бельгиядағы «Шағын Европа» саябағы, Австрия, Швейцария, Германия, Испания, Ұлыбритания елдерінің үлгісімен дүниеге келген «Атамекенде» 14 облыс, 2 қала — Астана мен Алматы қалаларының макеттері қойылған.

22-25 қыркүйек аралығында ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың шақыруымен  Рим Папасы ІІ Иоанн Павелдің Қазақстанға мемлекеттік пасторлық сапары болып өтті.  Қазақстан Республикасындағы дінаралық келісім дін өкілдерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуымен сипатталады. Еліміздегі конфессияаралық келісім мен ұлтаралық келісім бірін-бірі толықтырады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы 22-24 қыркүйек аралығында  католиктер мен христиандар, православиеліктер мен иудейлер бастарын қосып, барлық мәселелерді бірлесе талқылаған  Әлемдік діндер  съездерінің өткізілуі – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың айғағы.

Орыс православие шіркеуі Қазақстанда дінге сенушілер саны жағынан алғанда екінші орында тұр. 1996 жылы орыс православие шіркеуі Н.Ә.Назарбаевты І дәрежелі Киелі князь Даниил Московскийдің орденімен марапаттады.

18 мамырда астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Күлтегін ескерткішінің  ғылыми көшірмесі орнатылып, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған  «Байырғы түркі өркениеті: жазба ескерткіштер» тақырыбы бойынша  халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. 

2002 Жылы

«Денсаулық жылы»  деп жарияланды.

4 маусымда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) Саммиті өтті.

АӨСШК екінші Саммиті Декларациясында Азиядағы қауіпсіздік  пен ынтымақтастық мәселелерінің жалпы жағдайы қарастырылды. Хатшылық Алматы қаласына орналасты.

 25-26 қыркүйегінде  - Ежелгі  Тараз  қаласының  көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.

23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті.

 24-26 қарашада – Екінші Еуразиялық Медия Форум өтті (Алматы қаласында).

 Евразияның кіндігі — Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан -  шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара – «Бәйтерек» монументі пайда болды. Ол көкке ұмтылған Астананың символына айналды. Н.Ә.Назарбаев жасаған сызба-нұсқаның жобасы негізінде тұрғызылған «Бәйтерек» халықаралық байқауда ТМД елдеріндегі 2002 ж. ең үздік нысаны ретінде алтын медальға лайық деп танылды. Оның биіктігі 97 метр.

2003 Жылы

2003-2005 жылдары –«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.

 Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды

Бейбітшілік және келісім сарайы салынды

 ойын-суық кешен-аквариум «Думан» дүниежүзілік мұхиттың ең шалғайдағы бөлшегі іспеттес Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. 

2004 Жылы

 Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды. Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар. Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты мен кітапханасы мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларының тартулары, Елбасының біргей марапаттар коллекциясы, жеке заттары, құжаттары көрермен назарына ұсынылып отыр.

 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.

Ресейдің Қазақстандағы жылы.

маусымда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттінде «Еуразиялық ықпалдастық: осы заманғы даму үрдістері және жаһандану сынақтары» деген тақырыпта  халықаралық форум өтті.

 Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдени мұра» мемлекеттік Бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша Ақтөбе облысындағы Абат-Байтақ мавзолейі, киіз үй тәрізді Қарағұл тамы республикалық бюджет қаржысы есебінен  қалпына келтірілуде. 

Байғанин ауданында б.з.д.   IV-V  ғ.ғ. Сармат дәуірінен қалған ескерткіш биіктігі 12 метр, қабырғасының қалыңдығы 7 метр болатын   Қызылүйік, Тасастау ғибадатханаларында қазба жұмыстары жүргізілді.  Археолог Зейнолла Самашев аталмыш нысандарды  2004 жылдан бері зерттеп жүр.

2005 Жылы

 9 мамырда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60 жылдығына Н.Назарбаев , В.Путин, басқа да жаңа тәуелсіз мемлекет басшылары қазіргі демократиялық Германия көшбасшыларымен бірге фашизмді күйреткен Жеңіс Күнін Мәскеуде мерекеледі.

5 шілдесінде Астанада өткен Мемлекет басшыларының  саммитінде астана декларациясына қол қойылып, антитеррорлық сипаттағы негізгі құжаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің терроризмге, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық тұжырымдамасы, ережесі бекітілді.

2 маусымда  Байқоңырдың  50 жылдығы аталып өтті.

 Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.

4 желтоқсанындағы кезекті президент сайлауында сайлаушылардың 91,15%-ы өз дауыстарын мемлекет басшысына берді.

Кеңестер Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 80 жылдық мерейтойы аясында  Ақтөбе қаласында ескерткіш бой көтерді.  Авторлары  — мүсіншілер, ҚР еңбек сіңірген  қайраткері,  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты  Бақытжан Әбішев және  Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сергебаев.

2006 жылы

қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды.  Әнұран негізіне композитор Ш.Қалдаяқовтың (сөзі Ж.Нәжімеденовтың) 1950 жыдары жазылған  «Менің Қазақстаным» әні алынды.  Қолданыстағы әнұранның заңды авторларының бірі – Н.Ә.Назарбаев.

 11 қаңтарда «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім  өтті. Қазақстан Президентін ұлықтау рәсіміне қатысу үшін Астанаға әлемнің 70-тен аса елінен өкілдер келді.

17 маусымында Алматыда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру шаралары жөніндегі Кеңестің (АӨСШК) екінші Саммиті болды.

 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.

академик Ахмет Жұбановтың 100  жылдық мерейтойы  ЮНЕСКО көлемінде атап өтілді. Ақтөбеде Ғ.Жұбанова атындағы филармония алдында А.Жұбановтың ескерткіші қойылды. Авторы — мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.

 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл толды.

Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.

2007 Жылы

«Қазақ тілін қолдау» жылы.

21 мамырындағы Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, бұрынғы консультативтік-кеңесші орган - Қазақстан халықтары Ассамблеясы Қазақстан халқы Ассамблеясы деген жаңа атау берілді.

Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

қазан айында - 2008-2010 жылдарына арналған «Жасыл ел» бағдарламасы  бекітілді.

2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары бағдарламасы»

Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданды.

 КСРО және ҚР халық артисі Ғазиза Жұбанованың 80 жылдық мерейтойына  орай филармония алдына ескерткіш мүсіні орнатылды. Авторы – мүсінші Жәдігер Кенбай.

Ауғанстандағы соғыста шейіт болған интернационал жауынгерлерге арналған «Қақ жарылған құлпытас» атты  ескерткіш  орнатылды. Авторы —  Ж.Кенбаев

«Қобыланды батыр» кешені салынды. Авторы —  ҚР еңбек сіңірген  сәулетшісі  Бек Ыбыраев.

2008 жылы

 Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр

 қаңтар айында – Оралмандардың көшіп келу квотасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығы шықты.

 заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізінде жаңа мейрам -  6 шілде  - Астана күні енді.

шілде айында – 2008-2009 оқу жылына мамандықтар бойынша  жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік  білім беру тапсырысын орналастыру туралы ҚР Үкіметінің бұйрығы.

 тамыз айында  Қазақстан Республикасы тұрғын үй бағдарламасы қабылданды.

 Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы қабылданды.

2 желтоқсанда – 2009-2011 жылдарға арналған  «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді.

 23 желтоқсанында   Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары қабылданды.

Украинаның Қазақстандағы жылы.

халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» кітабының кейіпкерлеріне ескерткіш қойылды. Бұл — Қазақстанда әдеби шығарма  кейіпкерлеріне қойылған тұңғыш ескерткіш. Оның авторы — Ерік Жауынбаев. 

2009 Жылы

19 мамырда Қазақстан Республикасының білім ғылым министрлігінің № 224  Бұйрығымен – «Болашақ» халықаралық стипендиясы бекітілді.

«Қазақ елі» монументі, Тәуелсіздік сарайы, Орталық концерт залы, футбол стадионы және өзге де ірі объектілердің салтанатты ашылуы болды.

1 шілдеде Әлемдік және дәстүрлі лидерлерінің  ІІІ съезі  өтті.

25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында елiмiздегi тұрғындар арасында екінші Халық санағы өттi. 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 жылғы ақпанның 24-нен 25-не қараған түнгі сағат 12-дегі санақ мезетіне 16004,8 мың адамды құрады. 

Кеңестер Одағының екі мәрте Батыры, ұшқыш Талғат Бигелдиновке өзінің атындағы Ақтөбе жоғары әуе институтының  алдынан ескерткіш мүсіні қойылды

2010 Жылы

1-2 желтоқсанда -Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооператтивті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті. 

2010 жылдың 31 желтоқсанда және  2011 жылдың  7  қаңтар аралығында VII  Қысқы Азия Ойындары  Астана –Алматы   қалаларында өтті.  2011 Азиада Қазақстан үшін салтанатты түрде мәресіне жетті. Азиадада тұңғыш рет 11 спорт түрі бойынша 69 мадақтау жиынтығы таразыға салынды. Оған Азианың 27 мемлекетінен 1000-нан астам спортшы қатысты, олардың арасында атақты спортшылар, Олимпиада және әлем чемпионатының жеңімпаздары бар. Азиада ойындары барысында 10 континенталдық рекордтар анықталды.
Қазақстандық құрама команда 70 медаль, оның ішінде 32-алтын, 21-күміс, 17-қола медальдарды иелене отырып, қысқы Азиада ойындары тарихында жаңа рекорд орнатты.

 Қазақ халқының біртуар ұлы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жауынгер жазушы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына 100 жыл толады

2011 Жылы

Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕКЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.

2012 Жылы

27 шiлдеде Лондонда жазғы олимпиада ойындарының алауы тұтанып, додаға Қазақстан құрамасы да аттанды. Нәтижесiнде 7 алтын, 1 күмiс, 5 қола медаль иеленiп, жалпыкомандалық есепте Қазақстан 12-орын алды. Бұл – Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған жетiстiк

22 қарашада Қазақстан EXPO-2017 халықаралық көрмесiн өткiзу құқығын ие болады.

«Қазақстан 2050» стратегиясы. 14 желтоқсан күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады.

2013 Жылы

«Әділет» және «Руханият» партиялары бірігіп жаңа бір саяси партия құрды және оның аты «Бірлік» болып аталды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығы бойынша барлық зейнетақы қорлары бірігіп, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын» құрды.

Жылдың ең өзекті әлеуметтік тақырыбы – әйелдердің зейнетке шығу жасының көтерілу мәселесі. Көптеген пікір алмасу нәтижесінде, зейнетке шығу жасы 2014 жылдан бастап келесі 10 жыл ішінде бірте-бірте көтерілетін болды. 10 жылдан соң әйелдер мен ерлердің зейнетке шығу жасы теңесіп, 63 жасты құрайтын болады.

2014 Жылы

Астана күні қарсаңында елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының белсенділерімен кездесу кезінде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілетіні жайлы мәлімдеді.

Президент Н.Назарбаев: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрып, қазақ мемлекеттілігінің негізін салды. Бәлкім ол бүгінгі түсініктегі мемлекет болмаған шығар, бірақ ешқандай мемлекет дәл бүгінгі күйінде құрылмады. Басты нәрсе, сол кезде негіз қаланды және біз ата-бабамыздың салған ізінің жалғастырушысымыз» - деп атап өтті.

2015 Жылы

Қазақстан ТМД елдерімен және бүкіл әлеммен бірге Ұлы Отан соғысындағы фашизмді жеңген жеңістің 70 жылдығын мерекеледі.

...

Скачать:   txt (53.6 Kb)   pdf (712.1 Kb)   docx (615.2 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club