Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Автор: a123a • Октябрь 2, 2018 • Реферат • 1,500 Слов (6 Страниц) • 2,823 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы:Жалпы медицина
Кафедра:Қазақстан тарихы және қоғамдық гуманитарлық пәндер
Дисциплина:Қазіргі заманғы қазақстан тарихы
Тақырыбы:Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Курс: 1
Орындау әдісі: Мәнжазба
Орындаған: Маратова М
Тексерген: Сүндетова А.Н
Тобы: 117 Б
Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім:
2.1.Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
2.2.Алаш партиясының құрылуы
2.3.КСРО-ның ыдырауы, Қазақстанның тәуелсіздік алуы
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер
Қазақ деген ұлттың тәуелсіздік алуға ұмтылысы 1990 жылда ғана көтерілген мәселе емес. Ол Қазақ хандығының пайда болуымен тығыз байланысты Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ ру-тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде маңызды рөл атқарды. Қазақ хандығының қалыптасуы қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып бірігу жолындағы күресін біржолата аяқтауда шешуші кезең болуымен ерекшеленді. Қазақ хандығының құрылуы Жетісу жеріндегі ру-тайпалардың оның қол астына бейбіт жолмен көшуін қамтамасыз етті. Қазақтардың біртұтас мемлекеттігінің пайда болуы қазақ жүздерінің, жалпы қазақ халқы қалыптасуының маңызды факторларының бірі болды. XV ғасырдың екінші жартысында оңтүстік-шығыс Қазақстанның халқы өлкенің басқа аймақтармен шаруашылық, этникалық және саяси қатынастарды одан әрі жалғасып, күшейе түсті. Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылық болғанымен, халық болып қалыптасудың негізгі шарты-тіл бірлігі жойылмады. Қайта, керісінше, уақыт өткен сайын моңғол шапқыншыларының өздері өз тілдерінен айырылып, жергілікті ру-тайпалардың қалыптасқан түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп, XIV ғ. өзінде-ақ толық түркіленіп кетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жеріндегі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыстар бұзылды.
2.1 XIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан әрі өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жеріне әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша үкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандырушаралары жүргізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдері, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз қарамағына алды, ал оны пайдаланған казактарға салық салынатын болды. Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері округтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады. Олар қазақ жерінде бөліп ал да билей бер отаршылдық ұранды бұлжытпай ұстанды. Алдымен қазақ жерін сыртынан құрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді. Қазақ жеріне кеулеп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінуге, пәтуаға шақырды. Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді.Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.
...