Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Автор: zere113344 • Ноябрь 4, 2018 • Реферат • 1,820 Слов (8 Страниц) • 4,067 Просмотры
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті
СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК
ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина: Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы
Кафедра: Қоғамдық және гуманитарлық пәндер
Курс: І курс
Тақырыбы: Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының тарихи эволюциясы
Орындау түрі: Хронологиялық кесте құрастыру
Орындаған: Дербисова Зере Ерболқызы
Тобы: 114 «Б»
Тексерген: Молдин Бекзат Аққонысұлы
Ақтөбе 2018 жыл
Қазақстандағы тәуелсіздік идеясының
тарихи эволюциясы
Жылдары | Оқиғалары |
ХХ ғ. басы | Қазақ өлкесінде құрылған «Қоныстандыру қоры» қазақтардың жерін тартып алып, қоныстанушыларға берді. |
1902 жыл | Орынборда тұңғыш маркстік құпия ұйым құрылды. |
1905 жыл ақпан | Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары ереуіл жасады. |
1905 жыл қазан | Перовск, Орал, Павлодарда ірі манифестациялар болды. |
1905 жыл 15 қараша | Қарқаралыда 400-дей адам қатысқан үлкен саяси митинг өтті. Басшылары А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев, М.Бекметов. |
1905 жыл 11 желтоқсан | Успенск кен орнында жұмысшылардың ірі ереуілі өтті. «Капиталға қарсы орыс-қырғыз» одағы құрылды. Басшылары: П.Топорнин, Ә.Байшағыров, С.Невзоров. |
1906 жыл 14-16 шілде | Қазалы станциясында митинг өтті. |
1906 жыл 20 тамыз | Ақтөбе станциясында митинг өтті. |
1906 жыл қараша – 1910 жыл | Столыпин аграрлық реформа жүргізді. |
1907-1912 жылдар | 2 млн. 400 мың адам Қазақ өлкесіне қоныстандырылды. |
1911 жыл мамыр | Перовск және Түркістан теміржол шеберханаларының жұмысшылары, «Атбасар мыс рудалары» акционерлік қоғамының кеншілері ереуілге шықты. 300-дей адам қатысты. |
1913 жыл қыркүйек | Торғай уезінің Шоқпаркөл көмір кеніндегі жүмысшылар толқуы. |
1914 жыл | Ембі мұнайшыларының ереуілі. |
1914 жыл 9 қазан | «Жетісудағы орыс қоныстарындағы дәулетті топтарды қаруландыру туралы» құпия бұйрық шықты. |
1915 жыл маусым | Екібастұз, Байқоңыр көмір кендерінде, Спасск мыс кенінде, Орынбор-Ташкент теміржолында жұмысшылардың қозғалысы бой көтерді. |
1916 жыл қаңтар | Верный, Семей қалалары көтерілді. |
1916 жыл мамыр | Бөкей ордасын, Темір және Гурьев уездерін түгелдей көтеріліс қамтыды. |
1916 жыл 25 маусым | Патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы шықты. |
1916 жыл шілде | Халықтың жаппай толқуы Сырдария облысының барша аумағын қамтыды. |
1916 жыл 7 тамыз | Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тайторы болыстарының қазақтарының Самса станицасы маңында біріккен бас көтеруі басталды. |
1916 жыл қыркүйек | Лепсі уезінде көтерілісшілердің патша әскерлерімен қарулы қақтығыстары орын алды. |
1916 жыл қыркүйек-қазан | Зайсан, Өскемен, Қарқаралы, Ақмола, Атбасар уездерінде жазалаушылармен қарулы қақтығыстар орын алды. |
1916 жыл 17 қазан | Ақтөбе уезінің көтерілісшілері Қарабұтақ ауылын қоршауға алып, келесі күні Көжекөл көлі маңында жазалаушы жасаққа шабуыл жасады. |
1916 жыл 23 қазан | Амангелді басқарған 15 мың көтерілісшілер Торғай қаласын қоршап алды. |
1916 жыл қазанның соңына қарай | Патша әскері Семей және Ақмола облыстарындағы көтерілісті басты. |
1916 жыл 20 қараша | Ырғыз уезіндегі Тәуіп, Аманкөл және Қызылжар болыстарының 6 мың көтерілісшілері подполковник фон Розеннің отрядымен шайқасты. |
1916 жыл 22 қараша | Ырғыз уезіндегі Ұлпан стансасында 4 мың көтерілісші Фроловтың отрядымен соғысты. |
1917 жыл | Қазақтардан 45 млн. дес. жер тартып алынды. |
1917 жыл 13 қаңтар | Күйікқопа жерінде болған ұрыстардан кейін жазалаушы отряд шегінуге мәжбүр болды. |
1917 жыл 22-24 ақпан | Көтерілісшілер Доғалүрпек маңында патша әскерлеріне қарсы соңғы рет шайқасты. |
1917 жыл 27 ақпан | Жазалаушы отряд Доғалүрпек пен Бетпаққараны көтерілісшілердің қолында қалдырып, Торғай қаласына шегінді. |
1917 жыл 27 ақпан | Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Уақытша үкімет орнады. |
1917 жыл наурыз-мамыр | Қазақстанда кеңестер құрыла бастады: Семей, Әулиеата, Петропавл, Көкшетау, Ақмола, Павлодар, Орал, Өскемен, Атбасар, Түркістан өлкелерінде. |
1917 жыл 21-26 шілде | Орынборда болған «Бүкіл қырғыздық» съезде «Алаш» партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Омаров т.б. кірді. |
1917 жыл 25 қазан | Петроградта қарулы көтеріліс басталып, Уақытша үкімет құлатылды. |
1917 жыл 10 қараша | Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитетінің Жарлығымен адамдардың сословиеге бөлінуі, олардың құқықтық артықшылығы мен шектеушілігі, жалпы “сословие” атауы жойылды. |
1917 жыл желтоқсан | Орынборда өткен екінші съезде «Алашорда Үкіметі» құрылды. |
1917 жыл қазан – 1918 жыл наурыз | Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады. |
1918 жыл 23 наурыз | Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. |
1918 жыл 11 маусым | Семейде кеңес өкіметі құлатылды. Бұл жердегі кеңес өкіметінің көрнекті басшыларын азаптап өлтірді: К.Сүтішев, И.Дубинин, Ғ.Ыдырысов, П.Салов және т.б. |
1919 жыл 22 қаңтар | Орынборды; |
26 қаңтар | Оралды Ақтөбе майданының қарулы күштері азат етіп, Қазақстан және Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді. |
1919 жыл шілде | Қоршауда қалған Орал қаласы азат етілді. |
1920 жыл 8 қаңтар | Доссор мұнай кәсіпшілігі жаудан тазартылды. |
1920 жыл наурыз | Азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды. |
1920 жыл 4 қазан | Қырғыз АКСР-і құрылды.ы |
1920-24 жылдар | Ел астанасы Орынбор болды. |
1921 жыл ақпан | Жер-су реформасы Түркістанның көптеген аудандарында, Алматы, Қапал, Шымкент, Әулиеата уездерінде жүргізілді. |
1921 жыл көктем | «Әскери коммунизм» саясатынан «Жаңа экономикалық саясатқа» көшу туралы шешім қабылданды. Азық-түлік салғырты азық-түлік салығына алмастырылды. |
1922 жыл 30 желтоқсан | КСРО құрылды. |
1924 жыл ақпан | Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының бөлімшесі құрылды. |
1924-25 жылдар | Елге тракторлар әкеліне бастады. |
1925 жыл | Ф.Голощекин билікке келіп, «Кіші Қазан» төңкерісін ұсынды. |
1925 жыл 15-19 сәуір | Қырғыз АКСР-і «Қазақ АКСР-і» болып өзгертілді. |
1927 жыл | Партияның XV съезінде «Ұжымдастыру» жарияланды. |
1927-30 жылдар | «Түркістан-Сібір» теміржолы жоспарлы уақытынан бұрын аяқталды. |
1928 жыл | «Ірі байлар мен жартылай феодалдардың шаруашылықтарын тәркілеу туралы» Декрет қабылданды. |
1928-32 жылдар | Бірінші бесжылдық. |
1924-29 жылдар | Республика астанасы Қызылордаға ауысты. |
1929 жыл | Астанамыз Алматыға көшірілді. |
1931 жыл 1 қаңтар | «Түркістан-Сібір» теміржолы тұрақты пайдалануға берілді. |
1936 жыл 5 желтоқсан | Қазақстан Одақтас Республика мәртебесіне ие болды. |
1937 жыл 26 наурыз | Қазақ КСР-інің Конституциясы қабылданды. |
1941-45 жылдар | Ұлы Отан соғысы. |
1947 жыл | «Карточкалық жүйе» жойылды. |
1954-60 жылдар | Тың игеру жүргізілді. |
1985 жыл сәуір | КОКП ОК Пленумы М.С.Горбачев «Қайта құру» саясатын жариялады. |
1986 жыл желтоқсан | Қазақ жастарының қоғамның демократиялық жаңаруы үшін күресі мен орталықтың өктемдігіне қарсы шығуы. |
1990 жыл 24 сәуір | Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақ КСР-да Президент институтын енгізу және осы қызметке Н.Ә.Назарбаевты сайлау Декларациясы қабылданды. |
1990 жыл 25 қазан | Мемлекеттік Тәуелсіздік жөніндегі Декларация. |
1991 жыл желтоқсан | Минск қаласында КСРО-ның тарайтындығы жарияланды. |
1991 жыл 16 желтоқсан | Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланды. |
1991 жыл 21 желтоқсан | Алматы қаласында «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы» (ТМД) құрылды. |
1992 жыл 4 маусым | ҚР-ның Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілді. |
1992 жыл қыркүйек | Қазақтардың алғашқы «Дүниежүзілік құрылтайы» өтті. |
1992 жыл 11 желтоқсан | Қазақстанның Мемлекеттік Әнұраны бекітілді. |
1993 жыл 15 қараша | Ұлттық валютамыз айналымға енгізілді. |
1993 жыл 28 қаңтар | Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. |
1995 жыл 30 тамыз | Екінші Конституциямыз қабылданды. |
1998 жыл 6 мамыр | ҚР Президентінің «ҚР астанасы Ақмола қаласының атауын Астана деп өзгерту» жөніндегі жарлығы. |
1999 жыл | Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. |
2002 жыл 23 қазан | Түркістандағы дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы. |
2005 жыл қаңтар | Ресей Федерациясының және Қазақстанның мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі Меморандумға қол қоюы. |
2011-12 жылдар | ҚР-сы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық етті. |
2012 жыл 27 шілде - 12 тамыз | Лондон олимпиадасы болып өтті. Қазақстан спортшылары 205 ұлттық командалардың ішінде 12-ші орынды иеленді. |
2018 жыл 12 тамыз | Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. |
...