Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері

Автор:   •  Октябрь 11, 2021  •  Лекция  •  3,185 Слов (13 Страниц)  •  1,504 Просмотры

Страница 1 из 13

Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері

Тәжірибелік жұмыс № 2.

  1. Ресей І – ІІ Мемлекеттік Дума қызметтеріне қазақтардың қатысуы
  2. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, мақсаты, міндеттері, көтеріліс ошақтары, көшбасшылары, барысы, көтеріліс қорытындылары
  3. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы, оның Қазақстанға тигізген әсері
  4. І-ІІ Бүкілқазақ съездері. Ұлттық интеллегенция өкілдерінің қызметтері
  5. Облыстық қазақ съездері және осында көтерілген мәселелер.
  6.  Алаш идеясы және мемлекетшілдік

1.Ресей І – ІІ Мемлекеттік Дума қызметтеріне қазақтардың қатысуы

Бірінші Мемлекеттік Дума– Ресейдегі мемлекеттік басқарудың конституциялық-монархиялық жолға түсуін әйгілеген заң шығарушы жоғары өкілетті билік органы. 1906 ж. 27 сәуірден 9 шілдеге дейінгі аралықта, 72 күн қызмет етті. Оған 499 депутат қатысты. 1-Мемлекеттік Думаға қазақ өкілдерінен 4 депутат: Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменов, Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманов сайланды. Алайда, қазақ депутаттарының ішінде Бірімжанов пен Қалменов қана дума жұмысына қатыса алды. Дума мүшелері қатарында қазақ жерінен тысқары өңірлерден сайланған С. Жантөрин мен Д. Тұндыт сияқты қазақ азаматтар болды.Думада аграрлық мәселе  көтерілді.Жер мәселесі бойынша заң жоасын дайындау барысында Дума жеке меншік жерлерді күшпен алып,оны жері аз шаруаларга беру туралы шешім қабылдады. Ал үкімет помещиктер жерінің мемлекет меншігіне өтуіне қарсы болады. Сол себепті 1906жылы 9 шілдеде ІІНиколай Думаны тарату туралы жарлық шығарады.

Екінші Мемлекеттік Дума– Ресей империясындағы мемлекеттік басқарудың 2-рет сайланған конституциялық-монархиялық бағыттағы заң шығарушы жоғары өкілетті органы. 1907 жылы 20 ақпаннан 3 маусымға дейін жұмыс жасаған 103 күн ішінде 2 рет сессия ашып, 53 мәжіліс өткізді. Қазақ халқынан Думаға сайлау 1905 жылы 11 желтоқсандағы сайлау заңы бойынша жүргізілді. Қазақ халқынан депутаттыққа Бақытжан Қаратаев, Ақмоладан Шәймерден Қосшығұлов, Торғайдан Ахмет Бірімжанов, Семейден Темірғали Нұрекенов, Жетісудан Мұхаметжан Тынышбаев,Сырдариядан Т.Аллабергенов сайланды.ІІ Мемлекеттік Думаның 1907жылы 16 мамырда өткен мәжілісінде Бақытжан Қаратаев қазақ халқының атынан сөз сөйлеген. І Думадағыдай  ІІ мемлекеттік Думада жер мәселесі үлкен талқыға түскен. Алайда,  елдегі революциялық  қозгалыстың  құлдырауы  патшаға  1907 жылы  3 маусымда  II  Мемлекеттік Думаны да таратуға мүмкіндік берді.

2. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс: себептері, мақсаты, міндеттері, көтеріліс ошақтары, көшбасшылары, барысы, көтеріліс қорытындылары

Көтерілістің негізгі себептері: 
Көтерілістің шығу себебі əлеуметтік-экономикалық жəне саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты жəне т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. 25 маусымда армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің жəне ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы түрткі болды.

Мақсаты:Қазақ халқы тәуелсіздікті қалады.
Көтерілістің қозғаушы күші - Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші халық бұқарасы болды. 
Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. 
Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды: 
1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 
2. Революцияшыл топ өкілдері – Т.Рысқұлов, Ә.Жангелдин, Ә. Майкотов, С. Сейфуллин, Т.Бокин, С. Меңдешов, Б. Алманов т.б қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 
3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды, көтеріліске қарсы болды.
Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері: 
1. Жетісуда – Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, Ж.Мәмбетов, Ұ. Саурықов (Қарқара). 
2. Торғайда - Амангелді Иманов. 
3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 
4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 
5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов. 

...

Скачать:   txt (47 Kb)   pdf (142.4 Kb)   docx (22.3 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club