Эволюция деген не? Эволюцияның маңызы қандай?
Автор: 4578Sh • Декабрь 12, 2021 • Эссе • 420 Слов (2 Страниц) • 378 Просмотры
Орындаған:Маулитова Шырын Ерболатқызы
Қазақ мемлекеттігінің эволюциясы
Эволюция деген не? Эволюцияның маңызы қандай?
"Эволюция" сөзі латын тілінен аударғанда - "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді. Эволюция ұғымы — уақыттың өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте-бірте күрделене түсуі деген ойды білдіреді. Кез-келген тіршілік, кез-келген орта бірден жақсы болып қалыптасып, жақсы болып пайда болмайды. Кез келген орта тіршілікке бейімделе отырып, өз қоғамын өзгертеді. Дәл сондай қазақ мемлекеті де бөлініп шыққан кезден осы уақытқа жеткенге дейін көптеген өзгерістерден өткен.
Қазақ тарихында әр жыл өзіндік ерекшеліктерімен есте қалды. Қазақ хандығының таралмай , өз тәуелсіздігіне жетуіне, сол кезеңдегі хандар шығарған басқару жүйелерінің , сол заман талабына сай болуынан. Жаңа бағдар, жаңа мүмкіндіктер елдің дамуына үлкен әсерін тигізді. Сауда-саттыққа қол жеткізді, көрші елдермен қарым-қатынаста болды, өз аумағын кеңейте алды. Жаңа тұрмыс-тіршілік , жаңа мәдениет , жаңа әскери әдіс-тәсілдердің барлығы, халық тіршілігінің жаңа деңгейге өтуіне жол аша білді . Әрине жақсылық пен жамандық қатар жүреді. Барлығы оң нәтиже көрсетті деп айта алмаймыз. Дегенмен өз деңгейін көтере алатындай мүмкіндік берді.
XIX-ХХ ғ мүлдем жаңа өзгерістерге толы болды. Мүлдем жаңа көзқарас, мүлдем ойламаған оқиғалар. Қазақ хандығы ыдырағаннан, өз тәуелсіздігін жариялағанға дейін КСРО құрамында болғаны анық. Бұл жылдардағы оқиғалар қазақ елінің ең ауыр күндері болып қалады. Әрине, бұл оқиғалардан халық тез есін жия алмады. Бұл қорқынышты күндер көп елдің тағдырын ойрандады.
Ұжымдастыру, ашаршылық, тоқырау жылдары, Ұлы Отан соғысы, тың игеру т.б оқиғалар елді әбден шаршатып, өз деңгейін жоғалтуға әкеп соқтырды. Осы кезеңдегі ел жанашырлары, жалған айып пен қастандықтың құрбандарына айналды.
...