«Халық тарих толқынында» бағдарламасы
Автор: alimbetovan • Ноябрь 16, 2021 • Лекция • 270 Слов (2 Страниц) • 2,275 Просмотры
«Халық тарих толқынында» бағдарламасы.
2013 жылы 5-маусымда Астанада сол кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы лауазымында отырған Тәжин Марат Мұханбетқазыұлының қатысуымен Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеуде Ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. Ғылыми қоғамдастықтың алдында «Халық тарих толқынында» ғылыми зерттеу бағдарламасын жүзеге асыру міндеті қойылды.
Ғылыми бағдарламаның мақсаты алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме негізінде қазақ этносының объективті тарихын және оның ежелгі заманнан қазіргі кезге дейінгі тарихи тағылымы, этникалық және мемлекеттік территориясының тарихи қалыптасуы, Қазақстан халықтарының полиэтникалық қалыптасу кезеңдерін қайта жасап шығару болып табылады. Ғылыми бағдарламаны 2014-2016 жылдары жүзеге асыру көзделіп отыр.
Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: Қазақстанның тарих ғылымын алдыңғы қатарлы әдіснама және әдістеме арқылы сапалы секірісті жүзеге асыруына жағдай жасау; қазақтың ұлттық тарихының көкжиегін кеңейту; ұлттық жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл бастамасының кездейсоқ пайда болған жоқ. Тарихқа арқа сүйемегеннің болашағы бұлыңғыр. Жер шарында мән-мағына мен құндылықтардың мылтықсыз майданы күн сайын жүріп жатқан қазіргі кезде тарихи жадыны сақтап қалу - жалпы өзіңді-өзің сақтап қалудың жалғыз жолы.
Бүгінгі күні Қазақстанның қазіргі заманғы тарих ғылымының алдында маңызды міндеті тұр: еліміздің азаматтарының мінез-құлқы мен санасында болып жатқан логикалық өзгерістерді, әлемдік тарихнама тәжірибесін ескере отырып, жаңа теориялық-методикалық мақсаттармен қазақ халқының тарихын қайта жаңғырту тұр. Уақыт пен қоғам тарихшы ғалымдардан Қазақстан территориясында тарихи үрдістерді тек тарихи зерттеулерден басқа зерттеудің пәнаралық сипаттағы кешенді тәсілін талап етеді.
ҚР БҒМ ҒК философия, саясаттану және дінтану Институты «Халық тарих толқынында» ғылыми зерттеулер бағдарламасы шеңберінде үш ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асырады:
...