Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мәдени мұра бағдарламасы

Автор:   •  Апрель 28, 2018  •  Лекция  •  642 Слов (3 Страниц)  •  3,545 Просмотры

Страница 1 из 3

                                        Мәдени мұра Бағдарламасы:

2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті. Оның қарастырылатын бірнеше аспектілері бар: ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағытталған; екінші маңызды аспектісі – әлемге бай ұлттық  рухани қазынасын ашу; үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру;

«Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы бүгінгі күні кезеңімен жүзеге асылуда: 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырмажылға ұзақмерзімді бағдарлама әзірленуде. Мемлекеттік бюджеттен мәдени мұраны жүәелендіруге, сақтауға және дамытуға маңызды құрал бөлуге қарастырылған. Бірінші кезеңде 2,7 млрд.теңге, екінші кезеңде – 4 млрд. аса, үшіншіге – 5 млрд.аса қаражат бөлінді.  

«Мәдени мұра»  мемлекеттік бағдарламасы келесі бағыттыр бойынша жүзеге асырылды: тарих және археология ескерткіштерін жүйелендіру, сақтау және қалпына келтіру. Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2млн астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, Қожа Ахмет Яассауи мовзолейі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген, ендігі кезекте ЮНЕСКО тізіміне ескі Отырар қалашығын қосу болып табылады. Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңыздағы 218 объект және жергілікті маңыздағы 11,5 мың объект кірді. Ең маңызды жоба Дамасктағы Сұлтан Бейбарыстың мовзолейін қалпына келтіру болып табылады. 1266 жылы Бейбарыстың өзімен салынған бұл кешен мектептен , мұражайдан және мовзолейден тұрады. Жұмыс барысында кешеннің қабырғалары мен сәулет пішіндері бекітілген, сериялық мамандарды шақыртумен нақыштарға, әшекей рәсімдеулерге, 200 мыңнан аса раритетті кітап сақталатын мұражайға қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталды. Каирдағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру шеңберінде қазақстандық тарап жұмыстарды қаржыландыру бойынша барлық міндеттерін орындады. Сондай-ақ Дамасктағы тарихи мәдени орталығының және Әл-Фараби мовзолейінің құрылысы жалғасуда, ол мешіттен, тарих және мәдениет бойынша экспозиялық залдардан, оқу залы бар кітапханадан, конферец залдары мен қонақ үйлерден тұрады.

«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді.

Қазақстанның еуразиға және әлемге танылған,кеңінен танымал ескерткіштерінің арасында- сайрам,Отырыр,Тараз,Қаялық  Сығанақ,Жаркент,Жент ескі қалалары,Есік,Берел зираттары,Тамғалы пероглифі,Айша-бибі,Бабаджа-Қатын кесенесі,Яссауи кешені.

«Біздің елімізде мысыр пирамидалары және Римдік Колизейлер жоқ,бірақ Қазақстан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің ролі Еуразия үшін ғана емес,сондай- ақ әлемдік тарих үшін бағасыз».Біз дала өркениетінің ұлылығын әлемдік деңгейде көрсетуіміз керек –бұл «Мәдени мұра» бағдарламасының басты тапсырмаларының бірі –Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өтті.

...

Скачать:   txt (10.5 Kb)   pdf (59.2 Kb)   docx (12.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club