Android studio - бағдарламасы
Автор: Yelaman Imanbakiev • Январь 2, 2018 • Реферат • 3,224 Слов (13 Страниц) • 4,465 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе 3
Негізгі бөлім 4
Android studio - бағдарламасы 4
FIREBASE-бұлттық қізметі. 5
Практикалық жұмыс: 6
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиет: 19
Кіріспе
Мен, Иманбақы Еламан бұл курстық жұмыста онлайн конференциясының мобильді қосымшасын құру тақырыбында жаза отырып Android және бұлтты қызметтердің және қосымшалардың провайдері Firebase-бағдарламасымен жұмыс жасадым. Осы бағдарламаның негізінде ұялы телефонға арналған платформасында жүктелетін мобильді бағдарламасын құрдым.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бұл бағдарламада электрондық поштаға авторизацияны пайдалана отырып, авторизациядан кейін кірісі бар экран ашылып, жіберу түймешігі мен хабарлар тізімі ашылады. Бұл тізім осы бағдарлама орнатылған барлық құрылғыларда хабарларды және өзіне келген барлық хабарларды көрсете алады. Бірінші батырманы басу біздің жобаны Firebase қызметіне байланыстырады. Сізден Google есептік жазбасына кіру сұралады.
Осы жобада біз, Android бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрене отырып Firebase бұлттық қызметін қолданамыз Сіз өзіңіздің жеке серверінізді құра аласыз. Сіз тек қана кодты жазу арқылы жұмыс істейді. Мысалы, біз push хабарландыруларын дерекқорға енгізу арқылы бірге жібере аламыз (мобильді мессенджерлар үшін өте маңызды функция).
Негізгі бөлім
Android studio - бағдарламасы
Android — ықшамды (желілі) операциялық жүйе. Android Studio - Google I / O конференциясында 2013 жылдың 16 мамырында жарияланған Android платформасымен жұмыс істеуге арналған интеграцияланған даму ортасы. Android Studio JetBrains IntelliJ IDEA бағдарламалық жасақтамасына негізделген, ресми Android қосымшаларын әзірлеу құралы. Android платформасы үшін ресми бағдарламалау тілі ретінде пайдаланылған Kotlin тілін жариялады. Ол Linux ядросының негізінде жасалған және коммуникаторлар, планшетті компьютерлерге, санды ойнатқыштарға, қолсағаттарға, нетбуктар мен смартбуктарға арнап жасалынған. Алғашында бұны Android Inc. компаниясы жасап жатқанды, кейіннен бұл компанияны Google сатып алды. Содан кейін Google қазіргі кезде осы платформаның дамуына ат салысып жүрген Open Handset Alliance (OHA) альянсын құруға ынта білдірді. Android Google кітапхана арқылы жасалынған басқару құрылғысымен Java-қолданбалар жасауға мүмкіндік береді. Android Native Development Kit Си және де басқа да бағдарламалау тілінде жазылған қолданбаларды жасай алады.
Android-тің өңдеу ортасы сияқты басты қымбаты оның API болды.
Android қосымшаларға бейтарап платформа болып, телефонның ажырамас бөлігі, бағдарламаларды құруға мүмкіндік береді.
Келесі тізім Android мінездемесін безендіреді:
- лицензияны қолдану, тарату мен өңдеуге кететін шығынның болмауы, сондай-ақ дайын бағдарламалық өнімнің сертификаттау механизмі;
- Wi-Fi-құрылғыларға қолжетімділік;
- телефония мен деректерді жіберуге арналған GSM, EDGE және 3G желілерінде, қоңырау шалып, қабылдауға болады және SMS жіберіп, қабылдауға болады;
- навигациялы қызметтермен жұмыс істейтін комплексті API , мысалы GPS; - мультимедиялық құрылғылардың толық бақылауы, оған тағы камера мен микрофоннан ақпаратты жазу немесе орындау жатады ;
- сенсорлық құрылғылармен жұмыс істеуге арналған API;
- IPC-хаттамаларды жіберу;
- жалпы деректер үшін қойма;
- фондық қосымшалар мен процесстер;
- виджеты для «Рабочий стол» үшін виджеттер, Тірі каталогтар (Live Folders) және Тірі тұсқағаз (Live Wallpaper);
- бекітілген WebKit браузер базасындағы ашық алғашқы кодтар мен HTML5 қолдауымен орнатылған браузер;
...